Урок по казахскому языку на тему : Дос /1 класс/ 
Сабақтың тақырыбы : Дост
Сабақтың мақсаттары: 1. Оқушыларға өзін және өз досын таныстыруды, досы жайында әңгімеледі үйрету; 
2. Оқушылардың дұрыс жазу, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; 
3. Оқушыларды тәртіпке, тапқырлыққа, достастыққа тәрбиелеу;  
Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру 
Сабақтың түрі: аралас 
Көрнекілігі:  әріптер,  сөзжұмбақ 
Сабақтың барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу, сыныпты түгелдеу, назарларын сабаққа аудару. 
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
Біз сендермен қандай дыбыстармен таныстық? 
Ә, ү, ұ, қ, ғ, ө, һ, ң, і, ы дыбыстарына сөздер ойлату. 
Дене мүшелерін көрсету арқылы сұрап шығу.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
Үйден жазып келген әріп және сөздерін тексеріп шығу. 
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сөздік жұмыс: 
Көп – нурғун, көп 
Өте – наһайити 
Жақсы – яхши
Оқушыларға өзін таныстыруды үйрету.  Бірнеше оқушыға өзін таныстырғызу. «Дос», «Достық»  туралы әңгімелеу. Досқа деген адалдық, шыншылдық туралы айту.  Өз достары жайында сұрау.
ІV. Жаттығулар орындау.
1-тапсырма. Монологті тыңда. 
Менің атым – Әлібек. 
Менің досым бар. Аты – Айбек. 
Ол бірінші сыныпта оқиды. 
Айбек жақсы бала. Ол өте жақсы оқиды. 
2-тапсырма. Сөйлеп үйрен. 
Менің досым бар.  Оның аты - .................
Сенің досың бар.  Оның аты - ................
3-тапсырма. Үлгі бойынша жауап бер.  
Кімнің досы неше жаста?
Үлгі: Анар жеті жаста. 
Сергіту сәтін жасату. 
Оң қолымда бес саусақ, 
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ. 
4-тапсырма. Сөйлемдерді оқы. 
Менің досым көп.  Менің досым жақсы оқиды. 
V. Сабақты қорыту.
- Балалар, бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
- Қане ондай болса бірден тақтаға шығып, әркім өзі және өз досы туралы айтып берсінші. 
VІ. Сабақты пысықтау. 
Сөзжұмбақ шешу.