Презентация по казахской литературе на тему К?ксерек


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек».Сабақтың мақсаты: «Көксерек» оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап талқылауға үйрету. Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар бізді маңызды істерге бастайды:Бір-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету:Оқушыларға анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру:Повесті талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету:Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету:Көркем шығарманың авторына деген құрмет сезімін нығайту;Өздерінің айтқан, жазған жауаптарына толғанып ойлануын қамтамасыз ету;Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы.Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, жануартану, экология, логика.Көрнекіліктер: М.Әуезовке арналған буклет, портреті, сабаққа қажетті плакаттар, қасқыр туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сюжеттік суреттер.Ұйымдастыру:Психологиялық ахуал тудыру Шеңбер құрып тұру(Тілек айту Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық. Бір жадырап қалайық. Еңбек етіп ерінбей Жақсы баға алайық.1-топ Абылайхан 2-топ Қасымхан . Хандар жайлы мәлімет айтып өту. 1. Ой шақыру (1 мин.).Балалар! Біз М.Әуезовтің көркем де ғажайып «Көксерек» повесімен оқып таныстық. Тағы бір мезет осы повесть туралы ойланып, көз алдымыздан өткізейікші. Қане, ми қыртыстарын іске қосамыз."Көксерек" көркем бейне баянынан үзінді көрсету.2. Топтастыру. (5 мин.).Топтастыру – оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы. Бұл – жаңа идеяларды жинақтап бір-бірімен сабақтастыру үшін қажетті құралым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін, повеске байланысты ой тудыруды күшейту үшін қолданылып отыр.а) Үш топқа «Адам» «Қасқыр» және «Табиғат» деген плакат беріледі.ә) Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз (топтық жұмыс).б) Орфографиялық ережелерге мән беріңіз. в) Берілген уақыт біткенше жаза беріңіз.г) Топ мүшелері ойын қорытып болған соң, уақыт біткенін ескертемін.ғ) Екі қатар да жазғанын тақтаға іледі.д) Топ атынан шыққан оқушы өз ойларын білдіреді. Адам Сөйлейді Тірі ағза Қоректенеді Еңбектенеді Ойлайды Оқиды қасқыр Бөрі Көжал Түнгі жортуыл Дала санитары Дала тағысы Ақ Қомағай Ит-құс Жыртқыш Ауасытаза Қоршағанорта Ластауға болмайды Жер-ана Кубизм. (10 мин.).Ол тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы.Кубиктің 6 жағы бар, иіреді, қай жағы түссе, сол жағының сұрағына жауап береді.а) Суреттеп беріңіз.ә) Салыстырыңыз.б) Зерттеңіз.в) Қолданыңыз.г) Бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді?ғ) Талдаңыз, қолданыңыз.а) Көксеректің портреті.ә) Дала қасқыры мен Көксерек.б) Қасқыр туралы не білеміз?в) Көксерек туралы ел адамдары не деді?г) Құрмаштың ең соңғы ойы не болды екен?ғ) Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадың? КӨКСЕРЕККөкшіл сұр суықшолақ құйрық көкжалбойы тайдай ОртақАрланЫзақорДолыКүлдіреуіштей ашқарақ АққасқаАқ сұр ақшаңғыл қасқа өте қабағанқып-қызыл көзбойы қасқырданкіші емес,алдыңғыжағы арыстандарғакеледі Білімді бағалауҮйге тапсырма: Көксерек әңгімесі бойынша“Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды” тақырыбына шығарма жазуКері байланыс Маған ұнады... Келесі де мен қалаймын.. Мен ойландым... Маған ұнамады... “Конверттер”