«Білім мен ?ылымны? ?о?амда?ы р?лі.»


«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы
№ 9 орта мектебі» ММ.

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі.»
Дайындаған: тарих пәнінің мұғалімі
Ильясова Ж.А.
Сабақтың тақырыбы: Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі.
Мерзімі: 13,02
Сабақтың мақсаты: Білім мен ғылымның – қоғамдағы басты құндылығы туралы білімдерін кеңейтіп, толық мағлұмат беру.
Оқушыларыдың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ұштау, тіл байлықтарын дамыту.
Оқушыларды мәдениетті болуға, білімді өмірлік тәжірибеде қолдана білуге, қойылған проблемаларды өздігінен шешу біліктілігіне тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО- элементтері
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейне роликті үзінді,иллюстрациялық материалдар.
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең Амандасу, тексеру, топтастыру стратегиясы.
Бағалау парақтарын тарату. (2 мин.)
Үй тапсырмасын тексеру «Ат қосшы мен арба әдісі» бойынша 6 сұрақ қою арқылы тексеремін. (4 мин.)
Тұлғаның рухани мәдениеті дегенімі не?
Руханият дегеніміз не?
Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?
Тілдің рөлі қандай?
Өнер дегеніміз не?
Өнерді қабылдауды қалай түсінесің?
Жаңа сабақ: Сонымен қоғамның рухани өмірімен тұлғаның рухани мәдениеті байланысты екен. Ендеше бізге сый келіпті экранға назар аударайық, ғылым мен білімнің рөлі туралы бейне материал көрсетіледі. Оқушылар тақырыпты ашып бейне материалды ауызша талқылайды.
Ғылым мен білім туралы қандай шығармаларды білесіңдер? (8 мин.)
Жаңа сабақты игеру үшін «Дана үкі» әдісін қолданамын (15 мин)
1 – «"Бос микрофон» сұхбат, ғалымдардың қанатты сөздерімен түсіндіру
2- топ «Ақпарат беру». Қоғамдағы мәдениеттің алатын орыны.
4 – топ «Жарнама» әдісі арқылы негізгі ұғымдарға нақты түсініік беру.
Бекіту Тұлғаны суреттеу. (10 мин)
Қоғамда ғылым мен білімнің дамуына үлес қосқан қазақ халқының көшбасшыларының еңбектері туралы баяндау. Ойларын толықтыру үшін қосымша материалдарды, ақпарат көздерін пайдалануға болады.
1 – топ. Шоқан Уалиханов
2 – топ. Абай Құнанбайұлы
3- топ. Ахмет Байтұрсынұлы
Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды, қалғандары жұлдызша жабыстыру арқылы бағалайды.
«Аяқталмаған сөйлем» (3 мин)Оқушылар сөйлемді жалғастырулары керек: - Мен …. қатысты көз қарасымды өзгерттім- Мен …. туралы көп білдім.- Мен … таң қалдым.- Мен …. сезімде болдым.- Мен …. салыстырдым.- Мен …. үшін уайымдадым.
Үйге тапсырма &20 Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі. (1 мин)
Бағалау Әр топты топ басшылары бағалап тапсырады.
(1 мин)
Рефлексия Бас бармақ әдісі. (1 мин)


Ғылым
Білім
Мәдениет