Урок на тему Абайды? ?ара с?здері 10 — сынып
Ө.Жаңабаев атындағы орта мектебінің 10 «ә» сыныпта әдебиет пәнінен өткізілетін ашық сабақтың жоспары.
Сабақтың тақырыбы:Абайдың қарасөздері
Оқыту тәрбиелеу міндеттері:
Оқушыны ізденіске жетелеу,оқығанын талдап мәнін аша білуге үйрету,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлануға,ой қорыта білуге,аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру,таным көкжиегін кеңейту;
Абай ғақлияларынан ғибрат алуға,адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға,ізгілікке,имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта,слайд,кесте,кітап көрмесі.
Әдісі:сұрақ-жауап,СКТ талдауы,топтастыру стратегиясы сыни тұрғыдан ойлау
Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі,ән-музыка,сурет,биология.
Сабақ түрі:аралас.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Абайдың қарасөздерін талдау,қорыту
Бекіту
Үйге тапсырма беру
Сабақтың айдары: Жұртым-ай,шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып,сөздің ішін.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы,Алтын теңге
І.Ұйымдастыру Сынып оқушыларын түгендеу
Интерактивті тақтадан Абай суреті Абайдың сан қырлы қасиеті жазылған слайдты көрсету.
Жедел сұраққа ұтымды жауап
1.Абайдың адамгершілік мұраттарды өнеге етуінен өзіңе қандай әсер алдың?
2. «Ғылым таппай мақтанба»,»Жігіттер ойын арзан,күлкі қымбат»өлеңдерінен үзінді.
2.Адам образын жасаудың шебер суреткері екендігіне көз жеткізе алдың ба?
«Бойы бұлғаң» 1-2 шумағы.
3.Абай –ұлттық мәдениетіміздің ар-ождан өлшемін қалай танытты?
-Оқу-білімге шақырды. «Ғылым таппай мақтанба»
-Өнерге баулыды «Әсемпаз болма әрнеге», «Өлең- сөздің патшасы»,»Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
-тәлім –тәрбие үндеді «Қалың елім қазағым,қайран жұртым»
4.Абай өлеңдері несімен құнды? «Сәулең болса кеудеңде», «Сегіз аяқ»
5.Абай шығармаларын кімдер зерттеді?
Ең алғаш зерттеген Ә.Бөкейханов.
6.Қазақ поэзиясына қосқан жаңалығы.
8,6,аралас буынды,аралас,шалыс ,егіз ұйқас түрлерін кіргізді.
ІІІ.Даңа сабақтың тақырыбын айтып,сабақ мақсатымен таныстыру.
«Абайдың қарасөздері»
-Балалар ,ақын өлеңдерінде де асыл,адамдық мұраттардыүлгі етті,енді қарасөздерін неге жазды деп ойлайсыңдар?
-Иә,данышпан өзінің 1-қарасөзінде былай дейді «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе,жаман өткіздік пе,әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік:алыстық,тартыстық.Ал енді қалған өмірімізді қайтіп өткіземіз?
Ел бағу,мал бағу,ғылым бағу,сопылық қылып,дін бағу балаларды бағу керек пе?Жоқ, бәрін де баға алмаймын.
Ақыры ойладым:осы ойыма келген нәрселерді жаза берейін,ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын.Кімде –кім ішінен керекті сөз тапса ,жазып алсын,я оқысын»
Интербелсенді тақтадан СКТ бойынша талдау,дәптерлеріне орындайды.
1.Тақырыбы
2.Жанр түрі
3.Идеясы
4.Саны
5.Әдісі
6.Әдеби теориялық ұғымдар
7.Сөздік жұмысы
8.Тәрбиелік мәні
Тақтаға «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды»синтаксистік талдау.
«Адам ата-анадан туғанда ,есті болмайды»
«Қулық ,саумақ,көз сүзу-өнерсіздің ісі» морфологиялық талдау.
17-қарасөзін көрініс ретінде көрсету.
Жүрек
Ақыл үшеуінің Ғылымға жүгінуі
Қайрат
ІУ. Бекіту кезеңі
ел-жұртына асыл нұр
Шебер тіл шағын
Қарасөз тәрбие құралы
Терең толғаныс
Мол білім