Разработка открытого урока по казахской литературе М??а?али Ма?атаев
Балмашева Бағила Кенжеғарақызы
Торғай аграрлық –техникалық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы:«Мен ХХ1 ғасырдың ақынымын» (Мұқағали Мақатаев өмірі-шығармашылығы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Студенттерге Мұқағали Мақатаев шығармаларының жаңашылдығын түсіндіру. Ақынның шығармаларына тоқталу, мәнін түсіндіру арқылы студенттердің сөздік қорын молайту; Дамытушылығы: Ақын шығармалары арқылы студенттердің теориялық ұғымдарды түсіне білу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелілігі: Адамгершілік, ізгілікке тәрбиелеу, өнер адамына құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру.
Пайдаланған әдебиет:Қазақ әдебиеті 275-282 беттер.«Аңыз адам» журналы 2011 №2 Мұқағали Мақатаев «Күнделік» «Жалын» баспасы Алматы-1991
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:«Топтастыру» стратегиясы, түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ой қозғау. РАФТ әдісі.
Пәнаралық байланыс: Музыка,мәдениет тану.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, видео үнтаспа
Сабақтың барысы: студенттермен амандасу, сабаққа қатнасу сапасын тексеру, үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасы жекелеген студенттерден өз қалаулары бойынша сұралады. Қосымша сұрақтар қойылады.
1.Әбдіжамал Нүрпейісов кім?
2. Өзінің балалық шағын қалайша еске алады?
3.Ата-бабалары қандай адамдар болған?
4. «Қан мен тер» романы кімдер жөнінде жазылған?
5. Жазушы отанымызға қандай еңбек сіңірді ?
Жаңа білімді меңгерту
1-слайдпен жұмыс
(Слайдтарды кезекпен көрсету арқылы түсіндіріледі)
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданында Қарасазда 1931 жылы Ақпанның тоғызы күні дүниеге келген. Негізгі азан шақырып қойған есімі Мұқамедқали. Жеңгелері пайғамбардың аты аталатын есімді жүрексініп Мұқағали атап кеткен. Есейген соң құжат аларында бұл есімнің қадір-қасиетін өзі де түсініп, оны алып жүре алам ба?! деп құжатқа Мұқағали болыпжазылған. Әкесі Сүлеймен колхозда сушы болып істеген. 1941 майданға аттанып, Калининград маңайында шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Анасы Нағиман ол кісі де колхозда жұмыс істеген қарапайым кісі болған. Мұқағали үйінің тұңғышы болған соң әжесі Тиынның бауырында өскен.Мұқағали әжесі жайында «Мені сөзге үйір еткен, тәрбиелеген, халықты сүюге үйреткен –әжем дейді. Келіндері ол кісіні сыйлап «Мысқыл апа»деген. Мұқағали да «Мысқыл әжем» деп атаған. Әжесіне арнап «Сөнбейді әже шырағың» өлеңін жазған. Ақын анасын жеңгеге балап атымен атаған. Ақын 10 жасқа келгенде сұм соғыс басталды. 1932жылы аштық болды. Ақынның балалық шағы ойын-күлкісіз өтеді. 12жасынан колхозда еңбекке араласады. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады(«Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?») деген өлеңі бар.
Он жасында алғашқы өлеңін жазады. Ол өлең әкесіне деген сағыныштан туған еді.
«Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен
Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен.
Мінеки, көп ай болды хабары жоқ,
Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен.
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,
Судағы жаңа біткен жалбыз еді.
Мінеки, көп ай болды хабары жоқ.
Біз дағы әкемізге зармыз енді.
деген өлең жолдарын жазды.Мақатаев мектепті үздік бітірген. Жоғарғы сыныпта оқып жүргенде, өзінен үш жас үлкен мұғалімі Лашынға ашық болып мектеп бітірген соң, үйленген. Мектепті үздік бітірген ақын ауыл еңбегіне араласып, жеті жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Ауылдық кеңесте хатшы болған.Ақынның баспасөзде алғашқы шыққан өлеңі «Қырман басында» 1949жылы Нарынқол ауданының «Советтік шекара» газетінде жарияланған. Ақынның үш қыз баласы екі ер баласы болған.
1962-жылы ақын отбасымен Алматыға көшіп келген. «Социалистік Қазақстан» (кәзіргі «Ееменді Қазақстан»)газетінде әдеби қызметкер болып орналасты. Кейіннен жазушылар одағында кеңесші, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған
1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданады.
1973 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының жолдамасымен Мәскеудегі Максим Горкий атындағы халықаралық әдебиет инстетутына оқуға барады. Кейіннен Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарады.
Хронология
1948 – 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
1949 - көктемде жары Лашынменотауқұрады;
1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
1950 – Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
1954 – Қара саздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
Біздің бүгінгі тоқталатын шығармаларымыз Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия менімен егіз бе едің?», «Фаризаға» өлеңдері.
"Поэзия, меніменегізбеедің?
Сен мені сезесінбе, неге іздедім?
Ал ауыртқан таңдардан сен ііздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл – жасыл шұғыла шашылганда,
Көкжиек пен көкжиек косылғанда.
Махаббаттан іздедім, сагыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан.
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау, жабығыстан,
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршигу,күрсінуден,
Сенііздедімжүректіндүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедім, сағаттан да.
Сені іздедім, іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егізғып жаратқан ба?"
Бұл өлеңінде ақын қай сәтте болса да, өлең деген құдіреттің қай жерде жүрсе де көкейінде жүретінін жазады. Ақын кейде адам жанының, жалпы табиғаттың, қоғамдағы қандай да құбылыстардың барлығының зерттеушісі ретінде сөйлейді. Өмірде ешнәрсеге бей-жай қарамайды. Оның жүрегіне барлық құбылыс әсер етеді. Ол аяғын шалыс басқан шақтарында да, ғашық болған сәттерінде де,тіпті әрбір сағат сайын, минут сайын оның ақын жүрегі әр нәрсеге алаңдайтынын ашық айтады. Мұқағали қанша ғұмыры қалғанын білмейді. Бірақ, барлық ғұмырында поэзия өзімен егіз екенін, оны бір сәт те есінен шығара алмайтынын жасырмайды. Ақын үшін поэзиясыз оның өмірінде ешқандай мән-мағына жоғы да белгілі. Бұл оның жаратқанның берген өнеріне деген мәңгілік адалдығын аңғартады. Келесі өлеңі. Ендігі кезекте колледжіміздің ТО-11 тобының студенті Темірбек Нұрбектің орындауында осы өлең жолдарына кезек береміз.
Оқытушы: Ақынның келесі өлеңі «Фаризаға» Бұл өлеңді ақын қазақ халқының біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова апамызға арнап шығарған. Ақын өлеңі арқылы өзінің өмірде қамыққанын, кейде адамдардан түңілгенін жасырмайды. Өлеңнің мағынасынан ақын деген халықты ешкімнің түсінбейтінін, ортасында жүргенде маңайындағылар бағалай бермейтінін де жасырмайды. Бұл өлеңіне ән жазылып, халық ішінде орындалып жүр. Ескертетін жағдай осы өлең шыққаннан кейін әр түрлі алып-қашпа сөздер де айтылды. Мұқағали Фаризаға ғашық болған дегендер де болды. Ақын Фариза Оңғарсынова «Шашы ағарған қыз» атты кітабында ондай әңгімелердің барлығын жоққа шығарады. Келесі кезекте Әбирбек Тінәлінің орындауында осы өлеңді тыңдауға кезек береміз (Ән орындалады)
Оқытушы:Мұқағали Мақатаев өзі айтып кеткендей 21 ғасырдың ақыны. Қазақ халқындағыең оқырманыкөп ақын. Ақынның өлеңдеріне көптеген әндер жазылды. Ол кісінің өледеріне ән жазғандар:Шәмші Қалдаяқов,Әбирбек Тінәлиев, Алтынбек Қоразбаев, Елена Әбдіқалықова. Ақынның өмірінде қатты қайғырған сәттері қызы Майгүлді бір орыс жігіті мотоциклмен қағып кетіп өмірден өтеді. Осы қайғылы жағдай да ақынның жанына батады. Ақын әлгі орыс жігітіне кешірім береді. Ақынның өзі бауыр еті баласынан айырылып тұрып, оның балалары үшін кешірім беруі нағыз адамгершіліктің биік шыңы деп ойлауға болады. Мұқағали Мақатев драмалық шығарма да жазды. «Қош махаббат» драмалық шығармасы осыған куә. Сабақты бекіту: «Топтастыру»стратегиясы мен РАФТ әдісімен жүзеге асырылады. Топ студенттері үш топқа бөлініп, сабақты қаншалықты түсінгені жөнінде тапсырмалар беріледі.
Р-роль
А -Аудитория
Ф-форма
Т –тема
1-ші топ; ауылға саяхатшылар келеді. Сол саяхатшыларға М.Мақатаев жөніндемәліметтер айтып береді. 2-ші топ; Мақатаевты зерттеуші ғалым мен журналистьарасында сұхбат түрінде сабақ барысында алған мәліметтерден түсінгенін баяндайды. 3-ші топ; шағын Эссе, өлең шығаруға болады.
Қортындылау:
Келесі кезекте ақының көзі тірісінде жазылған үнтаспадан оқыған өлеңін тыңдаймыз
Оқытушы:Мұқағали МақатаевҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылыдеп жарияланды. Әдебиет, Өнер, Сәулет саласындағы саңлақ суреткерлердің бір тобына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы шешім қабылданды. Мұқағали Мақатаевқа «Аманат» атты жыр жинағы үшін лауреат атағы берілді. Ғасырлар тоғысында «Ғасыр ақыны» атанды. Ақын 1976 жылы 27 Наурызда өмірден өтті. Алматыда ақын атындағы мектеп, көше сол көшеде ақынға арналған ескерткіш бар.
Бағалау
Үй тапсырмасы: «Менің сүйікті ақыным» шағын әңгіме жазу, ақын жайлы өнер адамдарының естеліктерін жазып келу.
Көп болды-ау олар кеткелі (Ұлы Жеңістің 70 жылдығына)Жалаңжәнежайылмасөйлемдер