Документ по казахской литературе на темуАсыл с?зі іздесе?, Абайды о?ы,ерінбе!
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...»
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, поэмаларын мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.
Дамытушылық. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
Тәрбиелік Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге және жаны таза, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары тұлға етіп тәрбиелеу
Кіріспе. Мұғалім сөзі:
Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Ендеше, бүгінгі «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...» атты танымдық сабағымызды бастаймыз. Қатысушылар: 2 рота 1,2 взвод ұландары
топ. «Жас ойшылдар»
топ. «Жас ұландар»
Әділ қазылар алқасы 5 балдық жүйемен бағалайды
1-бөлім.
Сіз Абайды білесіз бе? (сұрақ - жауап)
Абайдың неше кұйі бар?
2. «Медғат - Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған?
3. Абайдың «қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай» атты өлеңі кімге арналған?
4. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударды?
5. Абайдың қай поэмасының оқиғасы “Мың бір түн” ертегісінен алынған?
6. “Қараңғы түнде тау қалғып” өлеңі кімнен аударылған?
7. Абай алғаш неше жасында өлең шығарған, қалай аталады?
8. Ұлжан мен Айғыз Абайды қалай атаған?
2-бөлім.
Өлең - сөздің патшасы...
Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы - деп жазған ұлы ақынның өлеңдеріне кезек берейік.
Екі топ Абай өлеңдерін ұяшықты таңдау арқылы қай өлеңі түседі, соны жатқа оқиды.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!»- деді емес пе Абай ақын. Енді кезекті Абай әніне берейік.
Марксов Темірланның орындауында «Көзімнің қарасы» әні
бөлім.
Қазақта қара сөзге дес бермедім...
Абайдың өмірінің соңғы кездерінде жазған өнегелі сөздері мен насихаттарына назар аударайық. Абайдың қарасөздерін бейне таспадан тыңдау және қай қара сөзі екенін анықтау, жалғастырып айту.
бөлім.
Естілік, зеректілік
Адам ата - анадан туғанда есті болып тумайды...
Екі топ ұландары Абайдың «Ескендір» поэмасын жатқа оқу арқылы сайысқа түседі
Көрермен ді қызықтыру сұрағы беріліп, дұрысын айтқан көрермен сыйлық алады.
1) 9 бен 99 арасында қанша 9 бар?
2) Қазанның ішіне барлық нәрсе сыяды, бір – ақ нәрсе сыймайды.
Ол не?
3) 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай?
4-бөлім.
Абай жолы - халық жолы
Слайдта көрсетілген «Абай жолы» томдарын таңдау арқылы сұраққа жауап береді.
бөлім.
Абай жолы - халық жолы
Слайдта көрсетілген «Абай жолы» томдарын таңдау арқылы сұраққа жауап береді
1.Әке мен бала арасын ашқан оқиға?
2. Абай Е.Михаэлиспен қайда, кай жылы кездесті?
3.Абайдың сүйген 3 аруын ата, қайсысы қазақтың үш биінің біреуінің ұрпағы?
бөлім Блиц – сұрақ
«Жас ойшылдар» «Жас ұландар»
Абай алғаш білімді кімнен алған?
(Ғабитхан молдадан)
2. Абай қарасөздерін жазуды қай жылдардан бастаған? 1890 ж
3.Әйгерімнің шын есімі .. Шүкіман
4. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманның сүйген жарының есімі Мағрипа ( Мағаш)
5. «Теректің сыйы» шығармасын кімнен аударған?
Лермонотов
Абай Семейде қай медреседе оқыған?
(Ахмет Риза)
Пушкиннен аударған шығармаларын атаңдар?
( Онегин мен Татьянаның хаттары)
Шәкәрім мен Абай қалай туыс болып келеді? (Ағасы Құдайбердінің баласы)
«Абай жолы» романындағы Абайдың досы
(Ербол)
« Есек пен бұлбұл» шығармасын кімнен аударған?
( Крыловтан)
Сайыс қорытындысы шығарылады.
Қорытынды сөз.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,- деп ақынның өзі айтқандай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмірін кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай біл үшін әлі де құпия . Біз бүгінгі сабағымыз да Абай тереңіне үңіле алдық па? Жоқ, әрине. Біз ұлы тұлғаға шолу ғана жасадық. алайда біздің ұландарымыз өздері білмейтін көп сұраққа дәл бүгін жауап алды деп ойлаймыз. Абай тақырыбы - мәңгілік . Ол жалғаса бермек, жалғаса бермек..