7 кл. Д?ние ж?зі тарихы Саба?ты? та?ырыбы: §18. XI-XV??. Шаруашылы?ты? дамуы ж?не ?леуметтік ?мірдегі ?згерістер


Талдықорған қаласы
№ 16 орта мектеп-гимназиясының
тарих пәні мұғалімі Сейдеханова Ш.Ж
7 кл. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §18. XI-XVғғ. Шаруашылықтың дамуы және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер
Мақсаты: . XI ғасырға қарай Батыс және Орталық Европа елдерінде шаруашылықтың дами бастағанын, қос танапты егістіктің үш танапты егістікпен алмасқанын, ауылшаруашылығында техниканың дами бастағанын оқушыларға түсіндіру.
2.Оқушыларды өздігінен жұмыс істету арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін қалыптастыру
А) Ойландыратан сұрақтар беру арқылы,балалардың ойлау қабілетін дамыту.
3.Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды өзге елдің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше кітаппен,топпен жұмыс, пікір алмасу
Көрнекілік : карта, кесте, сызба
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру II Үй тапсырмасын тексеру.а)Cұрақтар1. Қала-коммуналар өкіметі қалай аталды?(Коммуналардың алқасы) Олар немен айналысты?(заң шығарды,салық жинады,шаруашылықты басқарды).2 Венецияның күшею себептері.3. Медичилер қандай саясат жүргізді?(1.Европада ең ірі сауда-банктік компания құрды.2. феодалдық ақсүйектерге қарсы белсене күрес жүргізді.3.кедейлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға айтарлықтай көңіл бөлді.4. Байларға салынатын салықты көбейтіп, кедейлер салығын жеңілдетті. 5.Қаладағы құрылысты ұлғайтып, еңбекші халықты жұмыспен қамтамасыз етті.6. Оқымыстылар мен өнер қайраткерлеріне қамқорлық жасап отырды.) 4. Чомпилер деген кімдер, олардың көтерілісі қашан болды? (1378 ж Флоренцияда чомпилердің «жалдамалы жұмысшылардың» көтерілісі болды.) 5.Кресшілер Константинопольді қашан басып алды? (1204 ж.IV-крест жорығы кезінде кресшілер Кіші Азияның орнына Константинопольді басып алып, Византия империясын құлатты. Оның орнына Латын империясы құрылды).6. Кресшілерді Византиядан қуып шығуға кім көмектесті? (1261 ж Египет сұлтаны Бейбарс көмекке келіп,кресшілерді қуып шықты). 7.Византия империясының өмір сүруін кімдер тоқтатты? (1453 ж осман түріктері Константинополді басып алып, Византия империясын өзіне қосып алды. Сөйтіп, 395 ж. құрылған , Византия империясы 1453 ж. өмір сүруін тоқтатты.)
Б) Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Италия қалаларының дамып, жетілуіне не себеп болды?
А) қолөнердің дамуы ә) кресшілер жорығы б)сауданың дамуы в) шаруашылықтың өсуі
2.Италияда қала тұрғындары XI –XII ғ.қалай аталды?
А) сеньорлар ә) вальвасорлар б)пополандар в) коммунарлар г)чомпилар
3. Флоренцияда 1434-1737 жж. қандай әулет билік құрды?
А) Медичилер ә) Альбицилер б) Савонарола в) Пьер Лоренцо
III.Жаңа тақырып.Жоспар.1Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар.2 Қолөнердің ауылшаруашылығынан бөлінуі.3. Европада ортағасырлық қалалардың пайда болуы.4. Жәрмеңкелер. 5.Шығыс елдерімен сауда жүргізу.
ауылшаруашылығындағы қол жеткен табыстар
1.қос танапты егістік үш танапты 2.ауылшаруашылық техникасы 3.темірден жасалған еңбек
егістікпен алмасты дамыды құралдары көбейді
4.металл рудасын 5.металл өңдеу ісі 6.темір ұсталығы, қару-жарақ
өндіру артты жақсарды жасау дамыды
а) Кітаппен жұмыс «Қолөнердің ауылшаруашылығынан бөлінуі» дегенді оқып, түсінгенін мазмұндау
б) «Ауылшаруашылығы еңбек өнімділігінің артуы» деген кестені сызу.
Қортынды: «Шаруашылықтың дамуы қолөнердің бірте-бірте ауылшаруашылығынан бөлінуіне әкеп соқтырды. Қолөнер адамдардың арнайы бір тобының- қолөнершілердің кәсібіне айнала бастады»
Б) Өз бетінше жұмыс 84-беттегі 1.«Қолөнершілер жасаған бұйым...» деген сөйлемнен, «Бертін келе кезбе қолөнершілер тұрақтана бастады» деген сөйлемге дейін оқыңдар.
Тапсырма: -Неге қолөнешілер өз поместьелерінен қашыпотырды?
2.84-беттегі «Олардың қоныстары...» деген сөйлемнен, «Ежелгі Римнің қираған қамалдары арасына салды» » деген сөйлемге дейін оқыңдар.
Тапсырма: -Қалаларды қандай жерлерге салды?
Топпен жұмыс
1-ші топ Рыцарлар
2-ші топ Жәрмеңкелер
3-ші топ Шығыс елдерімен сауда жүргізу.
IV Пысықтау. Сұрақтар 1. Ауылшаруашылығы мен қолөнердегі жетістіктердің бір-бірімен байланысы қалай болды? 2. Қалалар неліктен және қалай пайда болғанын түсіндіріңдер.3.Қаланың пайда болуына және өсуіне байланысты қандай еңбек бөлінісі өмірге келді? 4.Қалалардың өсуі сауданың дамуына қалай әсер етті? 5.Жәрмеңке деген не? 6. Шығыс елдерімен сауданың қандай түрі жүргізілді?
V Үйге тапсырма §18.оқып, мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.