Эссе Маманды?ым — ма?танышым


Эссе «Мамандығым – мақтанышым!»
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ереше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бал арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де тңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді.
Ата-аналарым да менің осы мамандықты таңдағанымды қалады десем болады, себебі әкем марқұм өзінің қатарларына менің қара қызым өскенде мұғалім болады деп айтып отырушы еді. Ол кезде мұғалімді қатты құрметтеп, мұғалімнің қарапайым да сыпайы киім киісін, мәдениетті сөзін, әдепті жүріс-тұрысын, жинақы іс-әрекетін, білімін шәкірті де, та-ана да, жұртшылық та өнеге тұтатын. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Бастауыш сынып мұғалімі, бүгінде зейнеткер, менің алғашқы ұстазым Әния Жұмабекова мен математика пәні мұғалімім марқұм Зияш Бірманова да менің мтематика пәніне деген қызығушылығымды шыңдай түскен тәрізді. Осы арманымның орындалуына қолдау көрсеткен, математикадан орта білімі болмаса да, қара жаяу емес әкем мен анамның көп көмегі тиді ғой деп ойлаймын.
Математика пәнінің мұғалімі болу неліктен  ұнайды? Себебі, математика пәні басқа пәндерге қарағанда өзінің қиындығы мен қызығы мол пән. Математика пәнінен сабақ беру кезіндешығарылуы қиындық келті-ретін тапсырмалар не болмаса жауаптары дәл шықпайтын есептер тобы  кездеседі.Осындай  тапсырмалардың  шешімдерін  оқушылармен  бірлесе  отырып табу,талдау мұғалімді де,оқушыны да  шығармашылықпен  жұмыс істеуге жетелейді. Математика пәнін оқушыларға оқытып,меңгерту арқы-лы олардың бойында өмірге деген дұрыс ұтымды көзқарас, жақсы әлеумет-тік жағдай қалыптастыруға,әртүрлі қаржылық талдаулар жасай білуге  және математикадан алған білімдері  арқылы  тәуелсіз  еліміздің  экономи-касын  көтеріп,өркендетуге  болады. Математика  пәнінің  мұғалімі  болып  жұмыс  істеу  арқылы осылардың  бәріне  қол  жеткізуге  болады.
Мен өзім жұмыс істеп жүрген мектебімді — өз үйімдей, өзім сабақ беретін оқушыларымды — өз балаларымдай, бірге қызметтес болып жүрген ұстаздарды өз туыстарымдай өте жақсы көремін десем артық айтқаным емес. Егер мамандық қайта таңдау қажет болса, мен осы ұстаздық мамандықты ойланбастан тағы да таңдар едім. Басқа мамандық туралы бала кезден бастап ойыма да кіріп шықпапты. Қоғам үшін өзіңді жауапты санаудан артық бақыт бола ма? Мен қазір баланың шуынсыз, қоңыраудың үнінсіз жүре алмайтын жағдайға жеткен ұстазбын. Адам өмірінде мамандық таңдаудан қателеспеу керек деген сөз бар ғой, ол шындық екен. Жұмысыңды аңсап бару, қуанып қайту, өзіңнің не бітіргеніңді, енді не істейтініңді білу, бұл — мамандығын сүйген адамның ісі.