Студенттер к?ніне арнал?ан Студенттік ?мір деген — игі ?мірді? бастауы сценарийі
Студенттік өмір деген – игі өмірдің бастауыМақсаты:Мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, оларға дұрыс бағыт – бағдар беру. Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көрсету.Түрі: Осы мектептің бұрынғы түлектері, қазіргі студенттермен кездесу кеші.Жоспар:1. Концерттік бағдарлама2. Студенттер мен оқушылар арасындағы ойын3. Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары1 - жүргізуші: Кеш жарық, құрметті ұстаздар, студент жастар мен мектеп оқушылары!Қайда менің студенттік күндерім,Жалындаған жастық шағым, күн керім.Дауылдатып, думандатып жүретін,Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.Қайда сол бір асыл жанды достарым?Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген жастарымызбен оқушылар арасындағы кешті ашық деп жариялаймын.2 - жүргізуші:Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,Жан сәулесін тарататын баршаға.Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,Студенттерді шақырамыз ортаға1 - жүргізуші:Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.2 - жүргізуші:Бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға - апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр жаусын. Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу еді.1 - жүргізуші:Асау жүрек жанығып алқынбасын,Бойына біткен шынардай биіктерде,Халқымыздың ән өнері жарқылдасын,- дей отырып, сіздерге арналған шағын концертімізді бастаймыз2 - жүргізуші:Өнерпаздар жарысып сансаналы,Жиын десе, той десе жан салады.Кешіміздің ашылу құрметіне,Әуелеген әсем ән жолданады.Жұмабек Абзал мен Совет Алтынайдың орындауында «Астана» әнін тамашалаңыздар1 - жүргізуші:Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,Төгілген күн нұрының шапағаты.Мың бұралып бишілер би билейді,Халайық, қол соғып қуанышпен.
8-9 сынып қыздары- «Испан биі»2 - жүргізуші:
Ән шашу- Искакова Самал мен Совет алтынайдың орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
1-ші жүргізіші: Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!Әрқашан мерекелік көңіл болсын!Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,Қане, достар, күлкімен орта толсын.
9 сынып – көрініс2 - жүргізуші:Би шашу – 8 сынып қыздарының орындауында тамашалаңыздар.
1-ші жүргізіші: «Көк тудың желбірегені»-бейнеклип
2 - жүргізуші: Ендігі кезекте ойынға береміз.Ортаға 3 студент, 3- оқушы шақырамыз, яғни 2 топқа бөлінеді. Ойынның шарттары: Терминдерді әр топ өздерінше түсіндіруі керек, мүмкіндігінше әзілмен.
Студенттерге қойылатын терминдер:1. Лекция, сессия2. Стипендия, жатақхана3. Аудитория, декан2 - жүргізуші:Оқушыларға арналған терминдер:1. 1 қыркүйек, 25 мамыр, каникул2. Директор, сынып жетекшісі, парталас3. Бақылау, емтихан, тестӘр адамның басында қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік және оқушылық кезеңде шешуін таппас уақиғаларға тап келесің. Ал, сол кезде сендер не істер едіңдер?1 - жүргізуші:Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт. Оқушыларға берілетін жағдай.Сабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып - тыныш. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатыр. Тек бір баладан басқа балалар сабақты мұқият тыңдап отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап, оқушыларға кедергі келтіріп отыр. Тыныш отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ бұл бала осы сабақты түсініп шығуы керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер мұғалім болсаң не істер едің?2 - жүргізуші:Студенттерге берілетін уақиға. Сессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Мұғалім тым қатал. Сенін ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді. Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмек берер едің?
3. «Мамандықтар тізбегі»- ойыныҚазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.
Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары болса рұқсат.1. Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?Айырмашылығы болса қандай?2. Мектепте жүрген кездеріңіз ұнай ма? Әлде студенттік кезең ұнай ма?Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою - бүгін өмір талабы. Кәсіптік бағдар - бүкілхалықтық, мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе.Ортамызға отырған апайлардың студенттерге қояр сұрағы бар ма екен? Сұрақтарын тыңдап көрсек дейміз.
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?
Студенттердің оқушыларға айтар тілектері бар ма екен? Тыңдайық1 - жүргізуші:Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар,Қатарыңның алды бол көшті бастарБиіктерден әрдайым көріне бер.Иесі болашақтың - сендер жастар!2 - жүргізуші:Өмірлерің студенттік мәнді болсын,Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.Қайда барсаң жолдарың ашық болып,Біліміңе бар әлем тәнті болсын! – дей келе бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Кешіміз әрі қарай би кешімен жалғасады. Қош сау болыңыздар!