Д?ниетану Жануарлар таби?ат?а ?алай бейімделеді? 2-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Дүниетану Күні: Сыныбы: 2 «А»
Сабақтың
тақырыбы Жануарлар табиғатқа қалай бейімделеді?
Сілтеме 1.Әдістемелік құрал 56-58 бет
2-сыныпқа арналған дүниетану оқулығы
Авторлары : Қ.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.МырзақановаПортал материалдарыМақсаты
Жануарлардың қоршаған орта жағдайына қарай әртүрлі жолмен бейімделуі туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Табиғаттың бір-бірімен байланыстылығы туралы білімдері мен біліктерін дамыту. Табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтижелер
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс Музыка, өзін-өзі тану.
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті жабдықтар
Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспеқағаздар,таратпа материалдар, ватман, стикер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
СабақкезеңдеріУақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе1 мин
3 мин Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларын түрлі-түсті қасықтар арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
оқушылар түсті қасықтарды таңдау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».
Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
«5»- 0 қате
«4» - 1 қате
«3»- 2-3 қате
Тұсаукесер2 мин «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Тақтадан жан-жануарлардың суреттері көрсетіліп, сұрақтар қойылады.
-Бұлар қандай жануарлар? Неліктен үй жануарлары деп атаймыз? Олар немен қоректенеді? Жануарлар тіршілігіне қандай жағдайлар қажет? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім
Білу
5 минут Көптеген тіршілік иелері өздерінің жауларынан қорғану және сақтану үшін маңайындағы заттарға, өсімдіктер мен жануарларға ұқсауға тырысады. Мұндай қорғаныш түс, әсіресе жәндіктерде жиі кездеседі. Көптеген жәндіктер шөптің түсінен айнымайтын жасыл болғандықтан, оларды құстар байқамай қалады. Кейбір жануарлар түлейді. Қоян күзде өзінің сұрғылт тонын қысқа қарай ақ тонға айналдырады. Сол сияқты түлкі, ақтүлкі және ақкіс те түлейді. Қоршаған орта жағдайына қарай және басқа түрлерге ұқсауға тырысу қорғаныш рең (мимикрия) деп аталады. Оның енді бір түрі – өсімдіктер мен жануарларға ұқсауға тырысу. 1.Оқулықпен жұмыс, 84-86 бет.
Түсіну
5 мин
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
«Мағынаны тану»
1.Оқулықпен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.
Мұғалім мәнерлеп оқиды. «Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша мәтінді талдау. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі. Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.
Қолдану
5 мин
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Топтық жұмыс.
«Мені жасыр» ойыны
Қоңыздың, көбелектің , т.б. ақ сұлбасын алады. Оларға сынып ішінде тіршілік етуге бейімделуге көмектесу керек.
Оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды.
Неліктен бұл жолды таңдағанын түсіндіру.
Оқушылар топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды.
Егер қатесіз болса, «5»;
1 қате – «4»
2 -3 қате «3» қойылады.
Сергіту сәті
2 мин Жаз жыл мезгіліне қатысты іс-әрекеттерді айтқызып, орындату.
Кәне, кәне, тұрайық!
Алға, артқа бұрылайық.
Ағаштар секілді тербелейік,
Самал желдей соғайық. Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.
Талдау
5 мин Мақсаты:
Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.
«Мен қандай баламын?» ойыны
«Ойтолғаныс» кезеңі
«Бес жолды» өлең құрастыру.
Бұл ойынды ойнату арқылы оқушылар өлеңнен өздеріне қатысты жолдарды тауып, талдайды.
Синквейн құрастырады.
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Фраза
5.Зат есімге синоним
Жинақтау
8 мин Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау
Жыл мезгілдеріне байланысты жануарлардың қоршаған ортаға бейімділігі
Қорғану үшін басқа түрге ұқсауға тырысатын жануарлар
Қорғану үшін басқа түрге ұқсауға тырысатын жануарлар
«Өрмекші торы» ойынын ойнату. Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.
Қорытынды
Рефлексия 6 мин Мәтін мазмұны бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, сабақты қорытындылау.
Сабақтың мақсатына жеттік пе?
Қай тапсырма сендерге ұнады? Неліктен?
Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар кездесті?
Жаңа сабақ түсінікті ме?
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Білемін. Білгім келеді. Білдім.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.
Үйге тапсырма 1мин Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұндап келу.
Бейімделу туралы үлкендерден сұрап, қызықты ақпараттар жинап келу. Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 2 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.