Ашы? саба? жоспары Б?йтерек


Күннің жады:21.11.2012ж
Сабақ:қазақ тілі
Класс:8 «В»
Сабақтың тақырыбы:Бәйтерек
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік:Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлығын молайту, күрделі сөздерді оның ішінде біріккен сөздерді қайталау.
Ә) дамытушылық:Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, жеке тұлға ретінде өз пікірлерін айта білуге үйрету.
Б) тәрбиелік:оқушыларды елжандылыққа, елді, жерді құрметтеуге, патриоттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Тор көзді толтыру:
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Қазақ елінің , бүкіл түркі әлемінің қасиетті жері?
Түркістан түріктердің қандай астанасы ?
Түркістанда кім дүниеге келді?
Иасауи кім болды?
Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде не бар?
Тайқазан неше түрлі металдан жасалған?
Ү/т сұрау: Астана «Болжау» стратегиясы немесе «сандарды сөйлетейік»
Астананың алғашы іргетасы 1832 жылы қаланды.
1961 жылға дейін Ақмола қаласы болды.
1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград қаласы болды.
1993 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола қаласы.
1997 жылдан Қ.Р елордасы.
1998 жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
Жазбаша тапсырмалар : Астана тақырыбы бойынша,
1-топ Синквейн
2-топ Эссе жазу
3-топ Өлең жазу
Сұрақ:Тәуелсіздіктің символы не?
Жауап:Астанадағы Тәуелсіздік символы – «Бәйтерек» кешені.Олай болса,балалар,біз бүгін Бәйтерек туралы оқып үйренеміз.
Суретті сөздік
Самұрық құс
Алтын жұмыртқа
128-бет Мәтінді абзац бойынша оқимыз.
1-абзац Карта бейнесі.
2-абзац Н.Ә.Назарбаев портреті және «Қазақстан жолы» кітабы
3-абзацтан бұрын –Аңыз дегеніміз не?
-Халық ауыз әдебиетін кім шығарды?
-Оның мазмұны қандай?
-Халық ауыз әдебиетінің түрлері қандай?
-Олай болса,аңыз дегеніміз не?
-Аңыз –халық арманы.
3-абзац 9-слайд (теңіз,бәйтерек)
10-слайд (самұрық құс,алтын жұмыртқа,Ер төстік)
4-абзац (Бәйтерек суреті 11-слайд
12-слайд «Алты қалпақ»әдісі (Бәйтерек мәтіні бойынша)
Ақ қалпақ-жағымды жақтары,
Қара қалпақ-жағымсыз жақтары,
Сары қалпақ-қысқаша мазмұны,
Көк қалпақ-философиялық ой,
Қызыл қалпақ-сезімі,
Жасыл қалпақ-шығармашылық ой.
13-слайд Сәйкестілік тест(ауызша)
14-слайд Күрделі сөздер нешеге бөлінеді?Біріккен сөз дегеніміз не?
Сәйкестілік тест бойынша біріккен сөз бар ма?
Үйге тапсырма:1.Мәтіннің мазмұны
2.129-бет,1-тапсырма
3.Біріккен сөздерді қайталау.
Оқушыларды бағалау:
Үздік баға –
Жақсы баға-
Қанағаттанарлық баға-
Қорытындылау:
Не? Бәйтерек
Қайда? Астанада
Не үшін? Тәуелсіздік символы үшін
Не істеу керек? Мақтаныш ету керек!
Кәкімбек Салықовтың бір шумақ өлеңімен сабағымызды аяқтаймыз.
“Бәйтерек” құшақ жайған көшем жаңа,
Астана қарқын алды өсер дара.
Есілдің жағалауын жарқыратқан,
Аққудың ұясындай әсем қала.