Lesson Study ?дісіні? тиімділігі
LESSON STUDY ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ Мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуетін олардың кәсіби өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруларына ықпал ететіндей қолдау көрсетілген жағдайда ғана көрсете алады. Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қажет. (Bolam, Mc Mahon, Stoll et al, 2005) (Нұсқаулық, 88-бет) Lesson Study - мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. LESSON STUDY МАҚСАТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ LESSON STUDY МАҚСАТЫ САБАҚ УАҚЫТЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫ ИГЕРУІ ТУРАЛЫ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ БОЛЖАМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ БІРЛЕСКЕН ТӘСІЛГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН КӘСІБИ ОҚЫТУДЫ ДАМЫТА ОТЫРЫП, ОҚЫТУДЫ ҚАЙТА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҮШІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АСА ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ОҚЫТЫЛУЫН БАҚЫЛАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. LESSON STUDY МҰҒАЛІМДЕРДІ ӨЗ ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН ПІКІРЛЕРІН ТЕКСЕРУГЕ ИТЕРМЕЛЕУІ МҮМКІН, МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ДИАЛОГТЫҢ КЕҢ БОЛУЫҢА СЕБЕП БОЛАДЫ, АЛҚАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ, МҰҒАЛІМДЕРДІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЙДЫ, ОҚУ КУРСЫН АСА КЕҢ ТҮСІНДІРЕДІ. Эксплициттік білім және имплициттік білімКітапты оқудан және конференцияларға қатысудан сіз тек эксплициттік, анық біл ім аласыз. Бірақ көп жағдайда тәжірибе үшін эксплициттік жеткіліксіз. Сіз эксплициттік білімді имплициттік білімге айналдыра алғаныңызда тиімді болуы мүмкін. Осылайша көптеген мұғалімдер өз тәжірибесіне сүйенеді. Тәжірибе арқылы сіз имплициттік білім ала аласыз. Ал Lesson Study тәжірибесі имплициттік білім алудың аса тиімді тәсілі болып табылады.Мектеп мәдениетінің маңызыЖапониядағы зерттеуге сай мұғалімдердің оқыту дағдыларына басшының шеберлігі ғана емес, сонымен қатар мектеп мәдениеті де әсер етеді. Басшының шеберлігі мен дарыны мектеп мәдениетінің қалай дамуына әсер етеді. Көшбасшылық мектеп мәдениетін дамыту жөніндегі танымал стратегия болып табылады. Әрекет арқылы зерттеу (Action Research) және Lesson Study мектеп мәдениетін дамыту жөніндегі жақсы стратегиялар болып табылады. БІРГЕ БАС ҚОСУ – БҰЛ БАСТАМА, БІРГЕ БОЛУ – БҰЛ ПРОГРЕСС, АЛ БІРІГІП ЖҰМЫС ЖАСАУ – БҰЛ ЖЕТІСТІК. ГЕНРИ ФОРД Мектеп зерттеулеріне сай түгел дерлік бастауыш және орта мектептер Lesson Studyді жылына бір рет не бірнеше рет қолданады. Орташа алғанда, бастауыш мектептер Lesson Study жылына 10 рет өткізеді, ал орта мектептер Lesson Study жылына 5 рет қолданады. 70% бастауыш және 66% орта мектептер жиналыстар өткізіп, оларда зерттеу сабағы үшін жасалған сабақ жоспарын талқылайды. Басшы және әдіскер коучинг LS әдістері. Барлық мұғалімдер зерттеу сабағын қолданады. Сабақ жоспарын жасау үшін мектеп мұғалімдерімен кездесуді ұйымдастыру Мектептің өте жақсы мәдениеті. Мұғалімдер арасындағы өзара тікелей әрекет. Мұғалімдердің жоғары сапасы жөніндегі нұсқаулық. Мектеп оқушыларының тестілік бағалау сомасы. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ ПЕН ЖАПОНИЯДАҒЫ LESSON STUDY АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ Қазақстан Жапония Жылына бір рет ашық сабақ міндетті міндетті Ашық сабақты бақылау ерікті Ерікті Кесте Ашық сабақ үшін Ашық сабақ үшін, сабақ жоспары бойынша жиналыс, сабақтан кейінгі кеңесу Lesson Study комиссиясы жоқ Кесте жасау және Lesson Study үшін таңдау Сабақ қашан өткізіледі? Сабақтары жоқ мұғалімдер ғана қатыса алады. Басқа сабақтар болмайды және барлық мұғалімдер қатыса алады. Бақылаушының мақсаты Мұғалімге пікір қалдыру Бақылау дағдысын жақсарту, мұғалімге пікір қалдыру Сабақтан кейін талқылау Тек мұғаліммен ғана талқылау 4-6 адамнан тұратын топтарда талқылау, топ болып талқылау қорытындысында нәтижелерді талқылау LESSON STUDY ТӘЖІРИБЕСІН ӨТКІЗУ 5 КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ Бақылау және талқылау көзқарастары Мұғалімге пікір қалдыру немесе мұғалімді бағалау Әр оқушы сабақ барысында қалай оқитынын бақылау; Сабақты қалай жақсарту керек екендігі туралы ойлану Ғылыми басшы Жоқ Ғылыми басшы сабаққа қатысады, мұғалімдердің пікірталасының қорытындысын шығарады, оларға кеңес береді. 1. Мектеп басшысы жүзеге асыратын дайындық 2. жоспарлау 3. Сабақты бақылайды 4. Сабақ пен диалог шолуы (бақылаушылардың талқылауы) 5. Lesson Study есеп жазу 1 және 2 кезең аралығында пән бойынша негізгі тұжырымдамалар, педагогикалық әдіс тәсілдер, қажетті дағдылар бойынша ізденіс, зерттеулер жүргізу 2 және 3 кезең аралығында сабаққа дейінгі, сабақтан кейінгі іс әрекеттердің өзара байланысы, оқушы-ң топтасуын қадағалау, сабаққа дайындық, оқушыларды сабақ барысында видео камераның болуына психологиялық тұрғыда дайындау 5 және 1 кезең аралығында деректерді қайта қарау, зерттеу сабағын жақсарту жөнінде рефлексия, қосымша материалдарды оқу 3 және 4 кезең аралығында іс әрекеттер жөнінде рефлексия, сабақты дамыту жөнінде пікірлер, жазбалар бойынша түсініктемелер жасау, өткізілген сабақ жөнінде әсерін жазу Өз ойларыңызбен бөлісу кезінде жаңадан қаншама нәрсе білетініңіз таң қалдырады, сондықтан күрделі жағдайларда мен бұл мәселені неліктен дәл осылай шешу керектігімізді дәйектеуіміз қажет. Соның нәтижесінде біліміміз нығайып, өз бетімізше істей алмаған нәрсені түсінуімізге мүмкіндік туады Адамдардың реакциясын көру маңызды: егер бір нәрсе қолдан келмесе де, ол «қаралы оқиға» деп қабылданбайды, себебі адамдар оны бірлесіп жоспарлады. Есікті жауып алып, өз сабағын беретін мұғалімдер кенеттен: «Тұра тұрыңдар, бұл мен үшін, сондай-ақ сабақтағы балалар үшін пайдалы ғой. Мен істеп отырған нәрсе менің сыныбымның ғана емес, бүкіл мектептің нәтижесін көрсетпей ме?!» – деп ойлануы мені расында да таңғалдырды, әрі қуантты. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!