Урок по казахскому языку на тему Ма?жан Ж?мабаевті? ?мірі мен шы?армашылы?ы.


Б.Момышұлы атындағы АРӘМи
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы»
11 Д сыныбы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Г.Д Тлеуова
Алматы 2014ж
Күні: 9.10.2014
Сабақтың тақырыбы: «М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы» Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу.
2. Дамытушылық:
а) Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру. ә) Ойлау белсенділігін, ой-өрісін, сөздік қорын молайту.б) Мәнерлеп, сауатты оқи білуге баулу.в) Оқыған мәтінді түсінуге, оны өз сөзімен айта білуге үйрету.Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту.Сабақтың көрнекілігі : М. Жұмабаевтың портреті.Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.ІІ. Үйге берілген тапсырманы қайталау.Ж.Аймауытовтың өмір жолы, шығармашылығы туралы хронологиялық кесте бойынша жұмыс.Ш.Негізгі кезең.1. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады.2. Оқушылар тақтада жазылған Ж.Әбдірашевтің сөзін оқиды, суретке назарын аударады.Алтын алашқа құрбан болған ақ жаны,Ақындықтың мұздай мөлдір маржаны.Жұмабайдың Мағжаны деп таны да,Ұлы Абайдың ұрпағы деп басынды и!3. Сөздік жұмысы.4. Мәтінмен жұмыс.а) оқулықтағы мәтін оқылады.ә) деңгейлік тапсырмалар орындалады. (мәтін бойынша оқушыларды сөйлету.)І деңгей ( міндетті) Мағжан кім?Ақынның өмірі мен шығармашылығына кестені толтырыңдар, айтып беріңдер.. Кім? Туған жері, туған жылы. Білімі Шығармалары АудармасыІІ деңгей (алгоритімдік деңгей) М.Жұмабаевтың шығармашылық жолы.Мәтінде берілген мерзімдерді сөйлетіңдер:Мерзімдер Орын алған оқиғалар1905 жыл Қызылжардағы медресеге оқуға түседі, оны жақсы бітіріп шығады. 1913 жыл Шарықтау шегі1938 ------------------ату жазасына кесілу1929 ------------- қуғын-сүргінге ұшырайды1916 ----------М.Дулатұлынан сабақ алады.1913 -------- Омск қаласы. мұғалімдер семинариясы1912 ------- «Шолпан» деген өлеңдер жинағы1905 --- медреседе оқығанШ деңгей (ізденімдік деңгей) мүмкіндік деңгей «Дарынды тұлға»Мәтінге сүйене отырып, өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға екенін көрсету.Дарынды тұлға(Жоғары білімді,Шығыс пен Батыстың поэзиясын жетік білген, өлең сөзінің күші мен қуатын жақсы түсінген, ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы,поэзиясында азаматтық,философиялық,махаббат, табиғат лирикасы ұштасып жатады, аудармашы ...)ІҮ деңгей ( шығармашылық деңгей)Мағжан шығармашылығына берген ұлы адамдар бағасы туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.Мысалы. «Қазақтың Пушкині» В.Я.Брюсов«Мағжан мәдениеті зор ақын. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі деп білемін» М.Әуезов5. М. Жұмабаевтың өлеңімен танысу.а) Мотивация. ( мұғалім оқушыларға Мен кіммін? Деген сұраққа жауап беріңдер деп 2-3 мин. бөледі.)ә) Өлеңді мәнерлеп оқып шығыңдар.б) өлеңді түсіну үшін және бекіту үшін деңгейлік тапсырмалар орындалады.Мен кім? І деңгей.
Өлеңді мәнерлеп оқып шығыңдар.Өлеңдегі сұрулы сөйлемдердің қызметін анықтаңдар.Өлең кім туралы?ІІ деңгей.
Ақын «Мен кім?» деген сұрағына өзі қалай жауап береді?Өзін немен теңейді? ( «Теңеу» терминге түсінік беру)Ш деңгей.
«Сөз сыры» . Өлеңде берілген сөздердің мағынасын түсініп, сырын ашу.Айбат, жер еркесі, көпке нұрым шашамын, тұлпармын... ( айбат – қаһарлы, күшті..., неге желді жер еркесі деп теңейді? –азат..., көпке нұрым шашамын – күнмен теңеп тұр ..., ...)ІҮ деңгей.
Өлеңнің бір шумағын аудару жұмысы.Мен өлмеймін. Менікі де өлмейді.Надан адам өлім жоғын білмейді.Өзім – патша, өзім –қазы, өзім биҚандай ессіз не қылдың деп тергейді(Бұл жолдар оқулықта берілмеген)ІҮ. Қорытындылау1. Сабақта кімнің шығармашылығымен таныстық?2. Қандай өлеңді оқыдық? (өздерінің ой-пікірлерін білдіреді)3. Мұғалім бір шумағының аудармасын оқиды.( өздерінің аудармаларымен салыстырыңдар да сөздің өткірлігіне, сұлулығына, нақтылығына ... назар аударыңдар, ойланыңдар)Я не умру и не сгорюВедь я творец, и я творю,Ведь сам я царь и сам судьяНикто не смеет судить меня.Ү. Үй тапсырмасы Өлеңді жаттау.