О?ытуда?ы ?згерістер ж?не белсенді ?діс- т?сілдер
Оқытудағы өзгерістер және белсенді әдіс- тәсілдерРысжанова Гүлназия Молдашқызы
«Маған айтыңыз –мен ұмытып кетемін, көрсетіңіз- мен есте сақтаймын, қызықтырып, тартыңыз- мен түсінемін!»
Ю.К.Бабанскийдің пікірі бойынша педагогикалық оқытудың технологиялық әдісі - білім беруде тәрбие мен даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша оқушы мен педагогтың арасындағы іс-әрекетті байланыстыратын әдіс тәсілдер. И.Ф.Харламовтың пікірі бойынша оқытудың әдісі- үйретуші мұғалімнің жұмыстары және оқушылардың әр түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындау барысында оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы, оқыған материалдарын меңгеруге бағытталған әдіс -тәсілдер.
Оқу қызметінде пайдаланатын әдіс-тәсілдер, баланың қоршаған ортаны тануына қызығушылық тудыруы керек, ал оқу мекемесі қуаныш орнына айналады.Яғни мектеп оқушыға таным, шығармашылық, қарым-қатынас,қуанышты көңіл күй туғызады.
Әр оқытушы оқыту барысында мына талаптарды сақтауы керек:Әр ұстаз инновациялық әдістемені өз жұмысында қолдану үшін, жүйелі түрде үйренуге талпынғаны абзал
Мұғалімнің жұмысында әдістерді дұрыс таңдауда мына аспектілерді ескерген жөн :Жалпы және нақты оқыту мақсаты, нақты сабақтың мазмұны.Уақытты есеппен пайдалану.Оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың танымдық деңгей мүмкіндіктерін ескеру.Оқушылардың дайындалу деңейін ескеру.Оқу мекемесінің материалдық және техникалық базасы. Сабақтың тартымды әрі нәтижелі болуы мұғалімдердің тәжірибелік және теориялық дайындық деңгейлеріне,әдістемелік шеберліктеріне, оның жеке қасиеттеріне де байланысты болады.
Қазіргі заман сабағы – еркін сабақ, қорқыныш сезімін туғызбайды , салмақ салмайды,демократия негізінде позитивтік бағытта, колобартивті ортада өтетін .Қазіргі заманғы сабақ ерекшеліктерін білу қажет:Колобартивті орта қалыптастыру.Мотивацияны көтеру .Оқушыларды өз бетінше танымдық әрекеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлу. Сабақ барысында сергіту сәттерін өткізу
Бәрі де жұмыс жасайды.Әркімнің пікірі қызық және әрқайсының жетістігі қуантады.Әрқайсы өзінің білім алуда алға жылжуына және бәріне қатысқанына риза. Топ жұмысының жетекшісі ретінде мұғалімге сенім білдіруге, әрқайсы өз пікірін айтуға құқықты.Барлығы өткен сабаққа байланысты өз ойын айта алады. Оқыту жүйесі баланың білімге деген құштарлығын ,ойлану түйсігін оятуы қажет.
Мұғалімнің сабақ беруі әдісі мен сабақта қолданылатын көрнекіліктері оқушыларды қызыға құштарлықпен жұмыс істеуге жетелейді. Құнарлы орта қалыптастыру әр оқушымен дұрыс тіл табысуға көмектеседі, жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағыттайды.