?аза? тілінен ашы? саба? жоспары Б?йтерек 6 сынып


ПӘН қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бәйтерек
Мақсаты:Білімділік: Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру. Жаңадан бой көтерген әсем «Бәйтерек-Астана» монументі туралы түсінік қалыптастыру. Дамытушылық:  Білім алушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Есте сақтау, көру қабілеттерін шыңдау. Ауызекі сөйлеу тілдерін, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорларын байыту. Айтылым, жазылым, сөйлеу барысында өтілген сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Тәрбиелік: Астанадагы жаңадан бой көтерген монументке таңдану мен мақтаныш сезімдерін туғыза отырып,Отанын сүюге баулу. Көрнекілігі: интерактивті тақта ,/слайд-шоу/ ,маркер, стикер, Сабақтың түрі: жаңа сабақ Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері. Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, география Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі-Сәлеметсіңдерме, балалар! :  Балалар үш тілде амандасады.-Бүгін нешесі? -Аптаның қайкүні? -Қазір қай сабақ? -Қазақ тілі нешінші сабақ? -Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлесеміз? -Жылдың қай мезгілі? -Қыс айларын атаңдар? -Қыс мерекелерін естеріңе түсіріңдер ? -Бүгін ауа-райы қандай? Ә) Психолгиялық тренинг: Есімдер жаттығуы.     Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен жақындастыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.
    Нұсқау: Қатысушылар таңдап алған қағаздардағы өзге есімдерін айтады және оларды бейнелейтін 3 сын есім айтады.(қазақша, орысша, ағылшынша)
Б) Топқа бөлу. Сурет арқылы екі топқа бөлінеді.
ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу. СӨЗЖҰМБАҚ шешу.Өткен тақырыпты қорытындылау.
1.Қазақстанның бірінші астанасы (ОРЫНБОР)
2.Қазақстан қандай мемлекет?(ТӘУЕЛСІЗ)
3.Жері байдың елі......................(бАЙ)
4.ҚР рәміздерінің бірі( ЕЛТАҢБА)
5.Астана қандай өзен бойында орналасқан?(ЕСіЛ)
6.Астана сөзінің синонимі( ЕЛОРДА)
7.Астана қаласының туған күні қашан? (ШІЛДЕ)
8.Отан сөзінің синонимі(АТАМЕКЕН)
-Балалар, қандай сөзді көріп тұрсыңдар?
-БӘЙТЕРЕК. . Олай болса, бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді көрсететін еліміздің бас қаласы Астана қаласында бой көтерген «Бәйтерек монументі» туралы болмақ. 
-Жақсы! Ал біздің сабағымыздың мақсаты не болмақ? Мына етістіктерді қоланып бүгінгі сабақтың мақсатын анықтайық.:үйренеміз, білеміз, құрастырамыз.
- Жаңа сөздерді үйренеміз
-Бәйтерек туралы білеміз
-Сұрақтарға жауап береміз
-Сөйлемдер құрастырамыз
-Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар!
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқулықты ашып, дәптерімізге бүгінгі күнді жазайық.
Сендерге бағалау парағын таратып беремін. Топ басшылары жазып толтырып отырасыңдарІ Сабақтың аяғында өз топтарындағы балаларды бағалайсыңдар!
Сөздікпен жұмыс. Кәне бәріміз бірге жаңа сөздерді оқып танысайық! Хормен, жеке,Осы сөздердің аудармасын кім оқиды? Қазақша –Мария, орысша Саша оқиды. Тағы бір рет бәріміз бірге оқып, есте сақтайық.
Осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырайық.
1-тапсырма. «Есте сақтау» деп аталады.
Суреттермен сөздердің аудармасын сәйкестендіру қажет.
Қазақстанның жүрегі
2-тапсырма. Сұхбатты рольдерге бөліп оқиды. Қалғандарын не туралы сұхбаттасқанын айтып кетесіңдер? Жақсы ма?
-Слайдтар арқылы екі оқушы диалогты оқиды.
-Ал, сендер не түсіңдіңдер?
-Оқушылар өз түсінгендерін айтады.
3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «БӘЙТЕРЕК.»
Оқушылар мәтінді өздері оқып, аударады.
4-тапсырма. «Қабырға сұрақтары « деп аталады.
Мәтін бойынша әр топ сұрақтар құрастырып, оны стикерге жазып, екінші топқа табыстайды. Топ мүшелері сұрақты оқып жауап береді.
Сұрақты дұрыс құрғаны үшін, жауап бергені үшін балл есептеледі.
ІҮ. СЕРГІТУ КЕЗЕҢІ: Музыкамен би қозғалыстары
Ү. Оқулықпен жұмыс.
5-тапсырма. ДҰРЫС, БҰРЫСЫН АНЫҚТА:
Бәйтерек қарлығаш құсы туралы аңызды білдіреді.
Оның биіктігі -97 метр
Шардың ішінде 300 тоннна су бар
Келушілер Елбасының алақанының ізіне қолдарын қояды.
Тілегін айтады.
Бәйтеректі қоршаған алаңға кілем төселген.
6-тапсырма. Сөйлем құру. Әр топқа екі сөйлемнен беріледі.
маған, ұнады, «Бәйтерек», монументі, қатты.
болашағы, зор, Астананың
ескерткіштері, бар, билердің, Астанада
асында, Бәйтеректің, шар, алтын, бар.
Ү. БЕКІТУ. ПОСТЕР ҚҰРУ.
Бәйтерек туралы әр топ өз түсінгендерін жазады. Қорғайды.
Бағалау критерийлері: Мазмұны (6-7 сөйлем)-5 балл
Көркемдігі-2 балл
Қорғауы( 3 стикер)-3 балл
Барлығы-10 балл
YІ.Сабақты қорытындылау. Балалар бүгінгі сабақта не білдік? Жалғастыр
БӘЙТЕРЕК....................
БӘЙТЕРЕК......................... .
YII.Бағалау. Әр топ жетекшілері топ жұмысын бағалайды..
YI. Рефлексия. 
-Бәйтеректің дәстүрін бұзбай сендер де бүгін сабақта өз тілектерінді стикерге жазып мына алақанға ілесіңдер!-Балалар тілектерін жазады.YII. Үй тапсырмасы: «Самұрық құс» туралы мәлімет табыңдар. «Бәйтерек» сөзіне фонетикалық талдау жаса, осы сөзді септеу.