Абылай хан та?ырыбында?ы ?аза?стан тарихы п?нінен ашы? саба? жоспары
Абылай хан
Оқыту мен тәрбиелеу міндеттері:
Білімділік:
Абылай ханның өмірі мен қайраткерлік жолы, 1729 жылы жоңғарлармен шайқаста Сабалақ аты шығуы, Абылайды ақ киізге хан сайлауы және оның хандықты күшейтуде өз заманының беделді де талантты тұлғаларға арқа сүйуі.
Дамытушылық:
Алынған, (игерілген) ақпаратты бір ізгілікке келтіру арқылы білімді саралау, ой түйіндеу.
Тәрбиелік:
Оқушыларды елжандылық тәрбиелеу, Отан тарихы мен ұлы тұлғаларын деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың мақсаты:
Озық тапсырмалардың орындалуын қорғауға мүмкіндік тудыру арқылы , оқушылардың игерген білімін көрсету, оқу үрдісіне ИКТ тәсілін қолдануды енгізу.
Көрнекіліктер: Оқушылардың іздену жұмысының нәтижесін презентациялау.
Түрі: Білім бекіту сабағы.
Тәсілі: Іздену жұмыстарының нәтижесі, миға шабуыл.
Мұғалім:
Оқушылар, бүгінгі сабақта бәріміз бірлесе жұмыс атқара отырып қазақ халқының біртуар ұлы, мемлекет қайраткері, қазақтың ұлы ханы Аблайдың өмірімен және қызыметімен танысамыз. Сабақтың біз үшін құндылығының арта түсетіні биыл күллі қазақ халқы болып Абылай ханның 300 жылдық мерей тойын атап өтіп жатқандығы. «Абылай хан» тақырыбында әзірлік ретінде сендер озық тапсырмалар алдыңдар, ендігі кезекте өздерің осы озық тапсырмадан үйренген, ұққан, түсінген дүниелеріңді бізге ұсынуға дайын болып келіп отырсыңдар. Қазір сендер озық тапсырма нәтежиелерін презинтатция ретінде қорғайсыңдар, әрі осы ақпараттарды бекітетін жұмыстар ұсынасыңдар, ал біздер сендерді мұқият тыңдап білімімізді толықтырып сұрақтарға жауап береміз. Бүгінгі жаңа тақырыпты міне ослай меңгереміз, мұндағы ең басты мақсат бәрлерің білім алуға оны толық игеріп өз қажеттіліктеріңе жаратуға белсенді түрде ұмтылуларың болып табылады.
Іздену жұмысына жүргізген оқушылар мына мәселелерді көтеріп, зертеп, қорғауға әзірлеуге тиіс болатын: 1. Абылай ханның өмірі мен қайраткерлік жолы, (бұл тақырыпта Керейхан Айбат) 2.Төле би мен Сабалақ тақырыбында Жанатаев Бауыржан, 3. 1729 жылы жоңғарлармен шайқаста, жекпе-жек Абылай аты шығуы; (Қабылов Бейбарыс) 3.Абылайды серіктері (Саятов Аңсар) 4. Абылай ел есінде (Қадыр Сымбат) ,, Абылай ханның 300 жылдығы (Нұрболқызы Аружан)
Енді осы тапсырмалардың қандай деңгейде орындалғанын көрейік.
Мен ортаға Керейхан Айбатты Абылайдың жастық шағы тақырыбында өз жұмысын қорғауға шақырамын.
Абылай хан – қазақтың ұлы хандарының бірі, аса көрнекті, қолбасшы және дипломат. Ол 1771 жылы Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Әбілмансұрдың әкесі Уәли сұлтан Түркістанды билеп тұрған кезінде бір шайқаста қаза тапқан. Жау қолынан туған-туыс, үй іші қырылғанда ханның сенімді көмекшілерінің арқасында Әбілмансұр ғана аман қалады. Осы қырғыннан жас ханзаданы Ораз аталық дейтін адам алып шығып көшпелі қазақ ішінде жан сақтайды.
Бекіту тесті
Абылай ханның шын аты кім?
а/Әбілмансұр б/Сабалақ в/Уәли
Абылай қай қалада дүниеге келді?
а/ Созақ б/Ташкент в/Түркістан
Түркістанды билеген Абылайдың әкесі:
а/Әбілмәмбет хан б/Көркем Уәли в/Барақ сұлтан
Әбілмансұрдың аталығы:
а/Ораз б/Шарыш в/Төле би
Ортаға Жанатаев Бауыржанды «Төле би және Сабалақ» тақырыбында өз жұмысын қорғауға шақырамын.
Абылай көпке дейін шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады. Төле би үсті – басының тоз-тозы шыққан, шашы өскен оған осы есімді қойыпты-мыс. Алайда көреген дана би Сабалақтың жай тұқымнан емес екенін түсінген. Осы кезден-ақ оның бойынан ірі қайраткерге тән қасиеттер байқала бастады. Ақылмен, батырлығы, табандылығымен көзге түседі
Бөгенбай батыр мен Сабалақтың кездесуі
Сабалақ ер жеткен шағында Төле биге сәлем бере келген Бөгенбаймен танысады. Бөгенбай адамның да, малдың да асылын бір көргеннен таниды екен.
Бөгенбай Сабалақты көргенде:
Шырағым-ай, көзің отты бала екенсің!
Мінезің қазақтағы хан екенсің.
Жазға салым қалмаққа аттанамыз,
Соған да керек болар жан екенсің!
деп батасын беріп, астындағы Нарқызыл атты тұлпарын сыйға тартқан екен.
Бекіту жұмысы. Ашық тест
Балалар, ашық тестте ақпарат толығымен беріледі, (тақтада жазылады) . Тек ондағы сөз тіркестерінде қажетті қолданылуға тиіс мәлімет орны бос қалдырылады.
Сендердің міндеттерің сол ашық қалған орынға тиісті ақпаратты қою .
Ашық тестті шешу үшін сабақта берілген ақпараттарды мұқият тыңдау керек.
Әбілмансұр жетім қалған соң __________ малын бақты, ол оған киіміне қарап __________ ат қойды.
Бөгенбай батыр Әбілмансұрды __________ шайқасқа шақырды.
Әбілмансұр мал бағып жүрген кезде – ақ өзінің __________ , __________ көзге түсті.
Ортаға Қабылов Бейбарысты «Жекпе-жек» тақырыбында өз жұмысын қорғауға шақырамын.
1729 жылы жоңғарлармен болған шайқас болып, бұған Сабалақ қатысып, аты шығып алғаш көзге түседі. Шығыс дәстүрі бойынша шайқас жекпе-жекпен басталды. Бұл ұрыста 20 жасар Әбілмансұр қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте жеңіп шығады. Содан кейін қалмақтың қалың қолына “Абылайлап” ұрандап, қарсы шабады. Қазақтар аруақтанып жауын жеңеді . Қалмақтың қас батырын жеңген Әбілмансұрдың аты кең-байтақ қазақ даласына тарап, енді оны “Абылай” деп атап кетеді. Осы шайқастан кейін Абылайдың шыққан тегі мәлім болып, қазақтың ханы Әбілмәмбет тақ сенікі екен деп тағын ұсынған екен. Абылай ресми түрде 1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін ғана таққа отырды.
Шарышпен жекпе-жек «Абылайлап» жауға шапқан қазақтар
Ұранға айналған Абылай
«Таза тақта» білімді бекіту жұмысы
Жекпе-жек Абылайұраны 1711жӘбілмансұржеңді«Абылай»олоныңдүниеге келдіШарышболды
1771 жылы үш жүздің өкілдері Абылайды хан көтерді
Мұғалім:
1871 жылы үш жүздің өкілдері жиналып, Абылайды хан сайлайды. Абылай он жыл хандық құрды. Ол осы кезде қазақтардың басын біріктіріп, күшті мемлекет құрды.Сондықтан да Абылайды көзі тірісінде-ақ қазақтар “әулие” деп атады. Абылай тек қана ел басқарған хан емес, ол өнерлі музыкант болды, оның “Шаңды жорық” деген күйі бар. Абылайға тән қасиеттер: дипломат, саясаткер, музыкант, шешен, бат.ыр, білімді, әділ .
Рефлекциялық жұмыс
Балалар, рефлекциялық жұмыс дегеніміз қазір тақтадан берілетін сұрақтарға тез және әр түрлі нұсқада жауап беру арқылы өз біліміңді көрсету. (мысалға Абылай хан, көреген т.б.)
Рефлекциялық жұмысқа қатысу адамның тез ойлау, тез шешім қабылдау қабілеттерін дамытады.
Ал казір рефлекция басталады, іске сәт!
Рефлекциялық сұрақтар:
Абылайдың хан көтерілген жылы.
Абылайды кімдер хан көтерді.
Абылайдың көзі тірісінде қазақтар қалай атады.
Абылайдың атақты күйі.
Абылайға тән қасиеттер.
Ортаға Саятов Аңсарды «Абылай серіктері» тақырыбында өз жұмысын қорғауға шақырамын
Үшінші артық немесе қатені табу
Балалар, бұл жұмыста әр топтамада берілген үш ақпараттың біреуі қате, демек, бүгінгі тақырыпқа қатысы жоқ.
Сендердің міндеттерің осы “Үшінші артық” түсінікті алып тастап (сызып тастап) қалған екі ақпаратқа түсініктеме беру .
Абылайдың ақылшысы болған ақын:
а/Бұқар жырауға б/Үмбетей жырауға в/ Махамбет
Абылайға ақылшы болған билер:
а/Майқы би б/Төле би в/Қазыбек би
Абылайдың қол бастаған батырлары::
а/Амангелді б/Бөгенбай в/Қабанбай
Ортаға Қадыр Сымбатт «Абылай ел есінде» тақырыбында өз жұмысын қорғауға шақырамын
Ортаға Нұрболқызы Аружанды «Абылай ханға 300 жыл» тақырыбында өз жұмысын қорғауға шақырамын
қорытынды:
міне балалар, біз бір сабақтың көлемінде бірлескен іздену жұмыстарының нәтижелерімен танысу барысында негізгі мақсатымыз «Абылай хан» деген тақырыбымыздың өзекті мәселесі, қазақ тарихында Абылай хан есімі неліктен үлкен құрметпен аталады, еске сақталады деген сұрақтарға жауап беруге тырыстық. .Қазақ халқының тарихында өшпес орын алған тарихи тұлға – Абылай хан халық есінде мәңгі сақталады .
Бағалау.
Үй тапсырмасы: 19 ғасырдағы Тәелсіздік үшін күрес жылдары. Озық тапсырма дайындау
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытылатын Ю.Гагарин атындағы №8 арнаулы гимназиясы
Тарих және қоғамдық пәндер онкүндігі
Ашық сабақ тақырыбы: «Абылай хан»
Тарих пәні мұғалімі: И.Ә.Налибаева