Саба?ты? та?ырыбы: Жануарлар д?ниесіні? ?рт?рлілігі


Шиелі ауданы
№251 М.Әуезов атындағы орта мектеп
Қуандықова Мақпал Қасымбекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Сыныбы: 2 «А»
Күні: 10.03.2014
Сілтеме: Дүниетану 80 бет, дидактикалық материалдар,АКТ құралы
Жалпы мақсаттары: Танымдылық:
Оқушыларды талдау, талқылау, салыстыру және мазмұнын өздері ашуға дағдыландыру.
Эмоциялық: Оқушылардың ой-өрісінің қиял мен пайымдау мүмкіндіктерінің кеңеюіне жағымды орта құру.
Әлеуметтік: Әлеуметтік өзара әрекеттестікке, оқыту арқылы барлық оқушылардың бірдей оқу, оқыту үдерісіне қатысуына ықпал ету;
Күтілетін нәтежиесі: Топтасып жұмыс жасауға, бір-бірін тыңдауға, уақытты тиімді пайдалануға үйренеді.
Негізгі идея: Топтасып жұмыс жасай отырып, танымдық қабілеттерін көрсетеді. Жұптық жұмыс жасайды, сабаққа белсенділіктері артады.
Тапсырма көздері Семантикалық карта
Кіші жоба қорғау
Сәйкестендіру тест
Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық, слайд, карта,суреттер.
Сабақ барысы:
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім мен оқушы немен айналысады)
Мотивациялық кезең: Қызығушылығын ояту
Акт арқылы «Гүл теру» ойынын ойнату. Суреттер арқылы топқа бөлу
Үй тапсырмасын сұрау: «Өсімдіктердің тіршілігі» тарауы бойынша сәйкестендіру тесті
Қатесін тап.
Қыста жапырақтар түседі;
Күзде өсімдіктер көктеп шығады;
Көктемде өсімдіктер пісіп жетіледі;
Жазда өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды.
Кіші жоба қорғау
Жаңа сабақ: Ой қозғау:
Электронды оқулық
Бейне таспадан жануарлар көріністерін көрсету.
Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі Оқушылар оқулықта берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды
1.Суреттегі жануарлардың қайсысы қандай топқа жататынын еске түсіріп дәптерге жазыңдар
Жазу үлгісі:Бақа-қосмекенділер тобы
2.Жануарларды тіршілік ететін ортасына байланысты жабайы және үй жануарлары деп топтастыр
3.Суреттегі үй жануарларын атап, олардың аттарын дәптерге жазыңдар.
Сәйкестендіру тест
Ара Апан
Аю Ұя
Тауық Ін
Торғай Қора
Жылқы Кәрез
Түлкі
Жануарлардың тіршілігіне не қажет?Қажетті жағдайларды теріп дәптерге жазыңдар.(жылу, топырақ,өсімдік,ауа,су)
Сергіту сәті: Музыкамен би қимылдарын жасау.
Күрделі тапсырмалар: Оқы-жап-жаз-айт.Ойын «Кім көп біледі?»Жануарлар
Жеке жұмыс: Суретке қарап эссе жазу.
Қорытынды:

Семантикалық карта
р\с Жануарлар Жыртқыш Өсімдікқоректі Жәндікқоректі
1 Қасқыр + 2 Қоян + 3 Борсық +
Бағалау: Жұпта бағалау (ОүБ-1,2,5), екі жұлдыз,бір ұсыныс
Үйге тапсырма: Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі.