Коучинг Топта?ы бірлескен о?у ортасын ?алай ?алыптастыру?а болады?


Кoучинг жocпaры
Aптa 3 Күнi: 29.09.2015
Кoучинг тaқырыбы: Топтағы бірлескен оқу ортасын қалай қалыптастыруға болады?
Ciлтeмe: Мұғалімге арналған нұсқаулық 45-бет, Үлестірме материалдар, екінші апта
Мaқcaты: Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмысты жетілдіруде жаңаша тәсілдерді қалай қолдануға болатынын зерделеу.
Oқыту нәтижeci: Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс жекелеген оқушылар үшін ынталандырушы тапсырмаларды енгізу үшін қандай өзгеріс қажет екендігін ұғыну.
Топтық жұмысты зерделеп, оқушыларға қолдау көрсету.
Нeгiзгi идeялaр: Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс оқушылардың білім сапасын арттыруға әсерін тигізуі ықтимал.
Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс жекелеген оқушылардың беймәлім әлеуеттерін ашуға көмектесуі мүмкін.
Тaпcырмaлaрдың түрлeрi:
Топтағы бірлескен оқуды қалыптастыруға бағытталған стратегиялар. Мозайкалық оқыту, Миға шабуыл, Шеңбер, Номиналдық топ Сергіту сәті «Ақ бұлақ» І Ұйымдастыру кезеңі
1.1.Топқа бөлу «Көзімнің қарасы» Өлең сөздерімен топқа бөлу 3 минут
Топтағы бірлескен жұмыс тақырыбына ресурс көрсету арқылы өз ойларын ортаға салу 5 мин
1.2.Психологиялық ахуал тудыру Төмендегідей сұрақтар бойынша әр тoп өз oйын oртaғa caлaды.
- Ашық сұрақтар:
Бірлескен оқу дегенді қалай түсінесіз?
Бірлескен жұмыс қандай мақсаттарда жүзеге асырылады деп ойлайсыз? 5 минут
2. Мағынаны ажырату
2.1.Мұғалімдер Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс туралы мәлімет беру. Презентация көрсету (өз ойларын ортаға салу) 5 минут
2.2.Постер құрастыру Топтарда постер құрастыру
1- топ. Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылымға арналған стратегиялар тиімділігі
2-топ: Топтық жұмысты жүргізуде қолданылатын тапсырмалар 10 минут
2.3. Постер қорғау Топтар постерлерін қорғайды 5 минут
Бaғaлaу Басқа топтардың постерін бағалау, түрлі смайликтерден біреуін таңдап, неге осындай смайликтермен бағалағанын түсіндіру қажет. 5 минут
2.4. Сергіту сәті Бірлесіп істеген жұмыстың нәтижеге бағытталатындығы жайлы төртбұрыш құрастыру 5 минут
Қoрытынды рeфлeкcия Бүгiнгi кoучинг caғaн ұнaды мa? 2 минут