Наурыз – ?лысты? ?лы к?ні!!! т?рбие са?аты
Ғ.Жұмабаев атындағы орта мектебі
Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні!!!
\тәрбие сағаты\
Сынып жетекші: Ахметбекова Г.Х.
Өткізген: Шакирова У.С.
6 «А» – сынып
Боровской селосы
Наурыз– Ұлыстың Ұлы күні!!!
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, видео, суреттер.
Кіріспе
Мұғалім:Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағаттының мақсаты Наурыз мерекесі туралы білімдерімізді ортаға салу. Келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл мерекені "Бәйшешек", "Гүлгардон" не "Гүлнавруз", татарлар "Нардуган", бирмалықтар "Су мейрамы", хорезмдіктер "Наусарджи", буряттар "Сагаан сара", армяндар "Навасарди", чуваштар "Норис ояхе" деп атаған.
«Наурыз» сөзі – біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады.
Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ СР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді.
Наурыз мерекесіне қандай дайындықтар жүргізілетінің атайық:
1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.
3-оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіс судан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер» деп атаған.
4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
6-оқушы: Қош келдің Наурызым Ардақты,Халқым саған бар үмітін арнапты.Жылда осылай келе бергін жасарып,Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
7-оқушы:Бауырласқа тәнтіміз,Бұзылмаған салтымыз.Кең даламның ежелгі,Қазақ деген халқымыз.Өзге ұлттай біздің деБар дәстүр мен салтымыз.
8-оқушы: Жыл басы - Наурыз, мереке!Ақ нұрға әлем бояндыНаурыз тойы берекеТіршілік жаңа оянды.
Мұғалім:Өз арамызда Наурыз мейрамына орай кішігірім жарыс өткізейік. 22 наурыз кун мен түннің теңелуі. Соған байланысты топ аттарын «Күн» және «Түн» деп атадық.
1-тур. Плакатқа қазақтың ұлттық тағамдарын іліңдер! Әр дұрыс тапқан тағамға 2 ұпайдан беріледі.
2-тур. Әр топқа Наурыз мейрамына байланысты 6 сұрақтан қоямын. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі. 2 минуттан уақыт беріледі.
«Күн»:
Қазақтың салт-дәстүрлерің атаңдар.
Наурызға байланысты ұл-қыздардың есімдерің атаңдар.
Төрт-түліктің аталарың атаңдар.
Ырым-тыйымдарды атаңдар.
Наурызнама – деген не?
Ер жігіттің өмірімен байланыстыратын Жеті қазынаны атаңдар.
«Түн»:
Сүттен жасалатын тағамдарды атаңдар.
Саусақтардың атауларың атаңдар.
Наурыз тойында ойналатын ойындарды атаңдар.
Қазақ батырларын атаңдар.
Қазақтың ұлттық киімдерің атаңдар.
Наурыз мейрамына бата беріңдер.
3-тур. Ұлдар арасында өткіземіз.
Енді жарысты қортындылау үшін әділ-қазыларға сөз береміз. Эльмира Дүйсенбайқызын ортаға шақырамыз.
Марапаттау.
Мұғалім: Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Сау болыңыздар!