Коучинг жоспары О?уда?ы кедергілер


ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕҢУ ЖОЛДАРЫ
(КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ) Коучинг Коучинг тақырыбы: Оқытудағы кедергілерді қалай жеңуге болады?
Жалпы мақсат:  Оқудағы кедергілерді жеңу жолдарын тәжірибеде қарастыру.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Әдістемелік нұсқауОқу нәтижесі: Оқушылардың оқудағы кедергілерін жеңуі, оқуы үшін  пәнге деген қызығышылығын оятады,  оқушылардың  сенімділігін аттырады. Сапалы білім алуына жетелейді.
Сабақта қолданылатын материалдар: Слайд-презентация
түрлі-түсті стикертер, видеоролик, флипчарттар, маркерлер
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі
«Ақылдың алты қалпағы» тәсілі, «Жәрмеңке» стратегиясы, «Саябақтағы орындық» әдісі
Тапсырмалар: Топтық  талдау, рөлдік ойын, салыстыру, эссе, зерттеу
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің  іс-әрекеті
Топқа бөлу
2 минут «Коучинг кассасы» бойынша топқа бөлінеді. Мұғалімдерді коучинг кассасынан билеттер алуға шақырады.  Билеттердегі тілектер бойынша топқа бөлінеді. «Жұлдызың жансын!», «Бақыт тілейміз!», «Сыйластық тілейміз!», «Махаббат тілейміз!».
Психологиялық ахуал туғызу (2 мин) «Көршінің суреті» тренингі мұғалімдер бір-бірімен танысу және  жайлы атмосфера орнату мақсатында жүріледі. Бір-біріне қарама қарсы отырады. Дәптерлерді төбесіне қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, қысқа уақытта /1,5 минут/ оның суретін сауға тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Сурет салынған парақтарды қолын қойып, бір-біріне тарту етеді.
Ұйымдастыру кезеңі
«Жәрмеңке»
стратегиясы
5 минут Салмақты ойлар жәрмеңкесін ұйымдастыру.
«Үйрету мүмкін емес!
Үйрену ғана ықтимал!»,
 «Адам басқаларды үйреткенді ұнатады, ал өзін үйреткенді жақтырмайды.», «Бүгін шәкірттерді іргелі білімге үйретпей, оны игеретін әдістемеге үйрету керек!», ««Мен айтып берсем-шәкірт түсінеді!» -деген ұстанымды бүгінгі күні  қолданбаған жөн», «Адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды жадында сақтайды», «Ұстаздың басты мақсаты-шәкірттерін өмір сүруге және адам болуға баулу»,  «Біз мектепте тек «Мен кім болам?» тақырыбында шығармалар жазып келдік те, алайда «Мен қандай болам?»  тақырыбында шығарма жазбаған шығармыз!...» , «Тұлға даму мәселесінде замануи педагогика білімділіктен шәкірттердің өзіндік ой-толғанысын (рефлексиясын) негіздеуге бет бұрған» Мұғалімдер  салмақты ойлармен танысады. Өздеріне ой салған ойларды таңдап себет-конвертке жинақтайды. Керексіз немесе келіспеген пікірлерді алмайды. Аудиторияны шарлап жүріп, бір-бірінен неге осы ойларды алғаны туралы сұрайды.
 
 
 
Бұл пікірлер қандай мақсатта жәрмеңкеге қойылды?
 
Дереккөздер
7 минут
«Шындық детекторы» блиц оқу ойыны Дайын видеороликті тамашалау. «Ұстаз нені білмейді?» 
 
Қандай кедергілер болады? Түйінді ой: ұстаз шәкіртінің ішкі жан-дүниесінің болмысы мен ахуалын білмейді, оқушының қандай ойы, пікірі, идеялары, дүниетанымы, көзқарасы, ұстанымы, түсінігі, пайымдауы, уәждері, дәлелдері, ұсыныстары бар екендігін білмейді.
Бағалау Блоб ағашы Өзін-өзі бағалайды
Дереккөзбен жұмыс  Кедергі таныстырылымы Оқушылардың оқуындағы кедергілерді жеңу жолдары Қызметтің танымдық саласы  Қызметтің әлеуметтік саласы
    
         Қызметтің аффективтік саласы 1.      Таным және оқу
2.      Қызметтің әлеуметтік саласы: қатынас және өзара әрекеттестік
3.      Қызметтің аффективтік саласы: мінез-құлық, эмоциялық және әлеуметтік  даму
Оқудағы
1. Саябақтағы орындық (суырып салып айту)  
 
 
 
Жалпы рефлексия: Отырған адамның орнын ауыстыртуда қандай рөлдер мақсатқа жете алды? Кім нақты сендіре алды, неге? Кедергіні жеңу қызметтің қай саласына жатады? Бір адам бақтағы жалғыз орындыққа отырады. Өзгелері жартылай шеңбер жасап айнала отырады.  Басқалардың міндеті: орындықта отырған адамды орнын босатып беруіне көндіру. Орындықта отырған адам өзін  жайлы сезінеді, оған қолайлы жағдай тумайынша орнын босатып беруге асықпайды.
«Көндірушілер» өз мақсатына жету үшін әртүрлі рөлдерді қолдана алады. Мысалы; полиция немесе мүгедек адам, т.б. сияқты рөлдер.
«Отырған» адам рас жауап беруі керек.
Бағалау Бірін-бірі бағалайды
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі Жағдаят.
     Мектептегі 9 «А» сыныбында күрделі жағдай орын алды. Сыныптың оқу сапасы күн сайын артқа кетуде. 2012-2013 оқу жылында 85 пайызды көрсетсе, 2013-2014 оқу жылының І жартысында 40 пайыз, ІІІ тоқсанда небәрі 21 пайызға жетті. Ал, сыныптың қоғамдық іске араласуы тіпті мәз емес, оқушыларды мерекелік іс-шараларда сахнаға шығуды қойды бірақ спорттық сайыстарда жетістіктері жақсы. Негізгі пәндерде оқушылар енжарлық танытса да информатика сабағы болатын күні қатты қуанады. Сыныпта барлығы 2012-2013 оқу жылында 22 оқушы болса, 2013-2014 оқу жылында 16 оқушы қалды. Мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері
мұндай күрт өзгерске қандай жағдай  әсер еткенін түсінбей, себебін   іздестіру үстінде.   Рефлексия «Сәлем хат» Сәлем хат
Көңілге шат
Гүлденген әлем
Әріптеске сәлем!
Коучинг қалай өтті?
Коучинг жөнінде ұсыныс:
\

Коучингтен көріністер