Тренинг Мені? к?ш ?уатым
Сынып ұжымына психологиялық- педагогикалық
мінездеме.
Мен Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ақсуат ауылы Новодолинка орта мектебінде 2 «а», және 4 «а» сыныбында болдым. 2 «а» сыныбында барлығы 8 оқушы, 4 «а» сыныбында барлығы 5 оқушы. 2 «а» сыныбында 4 ер бала 4 қыз бала оқиды. Жалпы алғанда оқушылардың оқу белсенділігі, сабаққа деген қызығушылығы, сабаққа қатысуы, тәртіптері жақсы.
4 сыныпта қанағаттандыратын оқушы-3, жақсы оқитын оқушылар саны-2, 2 сыныпта қанағаттандыратын оқушы-4, жақсы оқитын оқушы-3, үздік оқушылар саны-1.
Біздің сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттері мол. Үлкенге ілтипат, кішіге ізет көрсете біледі. Бойларынан адалдық, инабаттылық, әдептілікті, ізеттілікті көруге болады. Сыныпта өнерден құр алақан қалған оқушы жоқ. Бірі ән айтып би билесе, біреуі сурет салады, ал бірі өлең оқиды. 4 сынып оқушылары сабақты қызығып оқиды. 4 сыныптың топ басшысы Земфира сынып оқушыларына қолынан келгенше көмек көрсетіп білгенін айтады. Сынып жетекшісімен ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы. Бірін-бірі тыңдай сыйлай біледі. Сынып оқушылары шығармашылық тапсырмаларды қызыға ынталана орындайды. Сынып оқушылары олимпиадаларға, мереклік іс-шараларға белсене атсалысады. Сынып оқушылары мектеп формасымен келеді.
4 курс білімгерінің педагогикалық тәжірибенің нәтижесі туралы есебі.
Мен Байдилдаева Дария Бахытжанқызы. Мен іс-тәжірибемді Ақмола облысы Ерейментеу ауданы Ақсуат ауылы Новодолинка орта мектебінде 2 «а» және 4 «а» сыныбында өткіздім. 2 «а» сыныбында барлығы 8 оқушы бар. Оның 4-і ер бала, 4 қыз бала. 4 «а» сыныбында барлығы 5 оқушы бар. Оның 3 қыз 2 ер бала. Жақсы оқитын оқушылар-2, қанағаттандыратын-3. Үздік оқушы жоқ. 2 «а» сыныбында үздік оқушы-1, жақсы оқитын оқушылар-3, қанағаттандыратындар-4.
Сынып белсенділері:
топ басшысы: Халмуратова Земфира,
мәдениет секторы: Амандыкова Мадина, Махсат Марал,
спорт секторы: Кеңесов Махсат. Камалов Алихан.
Тазалық секторы: Авезова Зухра, Темирханова Айдана,
Гүл өсіруші: Силам Нұртілеу, Ниязбаева Гулдана.
Сынып ішінде санитарлық жүйені қадағалау орны және есірткі құмарлықты қадағалау деген ұйым бар. Оның өзіне тән міндеттері бар.
Сыныптың тобы: «Жасұлан»,
Ұраны:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талапты Жасұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Мен іс-тәжірибе барысында сынып оқушыларымен тез тіл табыса білдім. Іс-тәжірибе барысында «Құстар-біздің досымыз» атты ашық тәрбие сабағын өткіздім.
Психологиялық көмек
Жаңа оқу жылында біздің жұмысымыз бірінші сынып оқушыларының арасында Кери-Ийрасиктің әдістемесін өткізуден басталды. Мақсаты-оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін байқау.
1-сыныптардан 179 оқушы сынақтан өтті. Сынақ қорытындысы бойынша оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін төмендегі кестеден байқауға болады.
1"А" 1"Ә" 1"Б" 1"В" 1"Г" 1"Д" 1"Е"
Жоғары деңгей 60% 80% 60% 60% 50% 55% 60%
Орташа деңгей 30% 20% 40% 40% 30% 25% 30%
Төмен деңгей 10% 10% 20% 15% 10%
Бірінші сынып оқушыларымен мектепке бейімделу деңгейін қалыптастыру мақсатында, баланың мектепте оқуына психологиялық дайындығын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар өткізілді.
5-ші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімделулерін, қалыптасу деңгейін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді. Филлипс тесті алынып қорытындысы шығарылды. “Кел, танысайық!”, “Бесінші сынып дегеніміз не?”, “Біз және біздің дағдымыз”, “Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз”, “Біз және біздің сынып” атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша оқушылардың бейімделу деңгейлері, жоғары деңгейді көрсетті.
8-сынып оқушыларымен танымдық интеллектуалдық және логикалық қабілеттерін анықтау мақсатында В. Серебрякофтың «Интеллектуалдық» тесті алынды. Тест қорытындысы бойынша, оқушылардың логикалық даму деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті.
Мінез-құлықтағы жағымды қасиетті қалыптастыру, дамыту, өзара әрекеттестікті жетілдіру, ұйымшылдыққа баулу мақсатында Эмоция”, ойындары және “Темперамент тесті” алынды. Темперамент тестінің қорытындысын төмендегі диаграммадан көруімізге болады.
Мектеп бітірушілердің кәсіптік қабілеттерін шағын зерттеу аясында 9-сынып оқушылары сынақтан өтті. 9-сыныпты бітірушілердің кәсіптік жеке бейнесін бағалау барысында оқушылар төмендегідей мамандықтарды таңдаған.
10- сынып оқушыларынан «Интеллектуалдық кәсіптік қабілеттілік»тесті және «А.Климовтың дифференциалды-диагностикалық» сауалнамасы жүргізілінді. Мақсат- оқушылардың пәндер бойынша логикалық деңгейлерін және пән аралық байланыстарын анықтау. Тест қорытындысы төмендегідей көрсеткішті көрсетеді.
11«А»,«Ә» сыныптарына сауалнама жүргізілді. Мақсаты- оқушыларды мамандық таңдауға бейімдеу.
Зерттеу жұмысына оқушылар толық қатысты. Оқушылардан алынған сауалнаманың нәтижесі:
Қандай жоғарғы оқу орнына түсесіз?- деген сұраққа, ЕҰУ –тін көбі таңдаған. Қандай мамандық таңдадың және неліктен осы мамандықты таңдадың?- деген сұраққа, «өзіміздің қалауымыз бойынша, кішкентай кезіміздегі арманымыз» деп жауап берді. Болашақтағы жоспарың?- деген сұраққа, «ҰБТ-дан жоғары ұпай жинау, өз ісін жақсы меңгерген маман болу, жақсы жерге жұмысқа орналасу, елімізді көркейтуге қызмет ету,өмірден өз орнымызды табу»- деп жауап берген.
«Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық жағдайларын шешу жолдары»атты лекция оқылды. Мақсат-бірыңғай мемелекеттік емтиханға дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясымен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру.
Лекция барысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің психолгиялық шешу жолдары бойынша оқушыларға күн тәртібін құруға, материалдарды есте сақтап, қайта жаңғыртуға, өз қабілеттерін молынан қолдауға, стресстік жағдай бола қалғанның өзінде, оны жеңудің жолдары бойынша ауқымды ақпарат оқылып, оқушылармен талданды.
Өз кезегінде оқушылар қызығушылықтарын білдіріп, өз күн тәртіптерімен бөлісіп, болашақта жаңадан алынған ақпараттарды іске қосуға ниет білдіріп жатқандар да кездесті.
«Ұлттық Бірыңғай Тест-білім сапасының негізі» атты тренинг өтілді.
Тренинг мақсаты:
Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып,қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға,адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып,бойларына сенімділік ұялату, жол таңдай білуге үйрету.
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстар:
2009-2010 оқу жылындағы үлгерімі төмен оқушыларға құрылған жұмыс жоспары бойынша мынандай жұмыстар атқарылды:
Оқушылардың оқу пәндеріне үлгермеу себептерін, оқу әрекетіндегі басты қызығушылықтарын, қарым-қатынасының және іс-әрекетінің әртүрлі аймағындағы қорқынышты зерттеу, таным процестерін анықтау мақсатында “Оқудағы үлгермеудің себептері”, “Оқуға деген қызығушылығы”, “Қызыл-қара кесте”, “Аяқталмаған сөйлем” атты тест, сауалнамалар жүргізілді.“Сиқырлы орман”, “Әңгіме құрастыру” ойындар мен жаттығулар өткізілді.
Дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстар:
Дарынды оқушыларға құрылған жұмыс жоспары бойынша мынадай жұмыстыр атқарылды:
Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық.
Хаан мен Кафф әдістемесі негізінде жасалынған «Дарындылық картасы » әдістемесі жүргізілді. Негізгі қызметі-диагностикалау, екінші қызметі-дамытушылық. Бұл әдіс-10,9,8,7 сыныптың дарынды оқушыларымен жүргізілді.
Жұмыс барысында дарындылықтың қалыптасу деңгейлері екі топта қарастырылды.
Актуальді дарындылық-бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады. Бұл топқа жататын оқушылар-Күмісбек Ғани 10 «Ә», Әбдуали Аян 10 «Б», Ехсан Айкерім 8 «А», Орал Дидар 11 «Ә»,Қазалиев Алмас 10 «А» т.б
Потенциалдық дарындылық- баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байқалмайды , сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады. Бұл топқа жататын оқушылар- Қазалиева Іңкәр 8 «А», Жақсұғұлова Зухра 8 «Ә», Дастанов Санжар 9«А» т.б
Оқушылармен жеке жасалынған жұмыс қорытындысы.
10.12.2009-25.12.2009 күндер аралығында ата-анасының тапсырысы бойынша
1 "Б" сынып оқушысы Тұран Диаспен зерттеу жұмыстары жүргізілінді. Мақсат- есте сақтау қабілетінің төмен екендігі және сыныптағы оқушылармен қарым қатынасын байқау.
Жүргізілген әдістемелер;
Зерттеу барысында Кери Йирасектің мектептік жетілу тестінің көмегімен Диастың мектепке бейімделуі деңгейі анықталды. Тест қорытындысы бойынша Диастың бейімделу деңгейі орташа.
Есте сақтауды дамытуға арналған ойындар жүргізілінді; «Менің ісімді қайтала» мақсаты- есту қабілетін дамыту, «Тыңда және орында» мақсаты-зейінді және ойды дамыту.
Зерттеу барысында жаттаудың түрлі әдістері қолданылды: көру арқылы есте сақтау, есту арылы есте сақтау және қол қимылы арқылы есте сақтау. Үш әдістің ішінен Диасқа қолайлы болған әдіс- қол қимылы арқылы есте сақтау әдісі. Бұл әдіс жаттаудың мағынасына қарай қолды қимылдатып отырамыз.
Жұмыс жасау барысында түрлі суреттер салынды:
Жоғалған қанаттарды тап
Аңдардың құйрықтарын сал
Осындай жеке жұмыстар басқада сынып оқушыларымен жүргізілді.
5 «Ә» сынып оқушысы Нұрматова Гаухар, 1 «Б» сынып оқушысы Эмельева Әлия, 6 «Д» сынып оқушысы Ергембек Дәулет.
Оқушылардың еркін тақырыпта салынған суреттері.
Оқушылармен тренинг барысында түскен суреттер.
Психологиялық қызметтің 2010-2011 оқу жылының жылдық есебі.
Оқушылардың интеллектуалды, вербальды
және математикалық қабілетінің жалпыдеңгейін Г.Айзенк тесті арқылы анықтау Жаңа оқу жылында біздің жұмысымыз бірінші сынып оқушыларын мектепке қабылдаудан бастадық. Оқушылардың психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін байқау мақсатында. Кери-Ийрасиктің әдістемесін өткізуден басталды.
1-ші сыныптардан 168 оқушы сынақтан өтті. Зерттеу жұмысы барысында оқушылар назарына «Ер адамның суретін салу», «Әріптерді көшіріп салу»,
«Бір топ нүктелерді көшіріп салу» ұсынылды. Негізгі мақсат алынған нәтижелерден оқушылардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау. Сынақ қорытындысы бойынша оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін төмендегі кестеден байқауға болады.
Жалпы қорытынды жасайтын болсақ, зерттеме жұмысы барысында бірінші сынып оқушыларымен мектепке бейімделу деңгейін қалыптастыру мақсатында, баланың мектепте оқуына психологиялық дайындығын дамытуға арналған жаттығулармен ойындар өткізілді.
Бесінші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімдеулерін, қалыптасу деңгейлерін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалынып, көмек көрсетілді. «Кел танысайық», «Бесіеші сынып дегеніміз не?», «Біз және біздің дағдымыз», «Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз», «Біз және біздің сынып» атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді.
Оқушылардан «Оқушылардың оқу процесін адаптациялау» сауалнамасы алынып, жұмыс барысында он сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды. Зерттеуге бесінші сыныптардан жалпы 139 оқушы қатысты. Зерттеу нәтижесі төмендегідей деңгейде.
Қорыта келгенде оқушылардың оқу процесін адаптациялау барысында, бесінші сыныптардың оқу процесі жақсы екендігі анықталды. Алынған нәтиже мектеп ішілік педконсилиумда қарастырылып ата-аналар назарына ұсынылды.
Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін байқау мақсатында 4-9 сыныптар арасында Г. Айзенктің IQ тесті алынды. Тест тапсырмалары 4-ші сыныптар үшін 25-сұрақтан, 5-8 сыныптарға 30-40 сұрақтан және оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар ұсынылды. Сұрақтар мазмұны мынадай:
· Геометриялық фигуралардан тұратын логикалық:
· Математикалық логикалық;
· Тілдік-логикалық;
· Анаграммалық;
· Шығармашылық- тапсырмалардан тұрады.
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ойлау деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, тілдік проблемаларын, ой-өрістерін және өз бетінше іздену қабілеттерін тексеруге бағытталған. Тест тапсырмаларының нәтижесін төмендегі диаграмадан байқауға болады.
Тест өткізу барысынды болған сәттіліктер деп мыналарды айтар едім
· Артық мағынадағы сөздерді таба алуы;
· Қажетті сандарды тиісті орнына қоя алуы;
· Анаграммаларды шеше алуы;
· Жетіспей тұрған кескінді таба алуы:
· Теңдеуді дұрыс шеше алуы;
Тест өткізу барысында жіберілген қателіктер
· Математикалық -логикалық тапсырмаларды орындай алмауы;
· Мағынасы жақын сөйлемдерді анықтай алмауы;
Жалпы алынған нәтиже педагогикалық кеңесте қарастырылып, ұстаздар назарына ұсынылды.
9-4-сыныптар арасында МАБ-ға аранайы жоспар құрылып, сауалнамалар, жаттығулар, лездемелер жүргізілді.
9- сыныптардан оқушылардың мамандыққа бейімділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың барлық мамандықтар жайлы хабары бар екені анықталды. Оқушылардың негізгі таңдаған мамандықтары: Журналист-15% , экономист-20%, банк ісі-8%, педагог-12% техникалық мамандыққа-18%, дәрігер-27% көрсеткішті көрсетті.
МАБ-қа оқушыларды дайындау барысында «Мазасыздықты коррекциялау» лезде,
«Социометрия әдістемесі», «Тиімді қарым-қатынас орнату» жаттығулары т.б жүргізілді.
Сәуір айында 9-сынып оқушыларынан «Мектеп оқушы көзімен» атты сауалнама жүргізілді. 9- сыныпоқушылардың жоғары буынға бейімделуін анықтау. Зерттеу жұмысына 9- сыныптардан 100- оқушы қатысты. Оқушылар назарына 10 сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды. Алынған нәтижені төмендегі көрсеткіштерден көруге болады.
Оқушылардың жоғарғы буынға бейімделуі және пәнге деген қызығушылықтары жоғары деңгейде. Сынып жетекшілерімен қарым-қатынастары жақсы. Бірақ кейбір оқушылардың пән мұғалімдерімен қарым-қатынасы орта деңгейде. Оқушылар математика, химия, ағылшын пәндерінен қосымша сабақтар болса екен деп тілейді. Ал, 10-11 сыныпты жалғастыру ойыңызда бар ма? деген сұраққа төмендегідей жауап берген.
Жалпы алынған нәтиже педагогикалық кеңесте қарастырылып, ұстаздар назарына ұсынылды. Оқушылар берген ұсыныстарға жеке көңіл бөлінді.
4-сынып оқушыларымен МАБ-қа дайындық алдында «Ну орман », «Менің артымнан қайтала», мінез-құлықтағы жағымды қасиетті қалыптастыру, дамыту,өзара ірекеттестікті жетілдіру, ұйымшылдыққа баулу мақсатында «Эмоция» ойындары жүргізілді. Оқушылардане сауалнама алынып нәтижесі ата-аналармен ұстаздар назарына ұсынылды.
11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау алдында, ҰБТ бойынша жылдық жоспар құрылып, мектеп директорына бекітілді. 11- сынып оқушыларымен төмендегідей жұмыс атқарылды:
· Психологиялық денсаулық туралы түсінік- лездеме
· «Социометрия әдістемесі» авторы, Дж. Морено-сауалнама
· Кинезиологиялық жаттығулар
· Оқушылардың мамандыққа бейімділігін анықтау –сауалнама
· Түлектерге кеңес. ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет- лездеме
· Тиімді қарым-қатынас орнату жаттығулары
· Стреске сіз сезімталсыз ба? –сауалнама
· Стрестік жағдайдағы алғашқы көмек және антистрестік релаксация- лездеме
· «доктор, Синельниковтың »әуенді терапеясы
· Формула ойындар
· С.Спилберггер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы-сауалнама
· Стрессіз емтихан тапсыру –кеңес
Әрқандай жұмыс соңында нәтижесі тексеріліп хаттамаға түсіріліп отырылды.
Жұмыс нәтижелері бойынша оқушылар бойындағы қорқыныштың азайғандығы, өз-өздеріне сенімдерінің үлғайғандығы байқалды.
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстар:
2010-2011 оқу жылындағы үлгерімі төмен оқушыларға құрылғанжұмыс жоспары сынып жетекшілерімен және ата-аналарымен бірлесе отырып мынандай жұмыстар атқарылды: Оқушылардың оқу пәндеріне үлгермеу себептерін, оқу әрекетіндегі басты қызығушылықтарын, қарым-қатынасының және іс-әрекетінің әртүрлі аймағындағы қорқынышты зерттеу, таным процестерін анықтау мақсатында “Оқудағы үлгермеудің себептері”, “Оқуға деген қызығушылығы”, “Қызыл-қара кесте”, “Аяқталмаған сөйлем” атты тест, сауалнамалар жүргізілді.“Сиқырлы орман”, “Әңгіме құрастыру” ойындар мен жаттығулар өткізілді.
Дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстар:
Дарынды оқушыларға құрылған жұмыс жоспары бойынша мынадай жұмыстыр атқарылды:
Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық.
Хаан мен Кафф әдістемесі негізінде жасалынған «Дарындылық картасы » әдістемесі жүргізілді. Негізгі қызметі-диагностикалау, екінші қызметі-дамытушылық. Бұл әдіс-10,9,8,7 сыныптың дарынды оқушыларымен жүргізілді.
Жұмыс барысында дарындылықтың қалыптасу деңгейлері екі топта қарастырылды.
Актуальді дарындылық-бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады. Потенциалдық дарындылық- баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байқалмайды , сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады.
Алдын-алу жұмыстары бойынша жүргізілген жұмыстар:
5-7 сыныптар арасында «Нашақорлыққа қарсы әлем» атты сурет салу байқауы өтті.
«Кәмелетке толмағандар арасында суицидті іс-әрекет және төтенше жағдайларды болдырмау шаралары» - тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
«Өмір қызық-көлеңке шуағымен»-тақырыбында 8-10 сыныптар арасында тренинг жаттығулары жүргізілді және «Мен өмірге ғашықпын» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Сәуір айында «Демеу» денсаулық сақтау орталығында болған «Өмір қызық» тақырыбында өткен іс-шараға 7-8 сынып оқушылары қатыстырылды.
Оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушыларды қорқыныштың, күйзелістің жоқ екені анықталды.
2010-2011 оқу жылындағы психологтың қатысқан семинарлар тізім
1. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу»-атты семинар. Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Білім басқармасының ұйымдастырылуымен өткізілді.
2. « Жас педагог мамандарға психологиялық қолдау»-қалалық семинар №8 мектеп
3. «Жасөспірімдермен жасересек балалардың бағыт-бағдарын қалыптастыру, аутодиструктивті қылықтың алдын –алудың құралы» Гуманитарлық колледж.
4. «Кәмелетке толмағандар арасында депрессиялық көңіл-күй және суицидтік көріністің алдын-алу бойынша психологиялық қызмет жұмысы. №31 мектеп
5. «Тренинг жаттығуларын қолдану арқылы құзіретті тұлғаны қалыптастыру»Гуманитарлық колледж Қыпшақбаева Г.Қ.
6. «Қауіпсіз жаз-бақытты жаз!»-семинар № 32 мектеп-гимназия
7. «Бірдей құқық-әртүрлі мүмкіндік»-атты конференция №35 мектеп-гиназия
8. «Қазақстанның әлеуметтік педагогикалық оқу-2011»-атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. № 62 мектеп-лицей
Басты мәзір
[fn32]
ЖаңалықтарМектеп туралы
Мектеп тарихыМектеп паспортыМектеп әкімшілігіАқпарат
Сабақ кестесіҚоңырау кестесіБейінді оқытуОқушылардың үлгеріміҰлттық біріңғай тестілеуӘдістемелік қызмет
Әдістемелік кеңесӘдістемелік бірлестіктер
Қазақ тілі мен әдебиетіОрыс тілі мен әдебиетіИФМЖаратылыстануҚоғамтануАғылшын тіліБастауыш сыныпЭстетика«Жас мамандар» мектебіПедагогикалық технологияОзық тәжірибеАттестаттау жұмысыКонференция, семинарӘдістемелік көмекӨзін-өзі тануRWCT мектебіПсихологиялық қызмет
Балаларға кеңесАта-аналарға кеңесҚызықты логикалық тестерӘлеуметтік қызмет
Әлеуметтік қызмет негізіІс-шаралар
Нашақорлыққа жол жоқ!Ата-аналарға
Ата-аналардың құқығы мен міндеттеріАта-ана мектебіАта-аналар комитетінің тізіміДаңқ залы
Озық мұғалімдерЕрекше оқушыларБіздің жетістіктерКітапхана
Kітапхана туралы мәліметӨткізілген іс-шараларЭксперимент алаңдары
Үш тілде оқытуЖетістіктер мектебіМедициналық қызмет
Мед. персоналAурудың алдын-алуКәсіби даму мектебі
Біліктілік арттыру курстары3 айлық деңгейлік курстарДарынды балалар
Пән олимпиадалары"Ғылыми жоба" байқауларыИнтеллектуалдық байқауларТәрбие үдерісіҚұттықтаймызФотобейнелер