«М??алімдерді? к?сіби желілік ?о?амдасты?ын бас?ару ??ралдарыны? бірі ретінде циклограмманы ?олдану»


«Мұғалімдердің кәсіби желілік қоғамдастығын басқару құралдарының бірі ретінде циклограмманы қолдану»
Мұғалімдердің өзін-өзі үздіксіз жетілдіруі, педагогикалық ізденістері мен шығармашылығы кез-келген мектепті дамытудағы негізгі шарттар болып табылады.
Сонымен, желілік қоғамдастық жұмысын іске асыру механизмдері қандай?
Осы орталықтың бірыңғай кеңістігінде мұғалімдердің жұмысын іске асырып, оны қалай басқаруға болады дейтін болсақ, бұл ретте мектепте іске асырылған жұмыстардың нәтижесі ретінде циклограмманы пайдалануға болады деп айтуға болады. Яғни, кез келген қызметті іске асыру барысында бірыңғай өзара байланыс, бірыңғай ақпарат алаңы болу керек. Алынған ақпараттар барлығына түсінікті және пайдалануға қолайлы болу тиіс. Желілік қоғамдастық қатысушылары бірлесе жұмыс жасау барысында циклограмма құрастырудың әртүрлі тәсілдері туралы біледі. Желілік өзара әрекеттестікті ұйымдастыру барысында циклограмманы пайдалану ерекшеліктерімен танысады.
Циклограмма құрастыру бойынша практикалық дағдылары қалыптасады.
Сонымен, циклограмма – статистикалық ақпараттардың сызбалық көрінісі, баяндаудың графикалық тәсілі, қызметтің кезеңдері мен оны жоспарлау, яғни қызметті оңтайландыру мақсатында графикалық және мәтіндік ақпараттарды бейнелеудің тәсілі мен басқару құралы.
Циклограмманы бір күнге, бір аптаға, айға, жартыжылдыққа, бір жылға, сол сияқты ұзақ мерзімге де құрастыруға болады.
Біздің гимназиямыздың жұмысын циклограмманың негізінде жоспарлау ай сайын іске асырылады, сол айлық жұмыс төрт аптаға бөлінеді. Соның ішінде әр аптаның жұмысы апта күндеріне бөлінеді, яғни құзыреттілік орталығының ағымдағы айда іске асыратын қызметінің негізгі бағыттары циклограммада көрініс табады. Циклограмма білім беру ұйымындағы жағдай мен мұғалімдердің сұраныстарына байланысты өзгеріске ұшырап отырады.
Аталған ақпараттарды кімнен және қалай жинаймыз дейтін мәселеге келетін болсақ, әрине ақпараттарды мұғалімдердің кәсіби желілік қоғамдастықтарынан немесе деңгейлік курстардан өткен мұғалімдерден деп айтар едім. Ақпараттар алдын ала жиналады және қызметтің белгілі бір бағыттары бойынша, сол сияқты сол кезде қалыптасқан қажеттіліктерге сәйкес бір жүйеге келтіріледі. Осы ақпараттар белгілі бір кезеңге құрылған циклограммада көрініс табады және ақпараттық стендіне ілінеді.
Циклограмманың негізінде жұмыс істеу құзыреттілік орталығының жұмысын анық көруге көмектеседі және орталықтың жұмыстарына негізделген түзетулер енгізуге септігін тигізеді. Біздің ойымызша, циклограмманы пайдалану бұл ғылыми-педагогикалықақпараттың әрбір мұғалімге, қоғамдастық мүшесіне оның кәсіби қажеттіліктеріне сәйкес қолжетімділігі үшін, қызметін анық ұйымдастыру үшін, сол сияқты мұғалімдердің жүйелі түрде қызметтестікте болуы үшін жағдай жасайды. Циклограмма нәтижесінде мектеп мұғалімдерінің, сол сияқты семинарға қатысушылардың кәсіби құзыреттілігі артады. Қоғамдастық жұмысы арқылы және практикалық семинарлар ұйымдастыру арқылы білім беру ұйымдарымен қызметтестікті қалыптастыруға болады. Желілік қоғамдастықтардың жұмысын іске асыруға, он-лайн тәртібінде әріптестерге кеңес беруге, вебинарлар өткізуге мүмкіндік бар. Кәсіби өзара әрекеттестік пен идеялар алмасуды іске асыру үшін порталдар мен желілік қорды пайдалануға мүмкіндік болады.
«Приозерск қаласының №1 ЖББОМ» КММ
Баяндама
Тақырыбы:
«Мұғалімдердің кәсіби желілік қоғамдастығын басқару құралдарының бірі ретінде циклограмманы қолдану»
Орыс тілі пәнінің мұғалімі: Айтбенбетов О.О.