Жыл бойы ?ткенді ?айталау
Қысқа мерзімдік жоспар
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттен өтілген тақырыптардан алған білімдерін қайталау, пысықтау. Оқушылардың тіл байлықтарын арттыру, шығармашылық қиялын жүйелеу.
Оқыту нәтижесі: Шығармашылық ізденіске бағыт алады. Көркем әдебиетке қызығушылығы артады.
Түйінді идеялар: Әдебиет сөз өнері болып саналатындығын танып біледі. Сыни көзқарастары қалыптасады.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Диалог, топпен жұмыс, ой толғау, миға шабуыл, «Тұлғаны танып біл», «Түймедақ» «Аяқталмаған сөйлем»
Қолданылатын ресурстар: Әдебиет майталмандарының портреттері, маркерлер, стикерлер, плакаттар
Сабақтың бөлімдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Кіріспе бөлімі 1.Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді. 1.Сабаққа керекті құралдарын әзірлейді.
2. «Күн сәулесіндегі менің қасиеттерім» психологиялық тренингі арқылы ынтымақтастық атмосферасын құрады.
2.Әрбір оқушы параққа күн салып, ортасына өзінің атын жазады. Күн сәулелерінің орнына өзінің жақсы қасиеттерін жазып, көршісіне береді. Көршісі қалып қойған қасиеттерін қосып жазады, әрі қарай береді.
3.«Түймедақ» әдісі арқылы топқа бөледі. 3.Оқушылар түймедақ гүліндегі атаулардың қай тарауға қатысты екендігін айтып, өз топтарына барып отырады.
1-топ. Халық ауыз әдебиеті
2-топ. XIX ғасыр әдебиеті
3-топ. XX ғасыр әдебиеті
4-топ. Әлем әдебиеті
Негізгі бөлім 1. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі: «Біз әдебиетті сүйеміз, себебі..........» деген сөйлемді аяқтауға нұсқау береді. 1. Әр топ бірлесе отырып, «Біз әдебиетті сүйеміз, себебі ...» сөйлемін хормен аяқтайды.
2.«Тұлғаны танып-біл» оқыта үйрету ойыны.
Мұғалім оқушыларға қазақ әдебиетінде елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың портреттері бар қағаздар таратады. 2.Оқушылар портреттегі тұлғаның аты-жөнін, ол жазған шығармаларды және т.б. мәліметтерді естеріне түсіруі тиіс. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды. Топтың бір мүшесі ортаға шығып әдебиет өкілі туралы білгендерін ортаға салады, қорғайды.
3.«Әдебиет - мәңгілік» тақырыбы бойынша постер қорғау. Мына тақырыптарды қамту ұсынылады: 1. Әдебиеттен мен не үйрендім? 2. Әдебиет пәні бойынша мені қызықтырған шығарма. 3.«Әдебиет - мәңгілік» тақырыбында өз жұмыстары бойынша постер қорғайды. Әр топ тарау бойынша не үйренгендерін ортаға салады.
4. Сергіту сәті Оқушылар Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әнін әуеніне қосыла отырып, бәрі бірге орындайды.
Қорытынды бөлім «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбына эссе жазуды тапсырады. Оқушылар «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбына эссе жазып, топ ішінен ең үздік деп санағандарын оқып береді.
Рефлексия: «Қолдау» Мұғалім жыл бойына әдебиет сабағынан ұйымдастырылған байқауларға қатысып, белсенділік танытқан оқушыларды марапаттайды.
Оқушылар номинациялар бойынша марапатталады:
1.«Үздік көркем сөз оқушы»
2. «Үздік эссе жазушы»
3. «Үздік шығарма шебері»
4. «Үздік зерттеуші»
5. «Үздік рөл сомдаушы»
Үйге тапсырма: Мұғалім жазғы демалыс кезінде оқуға ұсынылатын көркем әдебиеттер тізімін береді. Көркем әдебиет оқуға тапсырма алады.