?дебиеттік о?у ашы? саба? ?азына к?терген бала
Сабақтың тақырыбы: Қазына көтерген бала
Білімділік мақсаты: Оқушыларды Қ.Сәтбаевтың өмірі жайлы
әңгімемен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: Қ.Сәтбаев есімімен байланысты кен
орындарын білгізу,оқушыларды
ізденуге,ойлауға жетелеу,көркем іскерлігін
арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Туған ел байлықтарын қорғауға үйрету,ұлы
адамдар өмірін үлгі ету.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап,ой туғызу.
Көрнекілігі: Энциклопедиялар,слайд.
Жоспары: 1. Топтарды таныстыру
2. Мәтінмен таныстыру
3. Сұрақтарға жауап алу
4.Топтарға мәтін бойынша тапсырмалар беру
5. Сергіту сәті
6. Қосымша кітаптармен жұмыс
7. Қосымша деректер
8. Қортындылау.Бағалау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Топтарды таныстыру. І-топ. Әдебиет орталығы
ІІ-топ. Дүниетану орталығы
ІІІ-топ. Өнер орталығы
Әр топ бір-біріне тілек айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,бағалау.
1.Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?
2.Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың?
3.Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп айт?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
1.Балалар қазына днгенді қалай түсінесіңдер?
2.Қазынаның қандай түрін білеміз?
3.Біздің жерімізде қандай қазына түрі өндіріледі?
4.Кенді алғаш ашқан адам кім? 1- слайд
2.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқу.
Мәтін кім туралы? Слайд
3.Мәтінмен жұмыс
Сұрақтарға әр топ кезектесе жауап береді. 2-слайд
1.Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады?
2.Қапшықтың ішінен не шықты?
3.Қаныш қандай сурет салған екен?
4.Оның әр нәрсені білуге ынтызар бала болғанын неден аңғаруға болады?
5.Әңгімеден Қаныштың бойындағы қандай қасиеттерін байқадыңдар?
6.Қаныш туралы ұстазы не дедеі?
7.Қаныш тастарды неге әкелді деп ойлайсыңдар?
4.Топтармен жұмыс.Ой толғаныс.
Топтарға жеке тапсырмалар беріледі. 3-слайд
1.Қаныш деп отырған бала кім?
2.Қаныштың бойында қандай өнері болған?
3.Мәтіннен дүниетануға байланысты деректерді табу.
Сергіту сәті. 4-слайд
Қосымша әдебиетпен жұмыс. 5-слайд
Әдебиет орталығы: Қаныштың өмірбаянын әңгімелеу.
Дүниетану орталығы: Қаныштың еңбектері туралы тауып оқу.
Өнер орталығы: Мәтінде ұстаздың көз алдына елестеген көрністі
бейнелеу.
Қосымша деректер:
Қ.Сәтбаевтың туылғанына 100 жыл толуына орай шығарылған монета.
Қ.Сәтбаев атындағы ғаламшар.
Қ.Сәтбаев атындағы канал.
Ақсу қаласындағы ескерткіш мүсін.
IV. Қортындылау.
Білемін Білдім Білгім келеді
Бағалау
V. Үй тапсырмасы.Мәтінді мазмұндау ,жоспар құру.