План урока по воспитательному работу на тему Алтын к?з
0
Тақырыбы: Алтын күз1 - жүргізуші:Көк аспаным мөлдіреп,Шуақты көзім елжірепАсыр салып жүретінСары көйлегім желбіреп,Айтшы НұртуғанБұл қай мезгілдің келгені.2 - жүргізуші:Жайдары күз, жарқын күзАяулы күз, алтын күзДәнге толы ен даламДариядай шалқар күзАқбота бұл Алтын күздің келгені.1 - жүргізуші:- Армысыздар Қымбатты мырзалар мен ханымдар!2 - жүргізуші:- Қайырлы күн, Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі жас достарым. Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!1 - жүргізуші: - Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көші де егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге сезімталдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.2 - жүргізуші: Олай болса, бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырамыз.1 - жүргізуші: Қарсы алыңыздар! Балымыздың үміткер ханзадалары мен ханшайымдары1 - жұп 3 – жұп 5 - жұп2 - жұп 4 - жұп2 - жүргізуші: « Аяулы күз, Алтын күз - 2015»байқауының үміткерлеріне ақ жол тілеп қошемет көрсетейік, құрметті көпшілік.1 - жүргізуші:Әділқазы, ақ қазыға бір сәлемӘділдікке бас иеді күллі әлемЖүйрік озар сайыстарда неше бірСарапқа сал әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!2 - жүргізуші; Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздарБағдарламамыз 6 кезеңнен тұрады.1 - кезең: «Кел танысайық» (үміткерлерді жеке - жеке таныстырады)2 - кезең Ситуациялық сұрақтар3 - кезең. Өнер сайысы (екеуінің де өнері тамашаланады)4 - кезең. «Жұптасу» ойыны5 - кезең. Сән үлгісі (жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсынады)6 - кезең. Балл биі (үміткерлердің жұптасып билеу мәнерлері бағаланады)Ескерту: Әділқазылар алқасы үміткерлеріміздің бағасын жеке - жеке шығарады. Яғни аруларға бөлек, жігіттерге бөлек баға қойылады. Ең төменгі балл - 3, ең жоғары балл - 5.1 - жүргізуші:Құрметті көпшілік көрерменімЖақсылыққа әрдайым артқан сенімАқжол тілеп үкілі үміттергеТаныстыру шартына кезек бердім.2 - жүргізуші: Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.1 - жүргізуші:Күз келді, хан мен ханшайымӨткізді күзгі бал айынАғызар сөйлеп сөз майынАл ханымыз ақылдыБарша жұртты шақырдыБи де билеп ән айтты.Қуаныштан шалқыды.Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөлімі «Ситуациялық сұрақтарға» кезек берейік.жүргізуші:Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,Сарғыш тартып мынау дала, атырап.Күн шуағын жинай алмай тұрғандайҚатар - қатар шөмелеге шашып ап.1 - жүргізуші:Баршаға өнер сүйер жар саламыз,Үкілі үміттерді қарсы аламызКүйге енейік баршамыз ерекше бірСіздер үшін би билеп, ән саламыз.Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.жүргізуші:Өз өнерін көрсететін бірінші жұбымыз...............Қалған үміткерлерді сахнаның сыртында хабарлап отырады.1 - жүргізуші: «Жастар биі» орындайтын:2 - жүргізуші: Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезегімізге өтейік.«Жұптасу» ойыны яғни «Сиам егіздері» деп аталады1 - жүргізуші:Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,Дархандықты қазаққа дала берген секілді.Еркелікті, ерлікті желден салған секілді,Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді - деп Қадір Мырзалиев ағамыз жарлағандай әнге кезек берейік.Ән:жүргізуші:Бар сұлулық құйылған бір басына,Жарасып - ақ тұр бәрі сұлбасына,Бетін шымшып жауратып күз салқыныЕркелейді еріксіз сырласынаЕндігі кезекте жұптарымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар. Бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық!Ән:жүргізуші:Көркіңменен жаз жадырап күліп күзСұлулықты көргенге үміттімізҚуаныш сыйлай берші бал татығанБиімен айналады қылықты қыз.Енді әдемі шарттарымыздың бірі «Бал биі»Үміткерлеріміз әдемі әуенмен ырғақты билеп, өздерін бүгінгі балдың нағыз ханзадасы мен ханшайымы екендерін көрсете білулері тиіс.2 - жүргізуші: Сонымен Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза, адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойына сіңірген арыстандай айбатты, жолбарыстай жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайықты жігіттерімізбен1 - жүргізуші: Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшайымға лайықты, ақылды да парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге келіп жеттік.Ән:1 - жүргізушіЖеңістер мен жеңілістен тұратынӨмір күрес, жеткізе ме мұратынЖеңбедім, жеңілдім деп ренжімегінҚатысу да бар жеңіс, болсаң егер ұғатын.1 - Жүргізуші:Келешекте әрі талай сайыстар бар,Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдарӨнерлілер көбейсін күннен – күнгеӨмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып, «Аяулы күз, Алтын күз - 2013» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.2 - жүргізуші:Қымбатты көрермендер!Жемпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз?1 - жүргізуші:Жеңісті күндерде кездескенше достар!