Презентация М.Ж?мабаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ы
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды. Мағжанның барлық өмірі-поэзиясында Мағжан-ұлы ақын Мағжан-лирик,сыршыл ақын Мағжан-эпик ақын «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайдысүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым,алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Бұдансоң Мағжанды сүйемін. ... Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып,артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» Мұхтар Әуезов «Мағжан –Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір» Ғ.Ибрагимов Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Жүсіпбек Аймауытов Қазақ тіліКүш кемiдi, айбынды ту құлады,Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсендеҚан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құсты қос қанаты қырқылды,Күндей күштi күркiреген ел тынды.Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды! Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,Тарап кеткен балаларыңды бауырыңаАқ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм! «Мен кім?» Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,Көз қырымен күліп қана қарармын.Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,Надан адам өлім жоғын білмейді.Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,Қандай ессіз не қылдың деп тергейді? Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты –Қырандай күштi қанатты.Мен жастарға сенемiн!Көздерiнде от ойнар,Сөздерiнде жалын бар,Жаннан қымбат оларға ар,Мен жастарға сенемiн!Жас қырандар – балапан,Жайып қанат ұмтылған.Көздегенi көк аспан.Мен жастарға сенемiн!Жұмсақ мiнез жiбектер.Сүттей таза жүректер.Қасиеттi тiлектер –Мен жастарға сенемiн! МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМIН Тау суындай гүрiлдер,Айбынды алаш елiм дер,Алтын Арқа жерiм дер,Мен жастарға сенемiн!Қажу бар ма тұлпарға,Талу бар ма сұңқарға,Иман күштi оларда,Мен жастарға сенемiн!...Алаш айбынды ұраны,Қасиеттi құраны,Алаштың олар құрбаны,Мен жастарға сенемiн!Мен сенемiн жастарға.Алаш атын аспанғаШығарар олар бiр таңда,Мен жастарға сенемiн! ПОЭМАЛАРЫ: (1922—1927) Қорқыт Қойлыбайдың қобызы Батыр Баян Жүсіп хан Өтірік ертек Тоқсанның тобы Қара сөздер (1923) Шолпанның кінәсі (әңгіме) АУДАРМАЛАРЫ (1912—1924) Бала мен құс Ертеңгі сәулелер Шалдың үміті Тұтқын Әбу ФирастанКүн шығады да, батадыАрабтан ДәрігерОрман патшасы т.б Ақын болу дегенің-теңіздейін тебірену,Ақын болу дегенің-анадайын емірену.Ақын болу дегенің-арыңа бір шық тұрмау,Ақын болу дегенің –жүректерді тұтқындау Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі ЖоспарҚасиетті Түркістан – бабалар мекеніТұран жері – түркілер еліКең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрікТұран топырағындағы ұлы тұлғаларТуған жер – тұғырың «Түркістан» өлеңін өлең құрлысына талдау 3 4 4Шер батса// кім іздемес// туған елін,3 4 4Тұлпар да // көксемей ме // туған жерін? 3 4 4Арқаның // ардагері - // қалың алаш, 3 4 4Тұран да // біле білсең, // сенің жерің! Шығармадағы эпитетті табу: ер түрік кең ақылотты қайратжүйрік қиялотты желерке бұлақ Метафора: от болып туғанотқа ұқсапАрқаның ардагері – қалың алаш алаштың арыстаны Бекіту сұрақтары: «Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа жазылған?Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсінеді. Оның себебі неде?«Ер Түрік» дегенде «ер» деген эпитеттің ақынның қолданысындағы мәні неде деп түсінесіңдер?«Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,Түріктен басқа от болып жан туып па?Көп түрік енші алысып тарасқанда,Қазақта қара шаңырық қалған жоқ па?!»Ақынның айтайын деген ойын аяқтаБұл өлең қандай лирикаға жатады? Мен өлмеймін ,менікі де өлмейді,Надан адам өлім жоғын білмейді,Өзім-патша ,өзім қазы,өзім биҚандай ессіз не қылдың деп тергейді? Үйге тапсырма: «Түркістан» өлеңінен үзінді жаттау. «Жыр толғау». «Сыр толғау»