Маманды?ым-ма?танышым
№30 орта мектебі
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
«Мамандығым-мақтанышым»
Өткізген Алтаева Л.Ж.
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Мамандығым-мақтанышым
Сабақтың мақсаты:
”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру, кәсіби бағдар беру.
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі: видео проектор, плакаттар, сызбалар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
4 топқа топ тастыру
Домино әдісімен
Мұғалім:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әл-Фараби
2670175106680Мұғалім: Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңыздышақтағы ең маңызды шешімдерінің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жасөспірім алдында мындаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді , зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктенөзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар құрғысы келмейді. Біздің мақсатымыз оқушылардың кәсіптік қалыптасыумен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығына психологиялық педагогикалық көмек көрсету.
Мұғалім: Мамандық деген не? (оқушылардан жауап алады)
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез- келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Мұғалім: Мамандық таңдау үшін не керек? (пікірталас)
3ші пікірталас 4топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.
1-топ: Мамандықтардың кәсіби ортасы бойынша анықтамасын табу.
2-топ: Кәсіби орта бойынша сәйкес келетін мамандықтарды табу.
3-ші топ: Жаңадан енген мамандықтарға анықтама беру.
4-ші топ: Қазір кездегі қолданыстан шыққан мамандықтарды атау.
4-ші пікірталас. Аяқталмаған сөйлем
Төрт топқа бірдей тапсырма беріледі. Көп нүктенің орнына өз ойларын жазу, ойды аяқтау.
Жақсы маман ол - ........................ .
Мамандық таңдаған да ............ .
Жақсы маман болу үшін ........................ .
Ендігі кезекті бейнероликке назар аударайық. (ҚР бойынша статистикалық мәлімет)
Сөз кезегін мектеп жантанушысына береміз.
Қазіргі заманда жас мамандарға қойылатын талаптар жөнінде слайд түріндегі ақпарат.
«Көбелек» туралы слайд (сабақты бекіту ,қорытындылау мақсатында)
“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді.” Н.Назарбаевтың сөзімен аяқтаймыз.