М?мкіндігі мол «Lesson Study» т?сіліні? тиімділігі
Бастауыш сынып мұғалімі Искендерова Тамара Азирбаевна
Мүмкіндігі мол «Lesson Study» тәсілінің тиімділігіLesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді. Бұл тәсіл ХІХғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған
Lesson study – дің ерекшеліктері жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарап оқыту, мұғалімдермен біріге отырып жұмыс істеу. Мұғалімдердің зерттеуі оқытудағы жаңашылдықты бағалау. Іс –әректтегі зерттеу кәсіби жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады . Нәтижеде Lesson Study тәжірибелік білімді әріптестерімен бөліседі. Оқушылардың маңызды білім алуына жағдай туады.
Lesson Study қағидаттары Бірлескен жоспар,LS өткізу (қадағалау, талдау,таныстыру)Оқытылатын оқу бағдарламасының мазмұныЗеріттелетін оқушылардың қажеттіліктеріМұғалімнің оқытуын емес,оқушының оқуына баса назар аударуЖетілдіретін, жасалатын, өзгертілетін оқу әдістемесі
Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: • әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; • мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге; • оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;
Бастауыш және орта буындарда негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында 6 «А»,«Ә» және 4 «А», «В» сыныптарында “Lesson Study” жұмыстар жүргізілдіLesson Study Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеп отырды.
Lesson study – мұғалімнің практикалық білімінің дамуына бағытталған сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеудің жоғары түрі. Зерттеу сабақтарынан кейін мұғалімдер өздерінің педагогикалық әдістерін жаңартады, өзгертеді. Кәсіби біліктілікті жетілдіретін технология
ҚорытындыLesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.Қай кезде де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.