Ашы? саба? Мені? ойыншы?тарым 
Сабақтың  тақырыбы: Менің ойыншықтарым.
Сабақтың мақсаты:
                   Білімділік:Өткен сөздерді қайталай отырып,
                                    «Ойыншықтар» тақырыбына байланысты
                                      алған  білімдерін тереңдету,кеңейту.
                   Дамытушылық:Оқушыларды өз бетімен  сөйлем құрауға,
                                              сұрақтарға  жауап беруге үйрету және
                                              ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.                                                                          
Сабақтың көрнекілігі:ойыншықтардың суреттері,сөздер жазылған                      
                                      кеспе қағаздар және ойыншықтар.
 Сабақта қолданылатын әдіс:сұрақ-жауап,ойын,әңгімелеу.
 Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
                        Кезекшімен әңгімелесу.
1.Бүгін нешесі?
2.Аптаның қай күні?
3.Қазір қай жыл мезгілі?
4.Ауа-райы қандай?
                          Үй тапсырмасын тексеру.
 1.Өткен сөздерді оқушылардан сұрау.Сол сөздермен мысалдар  айтқызу.                                                       
 Мысалы:Менде қуыршақ бар.
                                        Менің мәшинем бар.                                                                       2.Қазақ тіліне тән дыбыстарды  есте бекіту үшін оқушыларды  екі топқа   бөліп  «Жоғалған әріп» ойының ойнаймыз.
1-топқа:к...тап,к...з,с...т,г...л,сыз...ғыш,с...біз.
2-топқа:т...рт,өш...ргіш,са...ат,ж..зім,алм...рт,қ...с.
                        III.Жаңа сабақ.
а) Сөздік жұмысы.Тақырыппен таныстырамын.
  Жаңа сөздерді тақтаға жазып қоямын.
 Секірді-прыгал
 Ойнады-играл
 Не керек?-что нужно
 Асық-асык
                          а) хормен қайталау
                          ә)жеке-жеке айтқызу
                          б) дәптерлеріне жазғызу
                          в)сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру
Мысалы:Мен секіртпемен секірдім.Ол қоянмен ойнады.
Содан соң Қандай? Неше? Деген сұрақтарды еске түсіріп,сурет бойынша жұмыс жүргіземін.
Қандай қоян?Қандай аю?Қандай шар?
Неше доп?Неше мәшине?Неше текше?
Екі оқушыны тақтаға шығарып,бір-біріне «Саған не керек?» деген сұрақ қойғызып,оған жауап береді.
ә)Сергіту  сәті:Оң қолымды көтерем,
                          Сол қолымды көтерем.
                          Оңға қараймын,
                          Солға қараймын.
                           Оң қолымды түсірем,
                           Сол қолымды түсірем.
                           Аяқты топ-топ басамын,
                           Біраз сергіп аламын.
б) Оқулықпен жұмыс.  134бет.1-тапсырма.Мәтінді оқы,аудар.
                                        135бет.4-тапсырма. Сөйлемдерді оқы,жаз.
                                                     5-тапсырма. Сөйлесуді оқы.
Сабақты бекіту: Рөлдік ойын. «Ойыншықтар дүкенінде»
                              Тақтаға екі оқушы шығады да, бірі сатушы,екіншісі сатып  
                               алушы болып ойнайды.Үстел үстіне ойыншықтарды 
                               орналастырамын.Оқушы дүкенге келеді.
Бала: - Сәлеметсіз бе!
Сатушы:-Сәлеметсіз бе!
Бала:-Сізде машина бар ма?
Сатушы:-Бар.
Бала:-Қанша тұрады?
Сатушы:-100 теңге.
Бала:-Бір мәшине беріңізші.
Сатушы:-Мінеки, алыңыз.
Бала:-Рақмет, сау болыңыз.
Сатушы:-Сау болыңыз!
Қорытынды:-Сонымен балалар,бүгін біз қандай тақырып өттік?
                       -«Менің ойыншықтарым»
                       -Қандай сөздермен таныстық?
Балалар жауап береді.
Бағалау.
Үйге тапсырма:Сөздерді жаттау.