Орта буын?а бейімделу. Авторлы? ба?дарлама


№7 жалпы білім беретін шағын орталығы бар лицей орта мектебі
«Бекітілді»
Педкеңес отырысында Мектеп директоры:
қаралды және келісілді
(хаттама № ___ __________ ) __________ /Т.Агильская/
5 -СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ОРТА БУЫНҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ
«Танысайық, бұл МЕН!»
Құрастырушы–
педагог-психолог
А.Нурсалиева
Алматы 2014
ТҮСІНІК ХАТ
Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Сондықтан бағдарлама бойынша құрылған психология сабақтары жеке тұлғаның жаңа ортада, «үлкендер ортасында» дамуы және орта буындағы тәртіп ережесіне жеңіл қалыптасуына бағытталған.
Психологиялық бейімделу бағдарламасы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құралған.10-11 жастағы балалар аңқау, ашық, алаңсыз келеді. Өзі және басқа туралы ойларын жасырмай, бүкпесіз айтып береді. Орта буында «Үлкен болып кеттім» деген сезіммен үнемі ел көзіне түссем, мені көрсе, «Маған барлығы көңіл бөлсе деген» қызығушылық, таң қалдыру сияқты сезімдер байқалады. Олар әлі ойын баласы, бір жағдайдан екінші жағдайға еркін ауысады, жақсы-жаман рольдерге тез енеді, еркелеу, сынып жетекшіге «жабысқақ», невротизмнің белгілері байқалады. Сондықтан бағдарламада этика тақырыптары театрлық көріністерді қолдану арқылы беріледі. Сабақтарда жақтайтын, жақтамайтын әдеп нормаларын айқындайтын ситуациялық жағдаяттар беріледі. Көзімен көріп, сезіне отырып, әр оқушы қоршаған орта, ұжым туралы жеке тұжырым жасап, үйренеді. Мысалдар арқылы мінез-құлық, сезім, эмоция, мінез сияқты құбылыстарға түсініктеме беріліп отырады. Бағдарламада қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынасқа аса көңіл бөлінген, себебі осы жастағы ұл балалар «қызсың, қыздарша» деген жаман ойлармен қыздарды жақтырмаса, ал қыздар өзгеріп сыныптас ұлдарын менсінбеуге, көңіл бөлмеуге бейім келеді. Осы кезеңдерде алаңдаушылық деңгейі басым болады, жаңа пән мұғалімі алдында жауап бере алмау немесе барлығына үлгеріп, жан-жақтылы болып көріну сияқты өзгерістер білім сапасының түсуіне, уақтылы сабаққа қазығушылықтың әлсіреуіне әкеліп соғады. Мектеп психологінің мақсаты бала бойындағы үрейді игерту, өзіне деген сенімділікті арттыру, өз уақытын тиімді пайдалануға көмек көрсету. Бағдарламада баланың 5-сыныпқа үйренісіуі бойынша топтық және жекежұмыстар жоспарланған.
КУРСТЫҢ МАҚСАТ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты – 5 сынып оқушыларына орта буынға тез және жеңіл бейімделуі қалыптастыру
бейімделудің, үйренісудің қиындықтарын зерттеу, саралау және түзету, дамыту;
талапқа сай тәртіп ережесін игеру, бекіту;
сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынасты, бірін-бірі түсінетін ұжымды қалыптастыру.
Міндеттері:
Жаңа ортада өзін еркін сезінуге, жауапкершілікті мінез-құлыққа қалыптастыру.
Қиыншылықтарды жеңуде оңды істерді, мотивацияны дамыту;
Жаңа күн тәртібін, білімге ынтасын арттыруға көмек көрсету;
Сыныптастарымен конфликтіге келмей, сыйласты қарым-қатынаста болуын ;
Оқытудың әдіс-тәсілдері :
Жек тұлғалық қасиеттерге талдау жасау (тест қорытындысы бойынша).
Коммуникативтік және мінез-құліққа арналған тренингтер.
Ролдік ойындар
Музыкалық терапия, сурет салу терапиясы.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Ұйымшыл ұжым, жылы қарым – қатынас,сабаққа қызығушылығы жоғары, оқуға мүмкіндігінің болуы, тұрақты мінез – құлық, тәртіп, жағымды психологиялық ахуал, өзіндік «Мені» қалыптасқан жеке тұлға.
Тақырыптық жоспар
№ Тақырыптың аты Сағат саны
1 4-ші сынып соңында 5-ші сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен кездесу кешін ұйымдастыру 1
2 «Кел танысайық!» жаттығуы.( Психологиялық қарым-қатынас ортасы) Пән кабинеттерімен таныстыру 1
3 5 сыныпқа бейімделу(Сауалнама ) 1
4 Ата-анаға ашық хат 1
5 Сауалнама «Өзімді мектепте қалай сезінемін?» 1
6 Ролдік ойын «Қарым – қатынаста не қиын?» 1
7 Қорқынышты қалай жеңуге болады? (әңгіме, тест ) 1
8 «Менің ерекшелігім» оқушылардың өзіндік ой-пікірі 1
9 «Өзіңе өзің көмектес!» (музыка терапия, ертегі терапия, сурет).
Сауалнама «Мектептегі сезім»
«Түймедақ гүлі» әдісі арқылы қызығушылығын анықтау 1
10 Менің мінезім: тренинг
«Жасқаншақ», Айзенк бойынша темпераментті анықтау 1
11 Біздің жетістіктеріміз бен қиындықтарымыз. (Қорытынды сабақ) 1
Барлығы
11
Бекітемін:
Мектеп директоры:
Т.Агильская
4-ші сынып оқушыларының пән мұғалімдерімен кездесу кеші
Сабақтың мақсаты: 4-ші сынып оқушыларын 5-ші сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен таныстыру
Барысы: Салеметсіңдер ме балалар! Бүгін бізге бізге қонақа пән мұғалімдері келіп отыр. Біз келесі оқу жылында бастауыштан орта буынға,яғни 5-ші сыныпқа көшеміз. Сол сыныпта бізге осы пән мұғалімдері сабақ береді. Сол себепті сендер таныссын деп бүгін барлық пән мұғалімдерін қонаққа шақырып отырмын. Ол кісілер сендерге өте қызықты мәлімет дайындап келген екен. Қане бәріміз танысу үшін мына столдарымызға отырайық. (Оқушылар мен пән мұғалімдері шеңбер болып бір-біріне қарама-қарсы отырады.) Тағы бір көңіл бөлетін мәселе бір ғана пән мұғалімін емес, сол пәнге қатысты мұғалімдердің бәрін шақырамыз. Шаттық шеңберін құрып болсақ, бір-біріміздің атымызды айтып және атымызға байланысты бір қасиетімізді айтамыз, ал пән мұғалімдері өздері қандай пәннен беретіні туралы және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту үшін жағдай туғызады (Уақыт 2 минуттан). Пән мұғалімдері мен оқушылар танысып болған соң,оқушыларды топ-топқа бөліп отырғызып, әр топтың атын айтқызамыз. Мысалы, спортшылар, әншілер, бишілер, күйшілер, өнерқолдар, суретшілер, т.б. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салады. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып болғаннан кейін сабағымыздың соңында жүректен жүрекке айдарын қолданамыз. Себебі, оқушылар мен пән мұғалімдері бір-бірлерін есте сақтау мақсатында және бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында қолданамыз. Мысалы, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Марпуға апай. Мен сізге денсаулық тілеймін. Ал пән мұғалімі оқушының аты-жөнін әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін есте сақтап, келесі оқу жылында жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында жүргізіледі.
Келесі оқу жылында кездескенше, сау болыңдар!