Тараз ?аласы, №45 балаба?ша. ?орша?ан орта. ?ЫЗЫЛ КІТАП


Күні: 24.02.2016ж. Тәрбиеші: Еспенбетова Н.С.
Әдіскер:
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Қызыл кітапқа енгізілген Қазақстан жануарлары.
Мақсаты: 1. Балалардың Қызыл кітап туралы түсініктерін қалыптастыру; жануарлардың жойылып кету себептерін түсіндіру; оларды қорғау жолдарымен таныстыру.
2. Өз елінің жануарлары, олардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту; оларды қорғау үшін адамдардың не істеу керектігі жөніндегі білімдерін дамыту;
3. Туған жерінің табиғатына деген жауапкершілік сезімдерін арттыру; жануарларға қайырымды болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, қорықтар суреті, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: қорықтар, қаскер, қорықшы.
Билингвальды компонент: Қызыл кітап-Красная книга, жойылу-исчезающий, қаскер-браконьер, қорықтар-заповедники, қорықшы-егерь.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

1 2 3
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз,
Балалық шақ үйінің,
Жайнап тұрған күніміз.
Шаттық шеңберін қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Азия муфлоны Маңғыстау облысында Үстірте мекендейді. Олар таулы жерде тіршілік етеді. Өсімдіктермен қоректенеді. Қолға тез үйренеді. Саны азаюына байланысты қорғауға алынған.
Қарақал-мысық тұқымдасына жататын аң. Қазақстанның шөлді аймақтарында, тау аңғарында кездеседі. Құмды жерде жақсы,батпай, жеңіл жүреді. Құлағының сырты қара, ұшында ұзын шашағы бар. Арқасы қоңыр сары, бауыры ақшыл сары. Ол жемін көбінесе түнде аулайды. Өте шапшаң. Өзі ін қазбайды, түлкінің інін пайдаланады. Кеміргіштермен, кірпі, бауырымен жорғалаушылармен қоректенеді. Қарақұйрық-Маңғыстауда, Арал өңірінде, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдалада кездеседі. Тұлғасы сымбатты, құйрығы, тұяқтары кішкентай. Жыл маусымына қарай қоныстарын өзгертіп отырады. Дәмді еті мен терісі үшін көп ауланады. Қорғауға алынған. Ақбөкен (киік)-қойға ұқсас, дөңес тұмсықты,күйіс қайыратын түз жануары. Шөлді, далалы жерлерде тіршілік етеді. Олардың басты жауы-қасқыр. Дәмді еті, құнды мүйізі, тұяғы, әдемі терісі үшін ауланады. Ақбөкенді азаюына байланысты аулауға тыйым салынған.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз бір дем алайық.
Билингвальды компонент.
Қызыл кітап-Красная книга, жойылу-исчезающий, қаскер-браконьер, қорықтар-запаведники, қорықшы-егерь.
Олардың азайып кетуіне алдымен адамдар кінәлі. Қаскерлер олардың кейбіреулерін бағалы терісі немесе дәмді еті үшін аяусыз аулады. Олар мекен ететін ормандардағы ағаштарды кесті немесе кең даланы жыртып, олардың жайылымын азайтты. Адамдар енді ғана оларға көмек көрсетпесе болмайтынын түсініп, әртүрлі жолдарын қарастыр ып жатыр. Сондықтан ғалымдар Халықаралық Қызыл кітапты ойлап тапты. Сондай-ақ әр елдің өз Қызыл кітабы бар.
-Жануарларды не үшін қорғауымыз керек, олардың қандай пайдасы бар?
Қазақстанда оларды қорғайтын қорықтар бар. Қорыққа рұқсатсыз кіруге болмайды. Ол жердегі өсімдіктерді, жануарларды адамдар қорғап, күтіп баптайды. Қазақстанның әр жеррінде орналасқан 10 қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл т.б. қорықтардың суреттерін көрсетеміз.
Дәптермен жұмыс. Жойылып бара жатқан аңдардың суретімен таныса отырып, олар туралы түсінік алады. Олар туралы теледидардан немесе кітаптардан не көргендері жайында әңгімелейді
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Қайталайды.
-Жануарлардың пайдасы өте көп. Олардың терісін, етін пайдаланады, олар табиғатқа ерекше әсемдік береді.
Оларды қорғайтын арнайы орындар, мамандар бар. Оның табиғаты, ол жердегі жануарлардың алуан түрлілігі туралы әңгімелейді.

Рефлексиялық-түзетушілік -Біз бүгін азайып бара жатқан жануарлардың кейбірімен танысып, оған адамның келтіретін зиянын білдік. Ал адамдар тек қана зиян келтіре ме, жоқ әлде қандай да бір пайдасы бар ма?
«Жақсы-жаман» ойынын ойнаймыз.
-Суреттерге қарап, олардың қасына жақсы нәрсеге жасыл дөңгелек, жаман нәрсеге қызыл дөңгелек қоямыз (табиғатқа қамқорлық және қастандық жасап жатқан әртүрлі суреттер ілінеді) -Жануарлардың азаюына кесірін тигізетін адамдардан басқа аңдарды қамқорлыққа алып, көмектесетін адамдар да көп. Біз олардан үлгі алуымыз тиіс. Балалар неге қызыл дөңгелек немесе жасыл дөңгелек қойғанын дәлелдей отырып түсіндіреді.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарларды таниды, атын атайды.
Түсінеді: жануарлардың азайып кету себебін, оған адамдардың қандай зиян келтіретінін.
Қолданады: жануарларға қамқорлық жасауды, жақсы-жаман әдеттерді айыра білуді.