Салауатты ?мір таби?ат аясында
«Салауатты өмір-табиғат аясында» жазғы сауықтыру жұмысы бағдарламасының жобасыКіріспеБағдарламаның өзектілігі Бағдарламада жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарымен таныстыра отырып,балалардың денсаулығын нығайту, денесін шынықтырып,дамытуды жетілдіру су және ауа көмегімен шынықтыру рәсімдерін пайдаланып жүзеге асырылады.Танымдық қабілеттері мен шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатында тақырыптар бойынша мәліметтер,жұмбақтар,қимыл-қозғалыстық тапсырмалар беріледі.
Сондықтан дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын оңтайландыру аса өзектілікке ие болып отыр.
Мектепке дейінгі ұйымның алдында тұрған жауапты міндет- күрделі, өмірден өз орынын таба білетін дені сау, мәдениетті,шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сауықтыру жұмыстарын жүйелі өткізу:
-әрбір бүлдіршіннің қабілеттерін ашуға қажетті жағдай жасау;
-бала өмірін қызықты құрдастармен және ересектермен қарым –қатынаста жұмыс жасауға үйрету;
-дене және психикалық денсаулығығын нығайту,
- қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
-валеологиялық білімін іс-тәжірибеде өздігінен іске асыра және спорттың әртүрлі түрлерімен айналыса білуге мүмкіндік береді.
Жаз кезінде балалардың ағзасын сауықтыруға,эмоциалық, жеке тұлғалық, танымдық тұрғыда дамытуға септігін тигізетін жағдай жасау үшін ересектердің (балабақша қызметкерлер мен ата-аналарды) күшін жұмылдыру,біріктіру.
Жазғы кезде балалардың таза ауада болу уақыты ұзарады, оқу сабақтарының саны қысқарады,сабақтар ашық ауда өткізіледі.Содықтан да балалардың жыл бойғы алған білімін ,біліктілік дағдыларын ,қабілеттерін көрсетуге еркіндік беріледі.
Сауықтыру-шынықтыру уақытында сабақтастық сақталады. Жоспарлы жұмыс құру үлкен жетістікке , нәтижеге ие болады.
Бағдарлама мақсаты:
-жаз мезгіліндегі балалардың денсаулығын нығайтуда эмоциональдық, тұлғалық,танымдық дағдысын қалыптастыруда үлкендердің/ата-ана,қызметкерлер/
өзара әріптестігін, сабақтастығын біріктіру;
-бала денсаулығын сақтау мен нығайту;
-табиғи факторды пайдалана отырып шынықтыру;
-жеке тұлғаны қалыптастыру,эстетикалық тәрбиені жетілдіруБағдарлама міндеттері:
-балалар өмірі мен тұлға қауіпсіздігінің сақталуына жағдай жасау, түрлі аурулардыңалдын –алу,жарақаттануды болдырмау;
-сауықтыру,шынықтыру шараларын ұйымдастыруды жүйелі жүзеге асыру;
-әлеуметтік –мәдени сәйкестену мен төзімділігін тәрбиелейтін орта қалыптастыру;
-педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда ата-аналарды сауықтыру,шынықтырушараларымен сауаттандыру;
-балалардың қызығушылығын аттыру,балабақшадағы бала өміріне ұмытылмас қуанышсыйлау.
Күтілетін нәтижелер және оларды бағалауТәрбиеленушілердің қоршаған ортаға қызығушылығын арттыруМедициналық көрсеткіштерӨз қызметіне баға беру
Іс-шаралар саны және әрбір іс-шараның тиімділігіБалалардың белсенділігі мен қызығушылығыМамандардың кәсіпқойлығыСауықтыру жағдайларыӨз денсаулығын сақтау және нығайту құзыреттілігінің болуыБалалар мен үлкендер қатынасында эмоциялық орта жасау.
Нәтижелерді бақылау- таза табиғат аясында бала денсаулығының нығаюы;
-балалардың денсаулығына медициналық тексеру жүргізу;
-балалардың психологиялық денсаулығын:белсенділігін,көңіл-күйін бақылау;
-мамандардың:педагогтердің,медбикенің,әдіскердің өзара пікір алмасуы.
Жұмыс барысында саналуан тәсілдер мен жоғарыда аталаған терапияның түрлерін пайдалану балабақша мен отбасының дамуы үшін оңтайлы жағдайлар ұйымдастырады .Жұмыс барысында қатысушылар өзара қарым-қатынаста ашықтық, сенім, өз-өзін басқару ұстанады.Жұмыстың түрлері табиғат аясында, табиғи материалдармен, саяхаттар арқылы табиғатпен тілдесетіндіктен экологиялық бағытқа бағдарланған.Жұмыс жасаушы топ, ұйымдастырушы топ та шығармашылық қабілеттерін көрсете білгендіктен мақсаттарға қол жеткізу үшін мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Мазмұны.
Сауықтыру жұмыстары 4 тақырыптық тарауды қамтиды:
1. Әдістемелік жұмыстар;
2. Сауықтыру, шынығу тәрбие жұмыстары;
3. Сауықтыру,шынықтыру шараларын басқару, бақылау;
4. Әкімшілік-шаруашылық жұмыстары.
Жазғы сауықтыру кезеңдері:
-дайындық кезеңі;
-ұйымдастыру кезеңі;
-негізгі кезең;
-қортынды кезең.
Іскерлік қарым-қатынас құрлымы:
Жобаны әзірлеуші-балабақша меңгерушісі-Әлібекова Жадыра АмангелдіқызыДенсаулық сақтау бағытын ұйымдастырушы-медбике Көптілеуова Расима МұқатқалиқызыБалаларға арналған сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырушы- әдіскер және шығармашылық топ
Жобаның жүзеге асуын бақылаушы- меңгеруші.
Cауықтыру жұмысының бағыты:
-экологиялық;
-психологиялық;
-сауықтыру;
-спорттық қызмет..Cауықтыру кезеңін топтамалары:
1.Жазғы кезеңге сәйкес күн тәртібін2.Жазғы кезеңдегі тамақтануды ұйымдастыру3.Профилактикалық сауықтыру жұмыстары4.Шынықтыру іс-шаралары5.Арнайы сауықтыру жұмыстары.
6.Ата-анамен жұмыс7.Экологиялық сауықтырулар.
Топтамалар төмендегідей жұмыс түрлерін қамтиды:
1-Ерікті тақырыптық:
Туған күндер,байқаулар, спорттық жарыстар,апталықтар,тақырыптық көрмелер,т.б2.Табиғат аясындағы сауықтыру,шынығу:
2.1. -ойын түріндегі дене шынықтыру сабақтары;
-су,гигиеналық,шынығу процедуралары /жуыну,аяққа су құю,бассейнге шомылу/;
-сәуле және ауа ванналары;
-таңертеңгі қабылдау;
-таза ауада ертеңгілік жаттығу/дозаланған жүгіріспен аяқталады/;
-бөлме ішін желдету;
-таза ауадағы серуен;
2.2.Профилактикалық сауықтыру:
-витамин терапиясы/витаминді шырын/;
-ертеңгілік екінші ас;
-жаңа піскен жеміс-жидектер мен көкөніс тағамдарымен тамақтану.
2.3.Құм терапиясы:
-жалаң аяқ құмда жүру;
-құмға шомылу;
-құм мүсіндерін жасау;
-“сезіну” тренингі бойынша жаттығулар жасау.
2.4.Арома және фитотерапия:
-бөлмелерді хош иістендіру;
-дозаланған шөп тұнбасымен ауыз қуысын шаю /педиатр нұсқаулығымен/
2.5.Арнайы массаждар:
-майтабандарға арналған жаттығулар;
-қол буындарына, саусақ нүктелер жаттығулары/педиатр нұс. бой-а/
2.6.Музыка терапиясы:
-релаксация жаттығулары/тыныс алу жолдарына арналған жаттығулар/
-би,гимнастикалық жаттығулар/тірек-қозғалыс аппаратын дамытады,/
2.7.Арттерапиясы:
-сурет салу;
-мүсіндеу/есте сақтау,ми нүктелерінің қызметін арттырады/
3.Экологиялық сауықтыру:
-саяхаттар;
-көкорайға саяхат;
-көлге саяхат/табиғат аясындағы мерекелік шаралар/;
-қол еңбегі/гүлдерді баптау,табиғи материалдармен жұмыс/;
Жазғы сауықтыру ,шынықтыру шараларының жұмысы балалардың дене тәрбиесінің негізгі ерекшеліктерінің құрылымына негізделіп,педагогтардың іріктеп алған әдістемелік ұсынымдарын басқара отырып құрылады.
Бағдарламаны іске асыру жоспарымерзімі Жұмыстың мазмұныДайындық кезеңісәуір-мамыралаңдағы балалар ойын құралдарын жөндеутабиғат бұрышын, гүлзарларды даярлаутоптарды біріктіру үшін топтардың толықтырылуын тексерупедагогтерге, техникалық жұмыскерлерге арнап жазғы мерекелерді,ойындарды,саяхаттарды ұйымдастыру кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелері бойынша нұсқама өткізу.
Балабақша аумағын абаттандыру үшін ата-аналарды жұмысқа тартып, сенбілік ұйымдастыру.
Ұйымдастыру кезеңі.
мамыр-маусымның басы Тәрбиешілерге балаармен жүргізілетін жұмыстарға дайындалу және оларды өткізу туралы кеңес беру
Тәрбиешілердің жазғы кезеңге дайындық жөніндегі шығармашылық топтарын ұйымдастыру«Балалардың ауада еңбек етуі» , «спорт алаңын қолдану» тақырыбындағы әдістемелік кеңес.
әдістемелік кабинетті жарақаттандыру:
-серуендер мен экскурсиялардың бағыттары,оларды өткізу бойынша кеңес беру;
-балалармен дене шынықтыру алаңында, экскурсияда, саяхатта өткізілетін қимылды, дидактикалық ойындар картотекасын жасау.
Негізгі кезеңмаусым- тамызҚызметтің барлық бағыттарын қамтитын бағдарлама әзірлеуБағдарламаның жоспарына сәйкес іс-шаралар ұйымдастыруҚортынды кезеңтамыздың аяғыБарлық қызметтердің жазғы кезеңдегі жұмысын талдауБалалардың денсаулық жағдайын тексеруЖазғы сауықтыру жұмысы бойынша презинтация өткізу
( Үлгі) 1-топтама. Күн тәртібін жазғы сауықтыру кезеңіне бейімдеуМақсаты: жазғы кезеңді ескере отырып,күн тәртібінің белгілі бір кезеңдерін балалардың қимыл-қозғалыс мұқтаждығын қанағаттандыру, барынша оң эмоциялық әсер алатын жағдай туғызу,ұйқының жеткілікті болуы, денсаулығын нығайту үшін қолайлы етіп ұйымдастыру.
Күн тәртібі кезеңдеріЕрте жас тобыКіші топ
Қабылдау, тексеру8.00-8.20 8.00-.8.20
Ертеңгілік жаттығу8.20-8.25 8.25-8.35
Таңғы асқа дайындық, таңғы ас 8.25-9.00 8.35-9.00
Шығармашылық сабақтар,шағын топтармен,толық топтармен,балалармен жеке жұмыс жасау, үйірмелер жұмысы9.00-10.00 9.00-10.00
Серуенге дайындық ,серуен10.00-11.00 10.00-11.30
Сауықтыру шаралары,дәрумендер қабылдау11.00-11.30 11.30-11-40
Түскі асқа дайындық, түскі ас 11.30-12.00 11.40-12-10
Ұйқыға дайындық,ұйқы12.00-15.00 12.10-15.00
Тұру,дене шынықтыру рәсімі15.00-15.15 15.00-15.15
Ойын қызметі,кешкі ас, серуен,үйге қайту15.15-18.00 15.00-18.00