Дополнительные материалы по казахскому языку Екі дос (2 класс)


Сынып: «2»Сабақтың тақырыбы: Екі дос

Сөздік:
Достар – друзья
Кімнің? – чей, чья, чье
Ненің? – чего?
Бірге – вместе
спорт үйірмесі – спортивный кружок
1. Оқы, тыңда, есіңе сақта.
Нұрланның досы - друг Нурлана
Досымның отбасы – семья друга
Баланың кітабы – книга мальчика
Мектептің кітапханасы – библиотека школы (школьная библиотека)
Айгүлдің әжесі – бабушка Айгуль
2. Оқы, аудар.
Жандос пен Әлімжан жақсы достар. Олар бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Достар бірге кітапханаға, спорт үйірмесіне барады. Жандос шахмат үйірмесіне, Әлімжан баскетболға қатысады. Екеуі бірге сабаққа дайындалады.
3. Сөздерге тиісті жалғауларды жалғап жаз.
- ның, - нің -дың, - дің -тың, - тің
Бала .... үй ... мектеп...
Досым... дәптер... ұлт...
Адам... қағаз... спорт...
Үйірме... қыз... Әсет...
4. Толықтыр. Әңгімеле.
Менің досым бар. Оның аты - .... , тегі - ... . Ол ... жаста. Оның ұлты - ... Біз бірге сабақ оқимыз, футбол ойнаймыз, ... .

5. Толықтыр.
Свободный – бос, Облако – бұлт,
Друг - ... . Нация - .... .
Корабль – кеме, Отдельно – жеке,
Кружок - .... . Вместе - ... .