ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ЗАРДАБЫ (??ГІМЕ)
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
«Зиянды заттар зардабы»(әңгіме)
779145164465
3089080101112Өзін өмір
сүресін
0Өзін өмір
сүресін
Орындаған: Бесенова А.А.
Кітап белсенділері
Зиянды заттар зардабы
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.
Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
Көрнекілігі: Қажетті әдебиеттер, буклет, слайд, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері.
1. Темекінің зияны.2. Есірткі адамзаттың соры.3. Арақтың түрлері.
Темекінің зияны.“ Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық” – деген белгілі фармакологы И. М. Догель. Өйткені адам баласында темекіге деген табиғи қажеттілік жоқ. Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал африка халқы оның дәміне бірнеше ғасыр бұрын тартқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз халымыз Жан Ника да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі дәндерінен бірінші рет темекі өсіріп, өзінің атымен аталған “барлық ауруға қарсы ем ”- никотинді тапты. Темекі түтіні – темекінің жауынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тоздан және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түрінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртегі тотығы, аммиак, күкіртсутегі, формальдегид, фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. Темекі құрамындағы заттар.Темекі түтігінде 4000-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.Шайыр – түтін арқылы адам өкпесіне түседі. Түтін конденсация ұшырап, 70% шайыр өкпеде қалады. Никотин – адамның тәуелділігін жылдам қалыптастыратын есіркелік зат. Темекі түтіндегі никотиннің қанға сіңуінен физиологиялық эффект пайда болады, бұның нәтижесінде жүректің соғуы жылдамдап, қан қысымы жоғарлайды. СО көміртегі – исі мен дәмі жоқ улы газ. Оны адам еш сезбейді, әйтсе де көп мөлшері адамға қауіпті. Ол темекіні тұтатып, ішке тартқанда пайда болады және қандағы гемоглобинмен әрекеттесіп, оттегінің орнын алмастырып қандағы оның мөлшерін төмендетеді. Мүшелер мен ұлпада оттегінің жетіспеуі, ең алдымен, жүрек қан тамыр ауруларын және қан айналымын бұзады.Кадмий – жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады.Формальдегид - өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады.Ацетон – еріткіш, тұрмыста кеңінен пайдаланылады.Бензол – еріткіш, химиялық өнеркәсіпте пайдаланылады.Мышьяк - өте улы (кеміргіштерді құрту үшін пайдаланады). Темекі шегудің зияны туралы жанжақты, әсерлі әңгімелеп беру қазіргі жасөспірімдерде оған деген тұрақты теріс көзқарас, қабыл алмау сияқты әсерлер туғызуы неғайбыл. Қазіргі жасөспірімдерге ол жеткіліксіз. Сондықтан да ата – аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып “әдемі өмірдің” сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуы керек.
Есірткі адамзаттың соры. Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең соры. Олар бірлі-жарым адамды ғана қан ақсатып қоймайды, бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта шабады. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең. Оған қарсы неге күш біріктіреміз? Неге күреспейміз?Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетінбіз. Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта бір жола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата-ана, құрбы құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл дүниеден кешетіні – азап. Есірткі және денсаулық. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Созылмалы қан тамыр аурулары барларда (инфаркт) тамыр бітелу болды. Ұзақ уақыт апиын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады. Сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады.Гашиш адамның денсаулығын зияндап қана қоймай, оны қылмысқа да итермелейді. Медициналық мақсатта мүлде қолданылмайтын есірткіні шегу адамды жындануға, тіпті өлімге дейін итермелейтін жаман әдет.Кокаин қолданған кезде орталық жүйке жүйесіне ықпал жасайды да, жүрек соғуы тездейді, қан қысымы артады және тыныс алуы жиілейді, көп қолданылса өлтіреді.Ұзақ жылдар бойы кокаин қолданғандарда ұйқысыздықтың, рухани қалыпсыздық, өзін өлтіруге бейімделу байқалады. Кокаиннің жүрек бұлшық етті және сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне уытты ықпалы бар. Есірткі қайдан алынады?Есірткі тобындағы заттар, көбінесе көкнәр өсімдігінен екі түрлі жолмен жасалады.1. Көкнәр өсімдігінің ұрық қабығы пісуден бұрын, пышақпен тілгенде аққан сұйықтың күнге кептірілуінен жасалатын апиын сағызынан өндіріледі.2. Піскен ұрық қауашағының құрғақ артықтарынан өндіріледі. Героин деген не?Екі рет қолдан өтуі арқылы өндіріледі. Медициналық мақсатқа мүлде қолданылмайды. Жасалуы да заңсыз. Героин есірткінің 90% болып табылады. Өте қысқа уақытта тым аз мөлшері құмарлыққа апарады. Героиннің ұнтақ түрін искеу, ал суға ез індісін тамырға құю арқылы пайданы лады. Басқа да құмарлық тудыратын заттар.Морфий мен кофеин медицинада ауру басу үшін қолданылады. Гашиш үнді сорасы өсімдігінің түбірі, жапырағы және гүлінен өндіріледі. Құрғақ жапырақтарын темекіге орап тарту ең көп көлемде қолданылатын түрі. Гашиш қолданған адамдарда мишық қызметі бұзылады. Заттар кейде үлкен, не кіші көрінеді. Сондықтан жол апаттарына көп ұрынады.Кокаин Оңтүстік Америкада өсетін кока өсімдігінің жапырақтарынан жасалады. Ақ, мөлдір тұз сияқты ұнтақ 200 кг кока жапырағынан 0,5 кг кокаин алынады.
Нашақорлар жөніндегі соңғы жаңалықтар.Соңғы мәліметтерге жүгінсек, республика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алынған. Арақтың түрлері.
Алкоголь атауы арабша термін болып, кірпіктерді бояуда қолданылатын Упа бейнесіндегі ұнтақ мағынасына келетін "ЕЛ-КҮҰЛ" термін, барлық батыс тілдеріне өтіп, бізге де батыс негізді тілдерден, Түрікше оқылу ф ормасымен Алкоголь болып кірген.Құрамында Алкоголь бар ішімдіктерде химиялық жақтан бір неше түрлі алкоголь болғанымен, ең бастысы Этил (еуі) Алкогол. БҮ-Л зат химиялық жақтан Эталон, жалпылық ретінде де, Дақыл спирті (£гаіп аісоһоі) деп аталады.Арақта болатын басқаша алкоголь түрі де метил алкоголь, немесе Эталон. БҮЛ алкоголь халық арасында көбінесе Этил Спирті ретінде білінеді. Метил (Меіһуіе) алкоголь антифриздерде (қатырмайтын зат) және жанар заттарда болғанындай, кейбір өндіріс орындарында сауда мақсатында да қолданылады. Метил спирті өлтіруші бір у. Өте аз мөлшерінің өзі соқырлыққа және өлімге жол ашады. Жасырын өндірілген арақтарда кейде метил спирті қолданылып, көптеген өлімге себеп болған. Мас деп аталған жағдай қалай туылады?Алкоголь бір түрлі анистетик, яғни, жансыздаушы зат. Ол қан арқылы миға жетеді.Миды денемін басшылық орталығы деп ТҮСІНІҢІЗ, арақ миға келген соң, мидың әрекетіне зиян жеткізеді. Алдымен шешім жасау немесе тергеу қуатын бұзады. Мас адам қате қарарлар береді және есептерін қате есептейді. Одан кейін, адамдардың басты ерекшелігі болған ұялу сезімін өлтіреді. Мас адам, сау кезінде қолы бармайтын ұятты қимылдар көрсеткенін аңғармайды. Арақ осыдан кейін, көруге және сөйлеуге кедергі болады. Мас адам, жалпы алғанда, дөрекі, тәртіпсіз болады, қажетсіз әрі айғайлап көп сөйлейді. Әсіресе арақ, естуі қуатына, мишыққа әсер етіп бұлшық еттердің тәртіпті қимылын бұзады. Сол себепті, мастар көрінгеніндей тәлтіректеп жүреді, денесінің тепе теңдігін сақтай алмайды. Міне, осындай КҮЙГЕ ТҮСКЕН мас адам, ойламайтын, ақылдан адасқан, сыртқы дүниемен қатысы азайған, адамға ең қажетті ұялу сезімі әлсіреген, тек қана тыныс алған, айналым, сіңіру жүйелері автоматты ғана әрекеттенген бір жаратылысқа айналады, бұдан да ілгерілеп ішілген арақ, жоғарыдағы қимылдарды да тоқтатады. Жүрегі тоқтап, тынысы тарылады да ажалға жекелейді. Асырып ішкен арақтан дастарқан басында тұра алмай өлгендер аз емес. Мінеки, маскүнемнің хәлі. Қоғамға рухани және заттық ауыртпалық, қиындық туғызған масыл күйіне түседі. Арак ішкендердің "Маскүнем боламыз" деп араққа бастамайтыны шүбәсіз. Алайда, жүре келе маскүнемге айналып, өмірінде, ақыретінде өлікке алғысыз етеді.Алкоголды арақтар әуелі төте тиген жерлеріндегі органдарды зияндайды. Мысалы, ауызда рак, өңеште қабыну, тіпті қылтамақ рагы, асқазанда бастасында запыран, біртіндеп, асқазан жарасын майданға әкеледі. Тіпті асқазан тесілуіне де жол ашады. Әрі, арақ ас сіңіру жисін бұзады. Ұйқы безін қабындырады. Дененің "химия зертханасы" сияқты болған бауырға арақтың тигізетін зияны ерекше. Бауырдың майлануына, ары қарай циррозға (бауырдың қабынуы), тіпті бауыр рагына апарып соғады. Цирроз дегенде ойыңызға бірден арақ келеді. Себебі цирроз ұзақ уақыт арақ ішкендерде жиі кездесетін, соны өліммен бітетін ауру.Арақ жүйке ЖҮЙЕСІ ҮШІН, әсіресе миға ауыр зақым келтіреді. Арак, ішкен адамның миындағы жүйке клеткалары ауруға ұшырайды, тіпті өледі.СЫРА, ШАРАП, ЛИКЕР ЖӘНЕ ДЖИНАрақтар, спирт пен судан тыс, басқа да ләззат беретін және рең беретін заттарды қамтиды. Алкоголь құрамды арақта азықтық құн болмайды. Суретте, ішіне тең мөлшерде этил спирті қосылған түрлі арақтар көрсетілген. Бір құмыра сыра ішкен адамның денесі, бір тостаған шарап ішкендей этил спирті қабылдағанмен тең болады.
Қорытынды. “Денсаулығыңды ақсатқаның - өзіңді өзің қақсатқаның” – дегендей, әр адам өз денсаулығын қорғай білу керек.
Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Тәлім тәрбие жолында қажет болса үзіп берер шәкірттеріме тілерім толқынға салған арақ, темекі, нашақорлықтан жас жандарыңызды аулық ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер.
Уақытыңызды бос әуреге жұмсап, өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан...
«Кеш қалмаңыз».Келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.