“ Мені? к??іл –к?йім ” та?ырыбында?ы тренинг
“ Менің көңіл –күйім ” Сіздің көңіл – күйіңізге айналаңыздағылар қызыға да, қызғана да қарайды. Себебі, сізден тек қана күннің нұры тарап тұр.Жүрегіңіз тек қана жақсылық пен мейірімділікке толы.Тек соны көрсетуге тырысыңыз.Себебі,Көп адамдар сіздің әдемі күлкіңізді көруді қалайды.Бүгін сізді сәл ренжітсе де, кешіруге дайын тұрсыз! Тіпті, сіз сол үшін де жаралған адамсыз! Тамыры - ата- ана , діңгегі - мұғалім, жемісі - бала. І топ - ата- анадан берілетін тәрбие : ”Менің үмітім” ІІ топ -мұғалімнен берілетін тәрбие: “ Үкілі үміт” ІІІ топ -баладан алынатын жеміс: “ Жас қанат” Ақ түс – бұл түсті ұнататын адамдар ешкімді алаламайтын, көпшіл адамдар. Қара түс – бұл түсті қалайтын адамдар өзіне-өзі сенімсіз, тұйық, өмірдің ағынына көндігіп кете салатын, бақыты үшін күресуге батылсыз Қоңыр түс - өмірге сенімсіз, айналасындағыларға үнемі күдікпен қарайды. Ойшыл адам. Бұл түсті таңдаған адамдар іске кіріспес бұрын біраз ойланып алады. Бұндай адамдар өздерін көрсетуге, өздерін жариялауға қорқады. Қызыл түс – мұндай түсті ұнататын адамдар батыл, әміршіл, тез араласқыш жан. Сары түс – адамдармен қарым-қатынаста сабырлы, батыл, мықты, қызығушылығы басым, әдемілікті сүйетін адамдар. Жасыл түс - өз билігін өзгенің қарамағына қаратпауға тырысатын адамдар, қиын жағдайға түсіп қалмау үшін жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүретіндер. Көк түс – бұл түсті қалайтын адамдар салмақты, тұйық, жаны нәзік адамдар. Бұл түс пәктікті білдіреді. Ата-анаға кеңес - Баланы еңбекке баулу;Үнемшілдікке тәрбиелеу;Экономикалық, экологиялық тәрбие беру;Тазалық пен гигиеналық тәрбие беру;Қамқорлық пен адамгершілік;Құқықтыққа тәрбиелеу;Зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу;Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеуКәсібилік қабілетін дамытуға тәрбиелеу;Келешекте отбасын асыраудың табыс көзін табуға тәрбиелеу; “Мен өзімді мақтан тұтамын себебі...” ЕшқашандаКейде Әрқашанда 1.Ұсақ – түйек заттарға бола мен жиі ашулана бермеймін.2. Біреуді ұзақ күту мені ызаландыруға әкеп соғады.3.Ыңғайсыз жағдайда көбіне менің бет - әлпетім қызарады.4.Көңіл – күйім болмай тұрса, мен біреуді ренжітуге дейін апарамын.5.Маған сын айтқанды ұната бермеймін.6.Мені автобуста итеріп жіберсе, мен оған да солай жауап беремін және дөрекілікке дейін барамын.7.Мен барлық бос уақытымды тиімді өткізуге тырысамын.8.Кездесуге мен әрдайым кешігіп немесе ертерек барамын.9.Көп тыңдағанды қаламаймын, көбіне өзім сөйлегенді ұнатамын10. Соңғы уақытта тамақ алысым нашарлап жүр.11.Болмашы нәрсеге уайымдай беремін.12.Таңертеңгілік уақытта өзімді қолайсыз сезінемін.13.Соңғы уақытта қатты шаршап, ұйқым бұзылып жүр.14.Қанша жаттығулыр жасап,ертерек ұйықтасам да өзімді жақсы сезіне алар емеспін.15.Мен ойлаймын, жүрегім ауыратын секілді.16.Кейде менің арқам мен мойным ауырады.17. Мен стөлде отырғанымда, көбіне саусағымды стөлге ұрғыштап және аяғымды бір қалыпта ұстап отыра алмаймын.18.Менің осы күнге дейінгі жасаған жетістіктерімді айтып мақтаса екен деп армандаймын.19.Басқа адамдарға қарағанда мен өзімді күштімін деп санаймын.20.Мен диета сақтамаймын. Ешқашанда – 1 баллКейде – 2 баллӘрқашанда – 4 балл 30 балл және одан төмен болса,Сіз тыныш және ақылмен ойланып өмір сүресіз.Әр бір қиыншылықты дер кезінде шешуге тырысасыз. Сіз өтірік , жалған сөйлеуге мүлдем қарсысыз. Сіз кез келген нәрсені ақылмен шешесіз.31 – 45 балл.Сіздің өміріңіз тынымсыз жұмыстарға толы,биік шыңға жету үшін сіз аянбай еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істейсіз.Өз мақсатыңызға жетпейінше сіз демалыс деген сөзді естігіңіз келмейді.Сондықтан стресс кез – келген уақытта қасыңыздан табылуы мүмкін.Өмір сүру салытыңызды өзгертуді ойламайсыз да, бірақ сәл де болса өзіңіздің денсаулығыңызға мән берген жөн болар. 46 – 60 балл. Сіздің өміріңіз таусылмас күрес.Сіз әділдікті сүйесіз және мансап(карьера) көтеруді армандайсыз.Басқа адамдардың ой – пікірін тыңдағанды ұнатасыз,сондықтан сіз көбіне стреске шалдыға бермейсіз.Осы қалпыңызда жүре берсеңіз көп нәрсеге қол жеткізесіз,бірақ бұл сізге қуаныш әкеледі ме?.Ұсақ – түйекке бола ашулана бермеңіз,кикілжіңнен бойыңызды аулақ ұстаңыз.Әрдайым жетістікті ғана ойлай бермеңіз, кейде жеңілуде оң әсерін тигізеді. Құндылық құнын ұғындарОтбасымда ең сыйлы ______________________________________Ең қымбатты _____________________________________________Ең ақылды _______________________________________________Ең сүйкімді ______________________________________________Ең құрметті ______________________________________________Ең құнды ________________________________________________Ең бағалы ________________________________________________Ең қажетті _______________________________________________«Менің ойымша…….» немесе «Мен ойлаймын…….» айдарында. “Келесі кездескенше!”