Презентация по истории на тему ?рпа??а ?ран бол?ан — ?лы ерлік


Мұғалім туралы мәлімет{5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA} Тегі  Альжанова Аты  Жанаргүл Әкесінің аты Серікқызы Туған күні,айы, жылы 28.03.1989ж Білімі  Жоғары Бітірген оқу орны ,уақыты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті 2010ж Педагогикалық өтілімі 4 жыл ( 4жыл 9ай ) Санаты  жоқ Жұмыс орны, қай жылдан бастап осы мектепте М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі 2010ж Отбасылық жағдайы Тұрмыста емес Мекен-жайы Ақтөбе қ. Қызылжар п, Молодежный №1 Еңбек тәжірибесі 2010ж қыркүйек айынан бастап М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде қызмет етіп келемін. Дайындаған: М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің мұғалімі Альжанова Жанаргуль СериковнаҰрпаққа ұран - болған Ұлы ерлік Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі - өнеге тұту.Білімділік: Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеп, тарих ақтаңдақтары мен майдангер аталарымыздың өмірінен сыр шерту. Дамытушылық: Оқушының ізденісін арттыру, түйінді ой айта білуге дағдыландыру. Отансүйгіштік сезімін дамыту.Тәрбиелік: Отанды сүюге, елжандылыққа, табандылыққа, адалдыққа, шыншыл болуға, батырларын тани білуге, Отанды қорғай білуге, белсенділікке, әскери іске сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен,Отан үшін талай ерлер мерт еткен.Болмасыншы,болмасыншы қан соғыс,Соғыс десе жүрегіміз селт еткен. Ұлы Отан соғысы1941-1945Кеңес Одағы бойынша 27 млн. адам опат болса соның 13% қазақҚазақстаннан1196164 адамәскер қатарынаалынды.Қазақстаннан497 адам КСРОБатыры атағыналды. Оның97-сі қазақ.Таран ауданынан5710 адам әскергеалынып, 2216 адамелге оралған жоқ. 1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды. «Батыр жерлестеріміз»Қазақстаннан 1 млн. 200 мың адам соғысқа аттанғанӘскери бөлімшелер:-12 атқыштар дивизия;-4 атты әскер дивизия;-7 атқыштар бригадасы;-50-ден жеке полк,батальонӘскер көп ұлтты:-50 % қазақ;-37 % орыс;13 % басқа ұлт1941-1942 ж. әскер оқуға:-42 мың жастар жіберілді;-16 мың офицер дайындалдыАзық- түлік карточкасы енгізілді316 атқыштар дивизиясы, генерал ПанфиловКөшіп келгендер:-Батыстан 532,5 мың;-Жер аударғандар: 970 мың неміс, поляк 2 рет «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған ұшқыштар-Талғат Бигелдинов- Л.И.Беда-И.Ф.Павлов-С.Д.ЛуганскийБерлинге ту тіккендер:-Р.Қошқарбаев-Г.Булатов-Қ.Мәденов-Р.ҚарамановЛенинград шайқасы:-Балтық шайқасында 156 қазақстандық.- Сұлтан Баймағанбетов-Дүйсенбай ШыныбековЕң жас Кеңес Одағының Батыры:Жәнібек Елеусізов (18 жаста)Қазақтың Батыр қыздары:-Әлия Молдағұлова- Мәншүк МәметоваСталинград майданында:7-гвардиялы дивизия. -Толыбай Мырзаев-Қарсыбай Сыпатаев-Қасым Аманжолов «Тылдағылар»Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - өстіҚазақстанға көшіріліп әкелінді:-220 фабрика, зауыты-Шығыс Қоңырат молибден жезді марганец- Хромит- Текелі полиметал комбинаты салындыҚарағанды шахтерлері 34 млн тонна көмір өндірдіҚазақстан-молибденнің 60%- металлдың 65 %- руданың 79 % өндірді. Жалпы әлем бойыншаФашистік ГерманиябойыншаКеңестер одағы бойыншаҚазақстан бойынша700000001000000027000000400000 Ұлы Отан соғысында құрбан болған адам саны ...Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»...Өгей әке емес қой Отан деген,Отанды мен Атамдай иемденем.  Мұқағали Мақатаев Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған. Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров Мәлік Ғабдулин1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады. Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырларыТалғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды. Елордададағы генерал-майор Иван Панфилов атындағы аллея Ленинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді Сұлтан Баймағамбетов Сұлтан Баймағамбетов 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан ұрыс даласына аттанады. Өзінің табандылығы, өжеттігімен көзге түскен Сұлтан 147-атқыштар полкінде батальон комсоргі болады. 23-тегі қыршын жас 1943 жылы Ленинград майданындағы шайқаста амбразураны өз кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақ халқының батыр қыздары Әлия мен Мәншүк Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.Әлия Молдағұлова 1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болдыМәншүк Мәметова Ленинградтық өрендерімЖ.ЖабаевНева алабын қорғаңдар,Ленинградтың ерлері, Ұрпаққа үлгі болыңдар,Заманымның өрнегі. Ұлы Батырларымыздың жазған естелік хаттары М.Ғабдуллиннің Әуезовке жазған хатынан үзінді 13.01-де хатығызды алдым. Аманшылығыңызға қуаныштымын. Мен де аман-саумын. Талай тас қамауды талқандап бұзып, жауды қуып барамыз. Сақылдаған аязды, сартылдаған соғыс сахнасында қолдан келген күшті жұмсап жатырмыз. Мен наградаға «Қызыл Жұлдыз» орденін алдым. Жақында бір тамаша операция жасап, немістің «Мертвая голова» деп аталатын дивизиясының штабын талқандап шықтық. Осы операцияда тамаша ерлер шықты. Біздің полктан үш адамды советтер союзінің геройы атағына ұсынды. Біріншісі – политрук Клочков ол Щербаков жолдастың баяндамасында айтылған 28 геройдың қолбасшысы еді. Екіншісі – Тоқтаров Төлеген деген қызыл әскер, Риддер қорғасын зауытынан келген жас. 21-дегі жұмысшы. Үшіншісі – мен. Таяу кезде болып қалар... Тағы да хат жазамын. Хош сау болыңыз. Еңбек, творчество майданында жақсы-жақсы шығармалар жазыңызға тілектеспін. Ініңіз Мәлік Н.Әбдіровтің ата-анасына жазылған хатынан үзінді 23.06.1941. Амандық хат. Қадірлі ата, апа, аға, жеңге, қарындастар. Сіздерден хат алмағаныма көп уақыт болды. Сәдірбектен де көп болды хат алмағалы. Себебі не екенін білмеймін. Әбдіғалидан да хат-хабар алғаным жоқ. Өздеріңіз де естіген шығарсыздар, мынау фашист Германия жайланып жатқан халқымызға қолын салып, 22.06.41 жылы таңертеңгі сағат 4-те соғыс жарияланды. Бұл соғыс жер жүзіндегі ақырғы соғыс болады. Ал енді сіздердің алдарыңыздағы міндет қызыл әскерге көмек бересіздер. Біздің алдымыздағы міндет – оқуды жақсы оқып, тез бітіріп, Отанымызды қорғау. Нүркен Бір топ жауынгерлердің хатынан үзінді Біз қазақтар, орыс, украин, өзбек тағы да басқа халықтардың ұлдарымен бірге тізе қосып жауды жеңудеміз. Күн демей, түн демей тынымсыз неміс қарақшыларының жазасын берудеміз. Біз елде бауырларымызды ұмытпаймыз. Жамбыл ата, сіздің өлеңіңіз біздің жүрегімізде жазулы. Әр күні күннің шығысына көз саламыз. Бесігінде әлдилеп өсірген Көкшетауды, Арал, Алатау, Жайықты қалай ұмытасың ?! Біз қорықпаймыз. Жеңіс біздікі болады. Сенімдерің мықты болсын. 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев Қымбатты отандастар!Құрметті сардарлар мен сарбаздар!Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы құтты болсын!Қымбатты қазақстандықтар!Екі күннен соң Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл болады. Адамзат тарихындағы ең алапат соғыстағы Ұлы Жеңіске біздің халқымыз өшпес үлес қосты. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың жерлесіміздің тең жартысы ерлікпен қаза тапты. 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыс жылдарында бүкіл халқымыз тыл жұмысына жұмылып, жеңісті жақындатуға еңбек сіңірді. Хас дұшпанға қарсы атылған әрбір он оқтың тоғызы қазақ жерінде жасалды. Әкелеріміздің ерлігі мен аналарымыздың еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Біздің жеңістеріміздің тарихы – патриотизм мен ел бірлігінің нағыз үлгісі. Біз Ұлы Жеңісті мәңгі ұлықтап өтеміз. Ешкімде, ештеңе де ұмытылмайды Елбасымыз ардагерлеріміз біздерге бірліктің, жұмылудың, өзара қол ұшын созудың жарқын үлгісін көрсетті. Құрметті Қазақ Елі!!!Сіздерді 9-мамыр - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келгені белгілі. Әуеде ұшқыш, жерде танкист, теңізде – теңізші, окопта әскер, блиндажда байланысшы және тылда еңбеккер – бәрі де Ұлы Жеңіс үшін қараниет арам пиғылды фашист оғына өз кеудесін тосты. «Отан» атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында деп білеміз.Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер. Мереке құтты болсын!
ppt_xppt_y
ppt_xppt_y
ppt_xppt_y Назарларыңызға рахмет!