?мытылмас, ?лы Же?іс! (ашы? т?рбие са?аты)
Сыныбы: 8 «А», 10 сыныптар
Сабақтың тақырыбы «Ұмытылмас, Ұлы Жеңіс!»
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер ата-апаларымыз жайлы толық мағлұмат алу, оқушылардың өз Отанының патриоттары екенін сезіндіру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Оқыту нәтижелері Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер жайлы толық мағлұмат алады,
Оқушылардың өз Отанының патриоттары екенін сезінеді
Топпен жұмыс жасайды
Әдіс-тәсілдер «Қызығушылықты ояту», «Миға шабуыл», «Мағынаны тану», «Ой толғау»
Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс түрлері Сергіту сәті, топтық жұмыс (жоба жасап постерге қорғау) , әңгімелеу, талдау, кері байланыс, диало, рефлексия.
Көрнекі құралдар Компьютер, фломастер постер, бағалау парақтары, үлестірмелі материалдар
Бағалау Формативті, Бағалау парағы (критерийлерге қарап бағалау), смайликтер, «Бағдаршам», жиынтық бағалау
Қамтылған модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Диалогтік оқыту
«Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау
«Оқытудағы көшбасшылық»
СТО технологиясының элементтері
АКТ пайдалану
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Сабақтың барысы:
Кезеңдері Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
І
2 минут «Қызығушылықты ояту»
Сергіту сәті
Интерактивті тақтаға музыкалық әуен қойылады, оқушылар сол әуендегі биге салып би билейді.
Қорапшада «Бірлік», «Жеңіс», «Береке», «Мереке» сөздері жазылған бүктеме қағаздарды оқушыларға таратады
Сергіту сәтін жасайды.
Қорапшадағы сөздерді алып, төрт топқа бөлініп отырады.
ІІ 10 минут «Миға шабуыл»
Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
Тәуелсіздік мағынасын қалай түсінесің?
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда қандай өзгерістер болды?
Жыл сайын Қазақстанда қандай мерекелерді атап өтеді? Неліктен?
«Патриот» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?
ҰОС-на қатысқан қандай жауынгерлерді білесің?
Риддер қаласында ҰОС-на қатысқан жауынгерлер бар ма? Допты қағып алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
«Үш шапалақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.
ІІІ 15 минут «Мағынаны тану»
І. Әр топқа тапсырма беру.
1-топ. Әлия Молдағұлова
2-топ. Мәншүк Мәметова
3-топ. Бауыржан Момышұлы
4-топ. Талғат Бигелдинов Топпен жұмыс жасап, берілген тапсырмаларды орындайды, шағын көрініс көрсетеді.
«Бағдаршам» арқылы бірін-бірі бағалайды.
ІІ. « Егер де сен...»
1-топ «...қала әкімі болсаң, онда...
2-топ «... ақын болсаң, онда...»
3-топ «...суретші болсаң онда...»
4-топ «... ұстаз болсаң онда»
Өз ойларын ортаға салып
өлең жолдарын шығарып, сурет салу арқылы ойларын жеткізеді.
«2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы бірін-бірі бағалайды.
ІV 15 минут «Ой толғау» «Керісінше ойлау стратегиясы»
1-топ пен 3-топ. Егерде Ұлы Отан соғысы болмаса не болар еді?
2-топ пен 4-топ. Қазақстан тәуелсіздігін алмаса қандай жағдай болар еді?
Ойланады, топта талқылайды, тақырыпты қорғайды, өз ойларын ортаға салады.
«Бас бармақ» арқылы бірін-бірі бағалайды.
V 2 минут Қорытындылау, бағалау
Критерийлерге қарап бағалаушылардың бағасымен танысып, өзінің бағасын шығарады. «Блоб» ағашы арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін біледі. Рефлексия парағын таратады. Рефлексия жазады
Блоб ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді
VІ 1 минут Үйге тапсырма.
Риддер қаласындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер туралы шағын әңгіме, слайд жасау Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
«ШАҢЫРАҚ» КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Ұмытылмас, Ұлы Жеңіс!»
(Ашық сынып сағаты)
Сыныбы: 8 «А», 10
Өткізгендер:
Ж.Р Касымбаева
Ж.Р Едильбаева
Риддер қаласы,
2014-2015 оқу жылы