Ашы? саба?. Ана тілі. «?ам?орлы?» Б.Со?па?баев


Ана тілі 3сынып
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев«Қамқорлық»
Сабақтың мақсаты:
1.Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру, мәтіннің мазмұнын түсіндіріп, мәтіннің негізгі идеясын ашу, оқушының оқу дағдысын қалыптастыру
2.Оқушының ойлау қабілеті мен есте сақтауын, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіріп, дамыту
3. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге жақын болып, жаман қасиеттерден аулақ болуға, табиғатты қорғап аялауға тәрбиелеу
Сабақтың типі:Семинар сабақ
Сабақтың түрі:Жарыс сабақ
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, баяндау,Венн диаграммасы, сұрақ-жауаптар т.б.
Көрнекілігі:Суреттер, хронологиялық кесте, слайдтар
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аудару.
-Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға ізетпен сый көрсетейік.
-Қонақты қалай сыйлаймыз? (Жылы сөздер айтып)
-Ол қандай сөздер?
(-Қош келдіңіздер, жоғары шығыңыздар?)
I. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз:
білім алу, міндетіміз – еңбектену. 5-ке қолды жеткізу (Жыл мезгіліне байланысты бағалау, бәйшешектер жинау)
2.Үй тапсырмасы (баспалдақ ойыны)

- Үйге қандай тапсырма берілді?
-«Көжек» ертегісінің мазмұнын айтып, сұраққа жауап беру.
(тізбектей оқыту)
1) Шаруа көжекке қандай аяушылық білдіретін сөз айтты?
2) Көжектің қорқынышты халін баянда.
3) Шаруа неліктен көжекті үйіне әкелмекші болды?
4) Көжек неге жылы үйден қашты?
5) Туған-жер, отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Бағалау, қорытындылау.
3.Жаңа сабақ
II. Мағынаны тану
1. «Пікірлер ағашы» арқылы жазушы Бердібек Соқпақбаев туралы білетіндерін сұрау. (слайдтан көрсету)
1.Ол кім?
2.Қайда туған?
3.Қай жылдары өмір сүрген?
4.Қандай шығармаларын білесіңдер?
5.Қандай қызмет атқарған?
Сөзжұмбақ шешу
1.Сері атанған жігіт.
2. Кен өндіретін тау аты .
3. С.Бегалин әңгімесі.
4. Құйрығы айыр құс.
5.Шебердің ....ортақ
6.Қыран құс
7.Суы салқын шыныдай таза......екен
8.Таза бұлақ авторы.
9. ............аш адамға ат
басындай алтыннан түк пайда жоқ
3.Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Қамқорлық»Авторы Б.Соқпақбаев
(слайдпен жұмыс)
Бүгінгі өтетін тақырыпты өз беттерінше топқа бөлініп жұмыс жасау арақылы меңгереміз, ол үшін орталықтарға бөлініп отырамыз.
Қызыл түстілер оң жаққа, көк түстілер сол жаққа
III. Ой қозғау
1-топ. Оқу мен жазу орталығы
1. Әңгімені оқып, түсінігін айту
2. Әңгімедегі Жантасқа мінездеме беру
2-топ. Драма орталығы
Әңгіме мазмұнын оқып, көрініс қою
Қожаға мінездеме беру
Орталықтардың жұмысын тыңдай отырып, Венн диаграммасын құру
Суретпен жұмыс.

1-топ -Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
2-топ - Мәтінге сүйеніп, суреттегі торғайдың халін сипатта.Суретпен жұмыс.
- Торғайдың халі сендерде қандай көңіл күй туғызды?
(ұжыммен жұмыс)

Дәптермен жұмыс.
(Сөздік )
Әккі – төселген, әбден бойы үйренген
Топшы – құс қанатының кеудеге жалғасқан жері
Өкпесі өшу – алқыну, ентігу
Сергіту
Орнымыздан тұрамыз, Біз мейірімді баламыз!
Қолды белге қоямыз. Гүл-гүл болып жанамыз.
Бұрыламыз оңға бір, Жаттығулар жасасақ,
Бұрыламыз солға бір. Жақсы сергіп қаламыз
4.Бекіту
IV. Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма
1-топ
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Жақсының ісі-береке, жаманның ісі- келеке.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
2-топ
Балапан ұяда не көрсе , ұшқанда соны іледі.
Талапты бала талпынған құстай,
құмары қанбас аспанға ұшпай.
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
әдепсіз бала ата-анасын қақсатар
Қорытындылау
Не үйрендік, не білдік?
(сатылай талдау технологиясын пайдалану)
1. Ж.Аймауытовтың әңгімесі қалай аталады?
2. Б.Соқпақбаевтың әңгімесінің аты қалай?
3. Жүсіпбектің торғайы неден қорқып еді?
4. Бердібектің торғайы ше?
5. Жүсіпбектің торғайына ара түскен кім?
6. Бердібектің торғайы ше?

- Қожаның орнында сен болсаң не істер едің?
5. Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
Үйге тапсырма.
«Қамқорлық» тақырыбына сүйене отырып, Әдепті бала – арлы бала тақырыбына шығарма жазу. Мәтінді оқып, мазмұндау