Научные работы для воспитательная работа на тему Са?ырау??ла?тар (дошкольники)
Күні: 26. 01. 2017ж
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Мүсіндеу
Тақырыбы : «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»
Мақсаты: 1) Пішіні домалақ және сопақ заттарды илеу дағдысын бекіту. Бөліктерін бір- бірімен біріктіріп ,оңай заттарды мүсіндеуге үйрету.
2 )Балалардың ой-өрісін дамыту,есте сақтау қабілетін дамыту.
3) Балаларға табиғатты аяулауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:сұрақжауап, көрсету, ойын, әңгімелеу, түсіндіру, екіту, домалату, жалпақтау, сөзу, біріктіру.
Көрнекілік:үлгі,саңырауқұлақтың суреті, ермексаз,тақтайшалар, стектер, төсеніштер,сүрткіштер, тиін костюмі,телефон макеті, слайдтар, орман бейнелері, қағаздан қиылған жапырақтар ,жануарлар суреттері.
Қызмет кезеңі Тәрбиеші қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңберӘлемде нұр тыныштық.
Әрбір бейбіт күн ыстық.
Қайырлы таң балалар!
Жарқылдайды даламыз.
Жайнай түсті қаламыз.
Жұмбақ шешу
Бір аяғы,қалқиған қалпағы бар.
Ағаш түбінде тұрағы бар.
Ол не балалар?
Жарайсыңдар ,балалар.
-Балалар, бүгінгі оқу қызметінде «саңырауқұлақтар» жасап үйренеміз.
Балалар шаттық шеңберді орындайды.
Саңырауқұлақ.
Ізденуші -ұйымдастырушылық Осы сәтте макет телефоннан қоңырау үні естіліді.
-Ой, балалар бұл кім екен?
-Алло,саламатсыз ба! Ия, «Боранқұл бөбекжайы», «Ақбота» ІІсәбилер тобы.-Ал, сіз кім боласыз?
–А,саламатсызба ,Күз Ханшайымы!.Бізге арнап салем хат жіберіпсіз.Көп –көп ,рахмет. Казір балалармен бірігіп оны оқып танысамыз.Сіздің тапсырмаларынызды орындауға тырысамыз.Жақсы, сау болыныз!
Тәрбиеші балаларға хатты оқып, тапсырманы сиқырлы себеттен шығарып, балалармен орындайды.
1 Тапсырма.
Жансая:Табиғат туралы тақпақтар айтқызу.
Табиғат ол-анамыз
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз.
Шаттық әнге саламыз.
3 Тапсырма: Күз мезгілінің ерекшеліктерін атау. Жарайсыңдар ,балалар.
-Балалар , Күз Ханшайымы бізді «сиқырлы әлемге» саяхат жасайық .Ой, қандай керемет,әдемі ағаштар,жанында қарандар көптеген жануарлар бар екен.Кәне атап көрейік.Балалар орманда шулауға болмайды.Өйткені, орман иелері бізге ренжіп қалады. Орман олардың үйі.
Балалар ,орманда бір дыбыс естіледі.
(Ортаға тиін киімін киілген тәрбиеші жылап келеді.)
-Саламатсыз ба, балалар!Көмектесіндер маған.Мен қысқа азық қылатын саңырауқұлақтарды таба алмай жүрмін.Маған көмектесіңдерші.Балалар тиінге көмектесесіз бе ?.Олай болса саңырауқұлақтар жинап көрейік.
Тәрбиеші балалармен бірігіп жан-жағына қарайды.Балалар шебер орталығына барып, тиінге өзіміз ермексаздан жасап берейік.
Бөліктерді атап беріндер.Олардың пішіні қандай?
Саңырауқұлақтарды орыс тілінде-«грибы» деп атаймыз,Бірге қайталайық
(Слайдтар көрсету)
Саңырауқұлақ әртүрлі жерлерде өседі,кейде топ-топ болып топталыпта өседі.Олардың ішінде улы және жеуге жарамдысы да болады.
Улы саңырауқұлақты қалдырамыз да,жарамдысын жинаймыз. Саңырауқұлақтардын атауларын айтады(шыбынжұт,бөз арамқұлақ,жалған түлкіжем,,төреқұлақ,ақ саңырауқұлақ,қозықұйрық), қай ағаштардын жаңында өсетін және олармен орман иелері көріктенетін туралы әңгімелеседі.
Тәрбиеші: Бүгін біз саңырауқұлақты мүсіндеп үйренейік. Ең біріншіде өзінің үлгісіне назар аударады. Оның түсін, саңыраулаққұлақ түрін, пішін туралы сұрақтар қойып талдау жасайды.
Әрі қарай мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді.Алдымен ермексаздың бір кесек бөлшегін алып,оны шұжық тәрізді алақан арасына салып есеміз,ол саңырауқұлақтың сабағы болады.Келесі кесек бөлшекті алып алақан арасына салып немесе тақтайшаға қойып айналдырып домалақтаймызда оны шеттерін саусақтармен басып,жалпақтаймыз.Бұл саңырауқұлақтың қалпағы.Енді екі бөлікті бір-біріне біріктіріп,олардың сырттарын тегістейміз. Ауада көрсеткен тәсілдерді қайталап бекітеді.
Тәрбиеші балалардың қандай саңырауқұлақты таңдағанына қарап отырып,сондай түсті ермексаз пайдалануына жағдай жасайды.
Сергіту сәті.
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
«Күн мен жаңбыр» ойыны
Шарты: Тәрбиеші «күн шықты»дегенде саңырауқұлақ теріп жүреді. «Жаңбыр жауды»дегенде қолшатырдың астына жиналады.
Балаларды орындарына отырғызып,жұмыстарын талқылау.
Күн суытады, аспанды бұлт торлап жаңбыр жауады., жемістермен көкөністер піседі,ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.,далада егін жиналады.
Қоян,тиін,түлкі,
кірпі.
-Грибы Саңырауқұлақтар
Ия.
Қалпағы,сабағы.
Сопақша,дөңгелек.
Тамаққа, емге пайдалануға болады.
Балалар слайдтар көреді.
Балалар жұмыс жасайды.
Балалар қимыл жасайды.
Балалар топтарына бөлінеді.
Балалар тәрбиешімен бірге қимылдарды қайталайды.
Балалар ойынға қызыға қарайды.
Рефлексивті -коррекциялаушыОртаға жинап жасаған жұмыстарытуралы сұрауДидактикалық ойын: «Тез құрастыр».
Шарты:Балаларға екіге бөлінген суреттерді құрастыртамын.
-Саңырауқұлақтың неше түрі бар?
-Саңырауқұлақ қайда өседі?
-Саңырауқұлақты жеуге бола ма?
Тиін: Рахмет, балалар мен сендерге ризамын. Маған көп саңырауқұлақтарды жасап бердіндер. Енді мен үйіме қайтайын, сау болыныздар. Балаларға сый тастап кетеді.
Балалар, біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Балалар, біз қайда бардық ?
Кімге көмектестік?
Тиінге не жасап бердік?
Қоян,саңырауқұлақтар, кірпі.
Екі. Улы саңырауқұлақтар, жеуге жарамды саңырауқұлақтар
Орманда.
Жеуге,емге.
Екі: қалпағы мен сабағы.
Сау бол,рахмет!
Орманға .
Тиінге.
Саңырауқұлақ
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:саңырауқұлақтар туралы танымы кеңейіп,неше түрге бөлінетінін білу керек.
Нені игерді: балалар өздеріне таныс бірнеше бөліктен тұратын заттарды мүсіндеуді игередіНені біледі:ермексаздан саңырауқұлақ жасап үйренді.
«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК
«Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»
(ашық оқу қызметі)
Өткізген: А.Тынышбаева2017ж