Таби?ат — мені? ?з ?йім


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғат - менің өз үйім».
Мақсаты: Оқушыларды табиғатты сүйе білуге, аялай білуге үйрету. Оларды табиғат ғажайыптарымен және табиғат құпиялары туралы мағлұматтармен таныстыру. Өз елінің, жалпы адамзат табиғатын қорғай білуге дағдыландыру.Көрнекілігі: Табиғат тамашалары. Слайд.
Тәрбие сағатының түрі: пікірлесу.
Әдісі: ой қозғау.
Тәрбие сағатының өтілу барысы:
I-кезең.
Қазақстан Республикасының гимн!
ІІ-кезең
Қалтадағы қызыл және сары асықтар арқылы 2 топқа бөлу.
І-топ. Жер. (қызыл асық)
ІІ-топ. Су. (сары асық)
IІI-кезең.
Бейне роликті тамашалай отырып, оқушылар пікірін тыңдау арқылы тақырыпты ашу.
ІV-кезең.
Топтар сайысы мақал-мәтелдер. (2 топ табиғат туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады)
V-кезең.
І-топ. Менің табиғатты қорғауға қосар үлесім.
ІІ-топ. Табиғатты көркейту мақсатында қандай шаралар атқарар едің? Шағын эссе және табиғатты бейнелеу.
Қорытынды:Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетіңде тұру – парыз
Ендеше, Отанымызды, атамекен жерімізді аялай білейік, қадір тұтайық!«Атамекен» әні орындалады.
Білім ағашына, әр-бір оқушы сабақ жайында өз ойын, стекермен жабыстыру.