План по казахскому языку Дос (6 класс)


Қазақ тілі 6- сынып
Сабақтың тақырыбы: Дос
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Достық туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық. Өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге
баулу.
Тәрбиелік. Достыққа адал болуға, уәдеге, беріктікке,
қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілі: СТО, сұрақ-жауап, диалог, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, сызба, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру, топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату.
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
«Ой шақыру»
«Дос» деген сөзді естігенде қандай ойлар келеді?
Досың туралы әңгімеле.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дос, достық туралы мақал-мәтелдерді тыңдау, ойларын ортаға салу, есте сақтау.
Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
Күлме досыңа, келер басыңа.
Доссыз өмір, тұссыз ас.
Адал дос, алтыннан қымбат
Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады
Досы көпті жау алмайды
Оқулықпен жұмыс.
Қарт пен баланың әңгімесі. 2-тап., 27 бет.
Мәтінді түсініп оқу, ойларын ортаға салу.
Қарияның ақылын дәптерге жазып, есіңе сақта.
Досың ақылды болса, өзің дана боласың,
Досың бала болса, өзің шала боласың.
Адамға ақыл беретін – адал дос.
ІV. Бекіту.
Сұраққа сызба бойынша жауап беріңдер. Сөйлем құрап жазыңдар.
Дос қандай болу керек?
2686050208280002150027628981ДОС
0ДОС
Адал сабырлы сенімді
127543984952306448284952
3173812113168 Адамгершілігі мол
1394708185310
3173813158060 Жомарт
Мейірімді
2806065183267158355264439
Қарапайым
Төзімді
V. Қорытындылау.
Бағалау.
VI. Үй тапсырмасы. «Менің досым» эссе.