Саба? сапасы ж?не білім алушыларды? психологиялы? даярлы?ы. Lesson study ?дісін ?олдану тиімділігі


Сабақ сапасы және білім алушылардың психологиялық даярлығы. Lesson study әдісін қолдану тиімділігі
Есенова Ляззат Сайкомовна
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі, педагог – психолог
Қоғамдағы адамзаттық қажеттіліктер артқан сайын, кез-келген өзгерістерге шығармашылық арқылы жету, мәселелерді дәстүрлі емес және сапалы шешетін, қоғамның жылдам ырғақпен дамуына байланысты, адамдарды жағдайлары тез ауысатын өмірге дайындау қажет. Қазіргі заман талабына сай білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын артырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді түсіндіру оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру қазіргі білім беру саласының алдыңғы өзекті психологиялық мәселелердің бірі болып отыр.
Студенттердің әр курстағы дамуы бірнеше сипатқа ие.
Бірінші курс ұжымдық өмірдің студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті үйрету міндетін шешеді. Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Бірінші курстағы студенттер де өз рөлдеріне дифференциацияланған қадам жоқ.
Екінші курс – студенттің оқу әрекетіндегі ең қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған деп саналады.
Үшінші курс – мамандандырудың басталуы, ғылыми жұмысқа қызы-ғушылықтың күшеюі студенттің кәсіби қызығушылығының тереңдеуі мен ары қарай дамуының бейнеленуі ретінде көрінеді. Мамандануға табанды қажеттілік жеке адамның жан жақты қызы-ғушылықтары аумағының таралуына жиі әкеліп соғады. Әдетте, жоғарғы оқу орнындағы жеке адамның қалыптасуының түрлері мамандану факторымен анық-талады.
Төртінші курс – оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу. Студенттер мінез-құлқын арнайы дайындықтың рационалды түрлері мен жолдарын интенсивті іздестіру. Студенттер мәдениет пен көпшілік өмір құндылықтарын асыра бағалайды; оқу орнын жақында тәмәмдау перспективасы – болашақ іс-әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидалары қалыптасады. Жұмыс орны, материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты одан әрі өзекті бола бастаған жаңа құндылықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп оқу орнының ұжымдық өмірінен алшақтай бастайды.
Үшінші және төртінші, кей жағдайда екінші курстарда өмірлік серігін іздеу маңызды рөл атқарады. Бұл да студенттердің қоғамдық іс-әрекеті мен үлгеріміне әсер етеді. Қарама-қарсы жыныс өкіліне қызығушылық студенттер мінез-құлықтары мен ақыл-ойында мәнді орынды иеленеді. Интимдік қарым-қатынастар өзін жақсы көрсетуге, жұмысты көңіл-күй, шығармашылық белсенділік тудыратыны жиі кездеседі, десек те, О. Кернбергтің ойына жүгінсек эмоционалды өзара қарым-қатынастарда агрессия мен махаббат өзара әрекеттесе рөл ойнайды .
Студенттік жас кезеңдерінде төмендегідей жаңа жасалулар, мүмкіндіктер анық байқалады:
ақыл-ой, адамгершілік қатынастағы зерделілік (ересектік);
наным-сенім, дүниеге көзқарасы;
өзбеттілік - турашылдық;
сыншылдық және өзіне сыншылдық;
ішкі сенімсіздікті тудыратын өзіндік бағасының қайшылығы;
максимализм, үлкендердің ойына жағымсыз қатынас;
екі жүзділік, қалжың, дөрекілік, айқаймен әсер етуге талпыныс;
интеллектуалдық танымдық дамудың жоғарғы шегі.
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.
Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды.
• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.
• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.
• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.
• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.
• Lesson Study-ді талқылайды.
• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.
• Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.
Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.
Lesson Study жүргізу
Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Мектепте жаңа кәсіби оқыту әдісін енгізу ұнайтын бір топ мұғалімді іріктеп алыңыз (үш адам болғаны қолайлы болмақ). Бұл топтың құрамына басшылық өкілі мен бай тәжірибесі бар мұғалім қатысса, Lesson Study тиімді болады. Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде өздерін сырттан қатаң бақылауға алынғандай сезім тудырмай, кідірместен «тәуекелге бел бууға» мүмкіндік беретін негізгі ережелерді белгілеу мақсатында мәжіліс өткізіңіз. Lesson Study барысында топтың барлық мүшелерінің кәсіби білім алушы ретінде мәртебесі тең болады. Белгілі бір мектептің, сыныптың немесе белгілі бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: топтық жұмыс арқылы оқыту үшін
Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Бірінші Lesson Study-ді қандай топта өткізетіндігіңізді анықтап алыңыз, содан кейін әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш оқушыны: жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін таңдап алыңыз. Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтап алыңыз. Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетініңіз туралы қысқа да нұсқа жазып алыңыз. Өзіңіз жетілдіргіңіз келетін немесе пайдалануды жоспарлап отырған оқыту әдісінің қолданылу ретіне назар аудара отырып, сабақтың әр кезеңін жоспарлаңыз. Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетіңізді жазып отырыңыз: өзінің тақырыпты игеру қарқынын көрсету үшін әр оқушы әрбір кезеңде не істейді. Қандай ресурстар қалай қолданылатындығын және тақтада не жазатыныңызды барынша дәл анықтап алыңыз, әрбір кезең үшін уақыт шеңберін белгілеңіз. Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (оқушыларды) қадағалайтынын келісіп алыңыздар. Барлығы екі оқушы қадағалап, үшінші оқушы назардан тыс қалмайтынына сенімді болыңыз.
Бақылаудағы оқушылар жұмыс істеп отырған кезеңдерді бірлесіп бағалауға ерекше назар аударыңыз. Сіз оқушылардың жетістіктерін бағалау материалдарын қолдана аласыз. Lesson Study бірлесіп жоспарланатындықтан, ол топтың бірлескен меншігі болып табылады. Бұл бақылаушылардың мұғалімге емес, бақылаудағы оқушыға (оқушыларға) көп көңіл бөлетіндігін білдіреді. Олар әрбір бақылауды бақылаудағы оқушыға ғана негіздей отырып бастауға тырысып, кейіннен бақылау аясын кеңейту арқылы топтың немесе толық сыныптың қамтылуына ұмтылуы керек. Бақылаушылар бақылаудағы оқушылардың сабақтың әр түрлі кезеңіндегі жауаптарын белгілеп отырып, осы кезеңде жоспарланған нәтижеге сәйкестігін немесе одан алшақтығын ескеріп отырулары қажет. Екіталай жағдай туындаса, оларды да ескеру қажет. Егер барлығына бірдей жағдай орын алса (мысалы, барлық оқушы бір нәрсені дұрыс түсінбесе), оны оң жақ бағанға белгілеңіз. Мүмкін болса, әрбір түсініктеменің уақытын белгілеп отырыңыз. «Адамдардың реакциясын көру маңызды: егер бір нәрсе қолдан келмесе де, ол «қаралы оқиға» деп қабылданбайды, себебі адамдар оны бірлесіп жоспарлады»
Олардан сабақ соңында белгілі бір аспекті бойынша қандай нәтиже күтетініңізді сипаттаңыз.Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар Саған сабақта бәрінен де не ұнады?Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы? т.б.Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?
Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің? Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің? «... Олар [оқушылар] бүкіл оқу үдерісін қолға алады, ол үшін жауап береді және бұл істе оларға көмек көрсетіледі. Бұл - ғажап, себебі ... олар біз үшін оларға көмек көрсетуге жағдай жасай отырып, бізбен байланыста жұмыс істейді. Таң қаларлық, шынымен таң қаларлық құбылыс!»
Lesson Study тобына мүмкіндік болса сабақтан кейін бірден жиналу қажет (әрине, сабақ өткеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей). Сіз топ мүшелерін Lesson Study-ден кейінгі жетістікті талқылау критерийлерімен таныстыра аласыз:
Сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;
Бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау;
Сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде бағалау;
Бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен мәселелерді белгілеу;
Талқылаудың «модераторын» (талқылауға позитивті бағыт беріп отыратын төраға) тағайындау, бұл рөлді ол адамның қызметімен байланыстыруға болады;
Талқылау барысында lesson study тобының білім алғандығын жазып алып отыратын және соңында осы топ мүшелеріне немесе топқа кірмейтін адамдарға түсініктеме беретін «кеңесшіні» (соңғы түсініктеме беретін адам) тағайындау. Бұл адам мектеп қызметкері болмауы да мүмкін.
45294554572000Сабақ қорытындысы бойынша талқылауларды жазуБақылаудағы АоқушыБақылаудағы BоқушыБақылаудағы CоқушыОқушының әрқайсысы қандай прогреске қол жеткізді? Ол жеткілікті болды ма? Олардың сыныптарындағы басқа оқушылар қандай нәтиже көрсетеді? Енгізіліп жатқан әдіс қалай көмектесті немесе кедергі келтірді (екеуі де болуы ықтимал)?Қандай тосын оқиғалар болды? Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы әдістеменің қандай аспекті(лері) түзетілуі керек?Келесі жолы біз не істеуге тырысуымыз керек?
Т.А.Ә.А...……………………………….. Мерзімі…………………………………….Lesson Study:
Lesson Study-ді бастамас бұрын топ мүшелеріне өздері енгізіп жатқан оқыту әдісінің негіздеріне қатысты қандай жұмыс атқарғанын, ол туралы не білгенін, нені пысықтағанын әріптестеріне көрсетуге мүмкіндік беру қажет. Бұл Lesson Study тобына өз пікірлері мен ойларын әріптестері алдағы уақытта оны пайдалана алатындай етіп нақты баяндауға мүмкіндік береді.
Білім негізін қалануы тиіс десек, ұрпақ тәрбиесі алдында мұғалім жауапкершілігі басты орында болуы тиіс. Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың өткені мен бүгінгісін, салты мен дәстүрін тарихи асыл мұраларымызды біліп қастерлеп, қазіргіміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру өмір қажеттігінен туындап отырған әрбір мұғалімнің азаматтық парызы мен міндеті деп түсінген жөн.
«… Есікті жауып алып, өз сабағын бере беретін мұғалімдер кенеттен: «Тұра тұрыңдар, бұл мен үшін, сондай-ақ сабақтағы балалар үшін пайдалы ғой. Мен істеп отырған нәрсе менің сыныбымның ғана емес, бүкіл мектептің нәтижесін көрсетпей ме!?» деп ойлануы психологиялық жағдайды реттеуі сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
http://ped.kz/clubs/34_-zger-s-eng-zu-zaman-talaby.htmLesson Study: нұсқаулық Пит Дадли
http://lessonstudy.co.uk/Dudley, P. (2008). Lesson study in England: from school networks to national policy [Lesson study Англияда: мектептің желілік қоғамдастығынан мемлекеттік саясатқа дейін]. Presented at the World Association of Lesson Studies Annual Conference, Hong Kong Institute of Education.
Dudley, P. (2011). How Lesson Study orchestrates key features of teacher knowledge and teacher learning to create profound changes in professional practice [Кәсіби тәжірибеде түбегейлі өзгеріс жүргізу үшін Lesson Study мұғалімнің білімі мен дағдыларының негізгі мазмұнын қалай анық