Воспитательный чась Т?уелсіздік — елімні? ерлік жолы
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
№ 266 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекбанова Гульсим Уразгалиевна
23.09.16 Тәрбие сағаты Сынып: 6 «Г»
Тақырыбы: Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Мақсаты: оқушыларға еліміздің өткені мен болашағы ,даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып келешекке сеніммен қарауға,елжандылыққа , ұлтын сүюге , қастерлеуге үйрету; адамгершілікке , мейірімділікке үлкенді сыйлауға тәрбиелеуге,оқушылардың дүниетанымын кеңейту,қалыптастыру.
Көрнекілігі: плакат,еліміздің рәміздері
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Биыл Алаш баласының рухын көтеріп,еңсесін тіктейтін,әр қазақты мақтаныш пен шаттыққа бөлейтін жыл.Тәуелсіздікке 25 жыл!.Бұл айтулы уақыт бар қазақтың басын қосатын, бірлігін нығайтатын мерейтой.
Н.Назарбаев «Егеменді елдің ертеңі оқу мен білімінің тереңдігімен өлшенеді», «Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді» деген. Сіздердің назарларыңызға «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Егемендік – сенің абыройын, намысың, иығыңда қалқаның , маңдайыңдағы жұлдызың, төбеңдегі айдарың,қабағыңа біткен айбарың. Ендеше , халқым,егемен ,тәуелсіз еліміздің ғұмыры ұзақ болсын!
2-жүргізуші:
Қазақ жері –қонақжай, төрдің жері,
Қазақ жері-қас сақтай елдің жері.
Елі кедей болмаған, жері байтақ,
Едігедей , Бабырдың ердің жері.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті ,киелі қасиетті.
Биылғы жыл –қазақ халқы үшін айрықша ардақты,мемлекетіміз үшін ең мерейлі, мерекелі жыл.Биыл біздің егемендік алғанымызға , 25 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 25 жыл күллі қазақтың арман-тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 25 жыл.Ұлы мерекеміз құтты болсын!
1-жүргізуші
Қазақстан - егеменді ел,тәуілсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған бел .
Көкке өрлеген байрақты желбіретін,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың,
Тәуелсіздік – ұлтың менен ұраның
Шартарапта шаттығыңдай азаттық,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк Байрағы , Елтаңбасы, бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны Қазақтың!
(ҚР-ның Әнұраны орындалады )
1-жүргізуші:1991 жыл –Тәуелсіз ел атанып,аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында Қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.
2-жүргізуші:Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі,астында қияға қанат қаққан қыран тыныштықтың,берекелі өмірдің белгісі,ал ою-өрнек қай елдікі екенін аңғартады
1-жүргізуші: Ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнелеген тік бұрышты көгілдір мата.Күн – шұғыла және қыран бейнесі алтын түсті. Матаның сол жағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан.
2-жүргізуші: Еліміздің рәміздерін,соның ішінд қасиетті Көк байрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу,оған зор құрметпен қарап тұмардай сақтау-бәріміздің абыройлы міндетіміз.
1-оқушы: Аруна
Аспан түстес көгілдір
Тікбұрышты матаның
Ортасында төніп тұр
Күн жаяды шапағын.
2-оқушы: Мағжан
Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесін
Көңілді деп білесің
Азат елдің шалқыған.
3-оқушы: АйданаЕскі белгі-ұрандар
Сары алтындай сақталған.
Күн шұғыла қыран да
Алтын түспен апталған.
2-жүргізуші
Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген,шаңырақтың айналасында күн сәулесінен тарап уықтар орналасқан,оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз,ал төменгі жағында «Қазақстан» деген сөз бар. Қазақстан мемлекеттік Елтаңбасының реңдік белгісі екі түсті : алтын және көгілдір түсті.
4-оқушы: 6-Е
Алтын қанат көмкерген
Шанырақ бар уық бар
Әсем бейне сен көрген
214566510160Жәй бейне емес ұғып ал
5-оқушы : 6-Е
Көгілдір түс аясы-
Бейбіт дала елесі
Шаңырақ - жұрт панасы
Уақтар – күн сәулесі
6-оқушы : 6-Е
Сүйсіндірген өзінді
Түсіне біл таңбаны.
Жетелер елді алдыға
Пырақ –халық арқасы
7-оқушы: 6-Е
Жоғарыда түсер көз
Бес тармақты жұлдызға
«Қазақстан» деген сөз
Таныс барлық ұл-қызға.
8-оқушы : 6-Е
Мағынасы сымбатты,
Бар осындай бейнеміз
Маған,саған қымбатты
Елтаңбалы елденбіз!
Көрініс: Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға.
Қыздар, мен газет әкелдім.
Не жаңалық шығыпты?
Орталық комитеттің хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтыалып, орнына Геннадий Колбинді тағайындапты.
Колбин деген кім екен?
Қайдан келіпті?
Колбин Ульяновтан келіпті
Қазақстанды өзіміздің Қазақстандық азамат басқарсын!
Біз демократияны талап етеміз!
Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік.
1-жүргізуші:
Азаттық ,тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді.Түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмтылмас мұң қалдырып , жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 86- жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады?
2-жүргізуші:
1986 ж. 16-желтоқсанда Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің небәрі 18 минутқа созылған қысқа уақыта өткен пленумы болды. Сол пленумда Республика Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы, Қазақстанға 20 жылдай басшылық еткен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты қызметінен босатты. Оның орнына саяси бюроның шешімімен Григорий Колбинді сайлады.
1986 жылы 17-18 желтоқсанда Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық-әкімшіл-әміршіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылы – бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға. Желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып бір минут еске алайық.
1-оқушы: Дәулет
307911538735Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн
2-оқушы: Ақбота
Нашақор деп, ұлтшыл деп
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
3-оқушы: Дулат
Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өткен күн.
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн
4 -оқушы: Аяулым
Қариялар итке таланып
Ер басын күрек шапқан күн
Аппақ қар қанға боялып,
Қып –қызыл мұз боп жатқан күн
5-оқушы: Әсет
Озбырлық күшпен тұншығып
Үмітің оты өшкен күн.
Жанына тапай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн
6 -оқушы: Меруерт
Ел басына туды күн
Қайғы езіп елдің еңсесін.
Жаншыды-ау жанын батпаң мұң,
Сол бір қарғыс атқан күн
1-жүргізуші:
1991 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Президенттік сайлауы болды.Оның қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайланды.Бұл Қазақстан тарихында бүкіл халық қатысқан, дауыс беру арқылы сайланған тұңғыш Президент еді.
2-жүргізуші:
266954047625Шұғылалы ширақ ойлап түрінде,
Биіктердіен естіледі үнім де,
Тұңғыш рет Президент сайланып,
Мойындады барлық әлем бүгінде
1-оқушы: 6-Е
Бүгін сізді құттықтаймын , Нұр аға,
Жыр жазамын сол себепті ойлана.
Бүгін сізді құттықтайды бар халқың,
Сіз секілді Елбасыма жыр жаза.
2-оқушы 6-Е
Сіз мәңгілік қаларсыз Елбасы боп,
Еліңізді алға тартар сөз басы боп.
Көркейтерсіз мәңгілікке жайнатарсыз,
Қазақстан халқының тұлғасы боп.
3-оқушы 6-Е
Ажарланған сәулет-өнер бәрімен,
Елім үшін мақтанармын әлі мен.
Жас ақындар өлеңімен мақтанса,
Ал әншілер мақтанады әнімен
4-оқушы: 6-Е
Көрші елдер бізбен тату үнемі,
Бізді айтып мақтан тұтып жүреді.
Елге сыйлы құрметтейді салттарын,
Туған жердің біз боламыз түлегі
5-оқушы 6-Е
Сына мені мейлі қалқам сынама,
Азаматы туған жердің бір дара.
Ел аузында аты қалған елбасы,
Жаса мәңгі, жаса мәңгі Нұр аға!
6-оқушы 6-Е
Сына мені мейлі қалқам сынама,
Азаматы туған жердің бір дара.
Ел аузында аты қалған елбасы,
Жаса мәңгі, жаса мәңгі Нұр аға!
Би: Ақбота «Жадо»
1-жүргізуші:
Отан – әр адамның жүрегіне жақын, жылы, қасиеті сөз . Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған –туыстарымен бірге тұратын атамекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиеті , киелі ұғым - Отан.
1-оқушы: Жасмин
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер,атамекен,
Биік тау ,орман тоғай ,көлімізді
2-оқушы: Даяна
Отан дейміз кең байтақ Астананы
Жасыл жайлау ,жаңа жол жас қаланы.
Отаның шеті де жоқ,шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
3-оқушы : Сымбат
Мақтанамын мемлекетім барына
Терезең тең басқалармен,тарылма.
Өз елінің жырын жырлап,мұнын мұңдап әр ұлан
Өз еліңнің қорғаушысы болу керек қашанда.
4-оқушы: Наргиза
Мен жас ұланмын,
Мемлекетің қорғанымын ертеңгі.
Нұрға ,гүлге толтырамын
Өзім туған өлкемді.
5-оқушы: Мадина
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат ел деп алғыс ,сауапты.
Әр отбасы,әрбір қазақ ,әр адам
Тәуелсіздік үшін жауапты
1-жүргізуші:
ХХІ ғасыр –білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз - өткенімізді білетін, бүгінді
түсінетін, ертеңімізге сенімен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз
егемендіктің 25 жылдық шежіресіне ой жіберейік.
1991 жыл – Қазақстан Республикасының Президенті сайланды.
1992 жыл - Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды.
1993 жыл - Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1993 жыл -15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы-Теңге айналымға енді.
1994 жыл – Тәуелсіз Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жыл- Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізілді.
1996 жыл - Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.
1997 жыл – қазанда Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы жарияланды.
1998 жыл –Халықтар бірлігі және ұлттық тарих жылы
1999 жыл – Тәуелсіз Қазақстан тұрғындарының бірінші сайлауы.
2000 жыл - Қазақстан Республикасының әскери доктринасын бекітті.
2001 жыл – Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.
2002 жыл – Денсаулық жылы 2003-2005 жыл – ауылды қолдау жылы.
2004 жыл –Астана Президент Резиденциясы Ақорданың ашылуы.
2005 жыл –Дүниежүзі қазақтарының 3-ші құрылтайы.
2006 жыл – Президенттің ұлықтау рәсімі.
2007 жыл –Мемлекеттік тіл жылы.
2008 жыл – Астанаға 10 жыл.
2009 жыл –Семей – Невада полигонының жабылғанына 20 жыл.
2010 жыл – Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне төрағалық етті.
2011 жыл – VII Қысқы Азия ойындары өтті.
2012 жыл – Қазақстан -2050 стратегиясы халыққа жолданды
2013 жыл –Лондон олимпиадасы Қазақстан үшін үлкен абыройлы жыл болды.
2014 жыл –«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты елбасы жолдауы жарияланды.
2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланды.
2016 жыл –Қазақ елінің тәуелсіздігіне – 25 жыл, сонымен қатар Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған жазғы олимпиада ойындары жылы
1-оқушы : 6-Е
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн!
Азаттықтың ақ таңы
Арайланып атқан күн!
Көңіл толып, шаттанып,
Қуанышқа батқан күн.
Мерекеге шығады
Бүкіл халық,біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік-ұлы той!
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары
2-жүргізуші
Тәуелсіздік –түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік –-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы
сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік –елдіктің киелі кепілі,келелі келешегіміздің ,ұлттық
212703866675татулығымыздың нышаны.
1-оқушы: Мағжан
Тәуелсіз 25 жыл,
Сенің нұрың сөнбесін,
Ашық аспан жарық күн.
Келешегі сөнбесін
Қазақ деген халықтың
2-оқушы : Әсет
Тәуелсіз 25 жыл
Күн болды бұл керемет
Ақ түйе қарны жарылған
Ел болдық шүкі иншалла
Әлемге аты танылған
3-оқушы : Данияр
Тәуелсіз 25 жыл
Тәуелсіздік-тәтті ұғым,қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы.
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,
Зеңгір көкте желбіреді көк байрағы!
4-оқушы: Данияр
Тәуелсіз 25 жыл!
Туынды биік ұстадық,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшінді бастап бақытты болашағыңа
Барлығы бірге: Жасай бер,жаса,Тәуелсіз Қазақстан
Ән : «Қазақтың қаны» Әсет,Данияр, Дәулет
1-жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,
Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
2-жүргізуші:
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақбоз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
(сахнаға алдын ала дайын тұрған 13 оқушы шығады.Олар «Тәуелсіздік» сөзіне анықтама береді)
1-оқушы : Мағжан
Тәуелсіз 11 әріп құралған
Сан ғасырлар бар қазаққа
Талай дара даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан
2-оқушы: Дәулет
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,
Ей келешек, жан –тәңіңмен ұғып біл.
11 әріп не мағына береді,
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл
266001583820
3-оқушы: Т – білдіреді тендікті
4-оқушы: Ә- әдептілік,өрлікті
5-оқушы: У-уайымсыз уақытты
6-оқушы: Е- егемендік ,елдікті
7-оқушы: Л – дейді лағып лепірме
8-оқушы: С-сенімділік секілді ең
9-оқушы: І- ілтипат пен ізет
10-оқушы: З-зиялылық тілек қой
11-оқушы: Д-шақырады достыққа
12-оқушы: І- ілкімді боп сақтыққа
13-оқушы: К-дейді күн бол көктегі, көз алартпа көршілерге,қол сұқпа.
Күй: Нұрбек
1- Жүргізуші: Тәуелсіздік ? Тәуелсіздік бізге не берді? Тәуелсіз елдің ұланы қандай болу керек?
2-Жүргізуші: Тәуелсіздік маған өз анам тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік берді. Тәуелсіздік-елдің ұланы біз сияқты бақытты.
21647151359051-оқушы: 6-Е
Көк аспанда тулардың
Желбірейтін күні –бұл.
Елім деген ұлдардың
Елжірейтін күні бұл
2-оқушы 6-Е
Атамекен ақ үйдің
Азат болған күні –бұл
Құндақтағы сәбидің
Қазақ болған күні –бұл
3-оқушы 6-Е
Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні – бұл
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні –бұл
4-оқушы: 6-Е
Алты алаштың баласы
Қауымдасқан күні –бұл
Бір – бірімен жарасып
Бауырласқан күні –бұл
5-оқушы 6-Е
Дүбірлетсің өңірді,
Дүрілдетсің дүлдүлі
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл күні
Хор: «Алға, Қазақстан» әні
1-жүргізуші: Міне ,біз бүгін Тәуелсіздікке жету үшін ата-бабаларымыздың ,аға –әпкелеріміздің қиын да бел –белесті асулардан өткендігі туралы тарихымызға шолу жасадық.
2-жүргізуші: Жоғарыда айтылған ойларды түйіндейтін болсақ:Тәуелсіз елдің ұлы өжет, қызы қайырымды, қаһарман
1-жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,балаңдай мәпеле ,құдайдай құрметте!
2-жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы,Әнұранымыз әуенді,асқақ бола түсін!
1-жүргізуші: Еліміздің белгісі көк туымыз әрқашан желбірей берсін!
2-жүргізуші: Тәуелсіздік тұғыры берік болсын!
№ 266 мектеп-лицей
Тәуелсіздік –
елімнің ерлік жолы
Сыныптар: 6 «Г»
Ұйымдастырушы:Г. Бекбанова
2016-2017 оқу жылы