Жа?а педагогикалы? технологиялар Презентация ?жымды? т?сілмен о?ыту


№3 Байзақ колледжіБаяндамаТақырыбы: Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы Өндірістік оқыту шебері: Султаналиева З.ТСарыкемер 2016 ж. Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. Соның ішінде, ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Бұл қасиетті істерде оқытушыға қойылар талап та ерекше. Әр оқытушының алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр білім алушының “менін” ашу, сол “менді” шығармашылыққа жеткізіп, білім алушының өзіне деген сенімін туғызу. Білім алушының өз бетінше оқып үйрену оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге үлкен ықпал етеді. Өз бетімен оқып білуге үйрету – білім алушының қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты – білім алушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясын сабақта қолдану Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру – оқытушы құзырындағы іс. Білім алушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр.Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі білім алушылар, оқытушылар оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да оқытушыларға жүктелетін міндет өте ауыр», – деген. Сондықтан қазіргі заман оқытушысы өз пәнінен білімді ғана емес, тарихи танымы мол, педагогикалық-психологиялық сауатты, озық педагогикалық технологияларды меңгерген оқытушы болуы қажет. Белгілі педагог К.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім» деген екен. Оқыту үрдісінде логиқаға көңіл бөлген чех педагогі Я.Коменский білім алушыларды қысқа ой тұжырым жасауға, оларды өмірмен байланыстыра білуге үйретіп, ары қарай логикалық ойлауын жетілдіру керектігін айтқан. Ұлы педагог К.Ушинскийдің еңбектерінде көрініс тапты. Ол логика – дүниені танудағы елес емес, ол барлық ғылымдардың басында тұруы керек деп ой түйді. Білім алушыны логикалық ойлауға үйрету – оқытушының басты мақсаты. Логикалық ойлауға үйретудің негізі – айнала мен табиғатты бақылаумен көрнекі оқыту болуы керек. Көптеген авторлардың еңбектерімен және зерттеу жұмыстарымен таныса отырып мынандай қорытындыға келдік. Логикалық білім және оны меңгеру оқыту үрдісінде өз бетінше қалыптаспайды. Білім алушылардың логикалық ойлауының дамымауы ары қарай толық білім алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан оқыту үрдісінде білім алушылардың логикалық ойлауын дамытуды ұйымдастыру керек.Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі әр білім алушының бір сәтте әрі білім алушы , әрі оқытушы ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі. Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруда тек қана ұжымдық оқыту әдісі ғана әр білім алушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал оқытушыға әр білім алушының деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады. Ұжымдық оқыту әдісі негізінде оқытушының күнделікті тексеруі мен білім алушылардың өзін-өзі бақылауы туралы ақпараттың артуы болып отыратын үрдістегі білім алушылармен қарым-қатынас жатыр. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады (“ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев). Айталық, сабаққа дейін әр білім алушы бір мәліметті білді делік (А,В,С,Д). Бастапқы кезеңде білім алушылар жұппен жұмыс жасай отырып, бір-біріне білген мәліметін түсіндіреді, партада А-В,С-Д отыруына байланысты, осыдан келіп, жұппен жұмыста әр білім алушы оқытушы рөлінде де болуы шығады.Осындай жұмыстың нәтижесінде әр білім алушы екі бірдей ақпаратпен қаруланады. Осындан кейін жұптар ауысады, мысалы А-С,В-Д, сонда екі түрлі ақпаратпен келген баланың білетіні екі есе көбейеді. Ұжымдық оқыту тәсілінің мақсаты – өзіндік жұмысты орындау процесінде білім алушылардың интеллектуалды қабілетін және рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды тұлға тәрбилеуге жағдай жасау. Басқа технологияларға қарағанда ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясының ыңғайлылығы.Біріншіден, осындай сабақтар оқыту процесіне өте жеңіл енгізіледі.Екіншіден, ұжымдық технология білім алушылардың сабақты тез түсінуіне және интеллектуалды дамуына, білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне, бір-біріне көмектесуіне талпындырады. Ұжымдық оқыту технологиясы негізгі үш тапсырманы орындайды: Нақты-танымдық, ол оқыту жағдайымен тікелей байланысты. Коммуникатвті-даму, осы процесс кезінде топ ішінде және сабақтан тыс уақытында білім алушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы артады. Әлеуметтік – ол білім алушының азаматтық сапасын тәрбиелейді. Қорытынды Ұжымдық оқытудың бірнеше кемшіліктері бар – олар топты ұйымдастыру қиыншылығы; білім алушылардың бірден сабаққа араласуы және білім алушылардың сабақ үстінде шулауы. Басқа жағынанҰжымдық оқыту білім алушылардың сабақты нақты меңгеруіне, жеке дарынының дамуына және творчестволық ойлау қабілетіне көмектеседі. Ортақ жұмыс кезінде білім алушылар бір-бірімен тез араласып бейімделуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқыту әдісімен салыстырғанда осы оқыту технологиясы өте ыңғайлы және пайдалы. Оқытудың нәтижесі Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!!!