?аза? тілі п?ні бойынша ашы? саба? та?ырыбы: Буын (3 сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Буын»
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік: буын туралы мәлімет беру.
Ә)Тәрбиелік: оқушыларды отан сүйгіштікке, адамгершілікке, жақ сы мінез- құлыққа тәрбиелеу.
Б)Дамытушылық: сөздік қорын молайту, тілін дамыту, дыбыстан сөз, сөзден сөйлем құру арқылы сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа үйрету
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе, сөздер.
Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру, сұрақ- жауап, ойындарСабақтың түрі: араласСабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру: а) Сәлемдесу
Амансың ба, Алтын күн
Асансың ба, жер ана
Амансың ба, достарым сендерді көрсем қуанам
ә)Оқу- құралдарын тексеруАртикуляциялық жаттығу:
Саңырауқұлақты елестету.
Әдемі күлімде
Атты тоқтатындар.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді.
Қане кім айтады?
Бақытжан: « Дыбыс және әріп»
Енді сендер маған айтыңдаршы
Балалар айтыңдаршы қазақ тілінде неше әріп бар?
42 әріп бар
Ал қазақ тілінде дыбыстар нешеге бөлінеді?
2 ге бөлінеді
Қандай-қандай?
1 . Дауысты, Дауыссыз.
Ал дауысты дыбыстар нешеу: 14
Дауыссыз 26
Енді сендекр маған айтыңдаршы Дыбыс дегеніміз не? Біз дыбысты не істейміз
Дыбысты естиміз,айтамыз.
Ал әріп ше?
Әріпті көреміз, жазамыз , оқимыз.
Қане айта қойыңдаршы неше таңба бар?
«2» қандай, қандай? –жіңішкелік белгісі және айыру белгілері. Өте жақсы
ІІ. Жаңа сабақ:
Ал енді балалар жаңа сабақ пен танысайық
Тақырыбы «Буын»
Буынға тән белгілер:
1. дауысты дыбыссыз буын болмайды.
А-та, ба-ла-лық, дәп-тер.
2. Бір ғана дауысты дыбыс буын құрай алады.
А-на, а-ға, а-ла-мын.
3. Бір буында бір ғана дауысты дыбыс болады.
Са-на-мақ, та-ға-ла, қа-зақ.
4. Екінші, үшінші буын дауыстыға басталмайды.
Са-на-мақ, та-ға-ла, қа-зақ.
Естеріңе сақтаңдар:
Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Сөздер бір буыннан құрылуы мүмкін Үй
Екі буын, үш буын төрт буын. Сөзіміз дәлелді болу үшін қане тапсырмалар орындайық
3 жаттығуды ашыңдар ауызша орындаймыз 32 бет
Балаларға орындату.
Балалар мен сендерге «қай буынды жоғалттым»- ойынын ойнатқым келіп тұр
Қазір мен сендерге бір буын айтам , сендер сөздің соңғы буынын табасыңдар
Мысалы СА-ҒАТ, ҚА-ЛАМ, ҚА-ЛА, ДА-ЛА, АЛ-МА
Тағы бір ойын «Достасқан буындар» деп аталады
Ойынныің шарты:Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды немесе касса буквты алу: орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы «ҚА» буынын айтса екіншісі келесі буынын табу кажет
Сергіту сәті:
Кітаптағы 4 жаттығуды орындаймыз дәптерлерің ді ашыңдар
Алдымен не берілгенін оқыту
Жекелеме жұмыс атқаратын балалармен жұмыс.
Асыл Аружан, Нұрдәулет, жеке тапсырма беру.
Қорытынды:
Бүгін біз не істедік. Не өттік, Қандай тақырыппен таныстық? Сөздер неше буыннан тұрады?
Үйге тапсырма:ереже жаттау.
2 жаттығу 31 бет