Информатика п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары Терезелер (5 сынып)
10 Информатика 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Терезелер
Жалпы мақсат: Тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
Жаңа тақырып туралы түсініктер қалыптастыру, тақырып жүйесін түсніу
Сабақтың мақсаттары Windows ОЖ-ның негізгі нысаны-тереземен,құрылымдық эле-менттерімен оқушыларды таныстыру,қызметімен,жұмыс аймағында басқару элементтері-мен таныстыру.
Күтілентін нәтижесі: Windows ОЖ-ның құрылымын, диалогтық (сұхбат) терезесінің элементтері мен тағайындалуын,терезені басқару (жабу,орын алмастырып,өлшемдерін өз-гертіп,ашылған терезе арасында ауыстырып қосу) пернетақта батырмасының көмегімен, қалып-күй жолындағы ақпаратты оқып,терезені күйге келтіру.
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, маркер
АКТ
Карточкалар
Оқыту әдістері: Миға шабуыл
Фишбон әдісі
Постер қорғау Стикердегі диалог Жұптық жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Сабақ құрылымы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Білімді өзектендіру
IV Мағынаны ашу
V.Сергіту сәті
VІ Жаңа сабақты түсіндіру
VІІ Фишбон әдісі бойынша тақырыпты қорытындылау
VІІІ Рефлексия
IX Бағалау
X Үй тапсырмасы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Шаттық шеңберін жасай отырып, олардың көңілін сабаққа бұру Шаттық шеңберін құрып, мұғалім нұсқауын орындайды
ІI.Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл» әдісі
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
§9 бойынша тест тапсырмасы Мұғалім берген тапсырманы орындау, тестқа жауап беру
ІІІ Білімді өзектендіру
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сұрақтар:
Біз қандай ОЖ-мен жұмыс істейміз?
Неге олай аталады?
Бүгінгі сабақта терезе құрылымын,терезелердің қандай болатынын,олармен қалай жұмыс істеу керектігін үйренеміз. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу
Жұппен жұмыс жасай отырып, сабақ мақсатын ашуға көмектесу
IV.Мағынаны ашу: «Терезелер» туралы жаңа тақырыпқа байланысты постер әдісін пайдалану
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Әр оқушы жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау
Терезе дегеніміз не?
Терезенің қандай қасиеттерін білесіңдер?
Осы аталған тақырып көлемінде білгендерін постерге түсіріп, әр оқушы қорғайды.
V.Сергіту сәті: (1 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау Берілген тапсырманы орындау
VI. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Экраннан терезе,қапшық құрылымы сипаттамасын көрсетіп түсіндіреді Терезе элементтері ,атауы және қызметі туралы бұрыннан таныс болуы мүмкін. «Терезелермен жұмыс» бөлімін оқумен қатар компьютерде жұмыс орындалады.Әр жұмысты мұғалім оқушылармен бірге жасайды.Оқушылар терезе,қапшық мүмкіншіліктерін оқиды
VІІ Фишбон әдісі бойынша тақырыпты қорытындылау
VIII.Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі
IX.Бағалау: Өзін-өзі бағалау
Бағдаршам, бағалау парақшалары
X.Үй тапсырмасы: Оқулық бойынша тапсырма