Мероприятие на тему ?мытылмас ерлік –?шпес да??!


Тақырыбы: Ұмытылмас ерлік –өшпес даңқ!
Мақсаты:
Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған отандастарымыздың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой өрісін дамыту. Ұлы Жеңістің 71 жылдығын ұлықтау!
Көрнекілігі: үнтаспа, көрме, гүлдер, шарлар, билборд, бейнеролик
Түрі: кездесу кеші
Өткізілу барысы:
Фон «День победы»
(«Жас ұлан» ұйымының мүшелері дәлізде қонақтарды қарсы алады)
Оқушы сахна сыртында:Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.Жеңіс келген тоғызыншы мамырды
Салют атылады) Екі оқушы салют атады.
(«День Победы» фонында 1,2 жүргізушілер шығады)
1- жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ардагерлер, ұлағатты ұстаздар, оқушылар!
2-жүргізуші:
Қамықпаған қиындықтың түгінен,
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынанҚұттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Сіздерді бүгінгі Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесімен құттықтаймыз. Жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
1-жүргізуші:
Әрқайсысымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні мен 7-ші мамыр – Отан қорғаушылар күні де келіп жетті. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Бүгінгі Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған патриоттық кешімізде қадірлі де құрметті Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, Халыққа Білім беру ісінің үздік қызметкері Кемалов Жиеней атамыз бен «Нұр Отан» қалалық партиясының маслихат депутаты, «Береке» БПҰ-ның төрағасы Ибраев Нұрболат Балтабайұлы бізде қонақта.
Қадірменді ардагер атамыз бен қадірменді қонақтарымызға қошемет көрсетейік!
Қар жастанып, мұз бүркеніп, қан кешіп, бар қиындыққа төзіп, жер жаһанға бейбітшілікті өз қолымен сыйлаған майдангерлерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
2- жүргізуші:
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, «Жеңіс күніне орай еліміздің барша өңірлерінде әрбір батырды еске түсіріп, тағзым етуіміз қажет. Ол жеңіс бізге аталардың қанымен, аналардың терімен келді. Ерлік ешқашан халықтың жадынан ұмытылмайды. Біз ата-бабаларды ұлықтап, есімдерін ұрпақ жадында жаңғырта беруіміз керек» деген.1-жүргізуші:
Иә, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 71 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге — 71 жыл. 71 жыл — бейбіт көктем таң атқалы, 71 жыл — шуақты күн таратты әнін.
71 рет – көктемде сонан бері,Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
2-жүргізуші:
«Бұл өмірде әр ісіңнің жаңғырығы болады» деген Мұхтар Шаханов, бүгінгі ашық аспанның кешегі жаңғырығы – отты жылдар еді. Біздің міндетіміз – Еңбегі елге үлгі болған тұлғаларды ұлықтап отыру.
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Әдеби монтаж
Ж.Назерке, Б. Дилназ, Б.Алтынай
1-жүргізуші:
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,Бүгінгі ұрпақ тек өздерің арқылы ұғар - деп бүгінгі біздің кешіміздің қадірменді қонағы Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, Халыққа Білім беру ісінің үздік қызметкері Кемалов Жиеней атамызға құрметпен сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші:
Рахмет, Сізге. Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген ардагер ағаларымыз бен апаларымыз аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрқашан мақтан тұтамыз. («Жас ұлан» ұйымының мүшелері гүл шоғын тапсырады)
1-жүргізуші:
Сіздің құрметіңізге «Көркемдік-эстетикалық балалар орталығының» мұғалімдерінен құралған «Домбыра-дастан» ұлт аспаптар ансамблінің орындауында Дайрабайдың күйі «Дайрабай»
қабыл алыңыздар, көркемдік жетекшісі Бексұлтан Серік Әлтайұлы.
2-жүргізуші:
Келесі тыңдайтындарыңыз Петров «Вальс»

1-жүргізуші:
Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Сұрапыл соғыста майдан мен тылда ел үшін аянбай еңбек етіп, елді жаудан қорғаған ардагер аталарымыздың ерлік істері мен өмірі - қашан да келешек үшін өнеге. Қиындықтарға қарсы тұрып, зымыран уақытпен санаспай жұмыс жасап, болашақтың тыныштықта өмір сүруін, сәбилердің ұйқысының бұзылмауын, халқының бейбіт күнін тілеген ардагер аталарымызға әрқашан да басымызды иеміз.
2- жүргізуші: («Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» бейнефильмі көрсетіледі)
Ұлы Отан соғысы «Ежелден Ерімен даңқы шыққан» қазақ халқының қаһармандығын күллі әлемге кеңінен паш етті. Сұрапыл соғыста Бауыржан Момышұлындай даңқты қолбасшы, Талғат Бигелдиновтей қыран ұшқыш, Рейхстагқа ту тіккен қазақ қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев, Нүркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаров, Жәлел Қизатовтай ержүрек жауынгерлер, Әлия мен Мәншүктей батыр қыздар, намысын жауға бермеген ер халықтың даңқын асырды. Ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иіп, 1 минут еске алайық.
1 минут үнсіздік
Жауды жеңіп табанға сап, Жермен-жексен еткен ерім. Қуан,қуан, күллі қазақШын жеңіске жеткен елім!
1- жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
«Катюша» «Балдәурен» вокалды топ (хабарлаусыз)
1-жүргізуші:
Салқыны сан жылдарға созылған сол бір сұрапыл соғыстың жаңғырығы – мәңгі жадымызда. От кешіп, оққа кеудесін тосқан сол сарбаздардың ерліктері – бүгінгі бейбіт күннің кепіліндей.Қанша жылдар өтседе,  бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары  мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз.  
2-жүргізуші:
Қазір Республикамыздың дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы - тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаевтың үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз!
1-жүргізуші:
Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілігі бар елміз.
2-жүргізуші:
Ынтымағы мен бірлігін жарастырған, сан түрлі ұлт пен ұлыстың басын бір арнаға тоғыстырған, Қазақ елін күллі әлемге паш етіп жүрген Тұңғыш Президентіміз бар елміз, Мәңгілік ел – Қазақ еліміз.
Бейнесюжет
Хор «Нұрлы жолмен жасай бер, Қазақстан!» «Балдәурен» вокалды тобы.
1-жүргізуші:Нық басайық анығырақ табанды, Тең ұстайық,ширақ аттап қадамды. Кетер есе, құрыш білек жауынгер, Рухты бол жеңілмейтін табанды!
2-жүргізуші:
«Жеңіс» сөзі бүкіл елге жан берген,1-жүргізуші:
«Жеңіс»сөзі өзгелерге үн берген.
2-жүргізуші: 
«Жеңіс» сөзі жауынгерге күш берген,
1-жүргізуші:«Жеңіс» сөзі болашаққа үн берген.
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
2-жүргізуші:
Бейбітшілік жасасын!
Хабарлаусыз «Көркемдік-эстетикалық балалар орталығының» мұғалімдерінен құралған «Домбыра-дастан» ұлт аспаптар ансамблінің орындауында соғыс әндерінен попурри қабыл алыңыздар, көркемдік жетекшісі Бексұлтан Серік Әлтайұлы.
1-жүргізуші:
Осымен «Ұмытылмас ерлік – өшпес даңқ!» атты Ұлы Жеңіс күніне арналған патриоттық кешіміз өз мәресіне жетті. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы мәңгі болғай! Қош сау болыңыздар.
Барлықтарыңызды суретке түсу рәсіміне шақырамыз.



Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, Халыққа Білім беру ісінің үздік қызметкері Кемалов Жиеней

«Нұр Отан» қалалық партиясының маслихат депутаты, «Береке» БПҰ-ның төрағасы Ибраев Нұрболат Балтабайұлы мерекелік құттықтау сөзінде