Ньютонны? екінші за?ы. Масса 
Сабақтың тақырыбы: 
Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:    Оқушыларға механикалық күштер туралы, олардың формуласын, бағытын түсіндіру, сонымен қатар, динамиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау, масса ұғымының физикалық мағынасын ашу; 
Дамытушылық:жүйелі түрде ойлауға, ізденуге, өз ойын ашық түрде айта білуге үйрету; білімге деген құштарлығын ояту 
Тәрбиелік:   мұқияттылыққа, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға, өздерін еркін ұстауға                         тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:жаңа сабақты игерту, бекіту 
Қолданылатын әдістер:оқулықпен жұмыс, кестемен жұмыс, есептер шығару, топтастыру стратегиясы 
Көрнекіліктер:кесте, физикалық диктант, слайдта көрсетілетін деңгейлік есептер 
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақ барысы: 
Ұйымдастыру  
амандасу, түгендеу, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру 
Үй жұмысын тексеру 
үйге берілген тапсырманы сабақ барысында тексеру   
3.  Жаңа білімді игерту 
А) топтастыру стратегиясы 
Анықтамасы 
Қандай шама 
Күш 
         Белгіленуі Өлшем бірлігі 
түрлері
өлшейтін құрал 
Жауаптары: 
Анықтамасы:  Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әркеттің өлшемі болып табылатын физикалық шама. 
Күш – векторлық шама
Өлшем бірлігі: Ньютон
Өлшейтін құрал: динамометр
Белгіленуі:F
Түрлері: Ауырлық күші, үйкеліс күші, серпімділік күші, тіректің реакция күші 
Ә) кестемен жұмыс (оқулықпен жұмыс) 
Р/с Күштің түрлері Белгіленуі Формуласы Анықтамасы Бағыты
1 Ауырлық күші  2 Серпімділік күші  3 Үйкеліс күші  4 Тіректің реакция күші 5 Теңәрекетті күш  Ньютонның екінші заңы. Масса
Күштің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп аталады.
Масса – дененің инерттілігінің өлшемі
Ньютонның екінші заңы: денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал. 
a=FmНьютонның екінші заңының формуласын 
F=amБұл теңдеу динамиканың негізгі заңы деп аталады.Бұдан теңәрекетті күш үдеудің шамасы мен бағытын анықтайтыны шығады.
Ньютонның ІІ заңының негізінде күш бірлігі енгізіледі. 
Күш бірлігіне массасы 1 кг дене 1 м/с2 үдеу тудыратынын күш алынған. Си жүйесіндегі күш бірлігі Ньютон (Н) деп аталады. Сонымен, 
1Н= 1 кг*м/с2
4. Білімді бекіту 
(слайдта көрсетілген тапсырмалар) 
1 слайд
ДИНАМИКА НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ?
Күш әрекетінен массасы 1 кг дене 10 м/с2 үдеу алады. Осы күш массасы 0,5 кг денеге қандай үдеу береді?
2 слайд
ИНЕРЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ 
Ұшақтың массасы 60 т қозғалтқыштыңтарту күші 90 кН болса, ол ұшар алдындағы жолда қандай үдеу алады?
3 слайд     
           НЬЮТОННЫҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ 
Массасы 0,2 кг тыныштықта тұрған денеге 5 с бойы 0,1 Н күш әрекет етеді. Осы дене қандай жылдамдық алады және сол уақыт ішінде қандай жол жүреді?
4 слайд 
ИНЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС САНАҚ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
2 Н күш әрекет еткен кезде 4 см ұзарған серіппенің қатаңдығын тап. 
5 слайд
КҮШ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Массасы 2 кг дене жоғарыдан 9,8 м/с2 тұрақты үдеумен Жерге түседі. Денеге әсер етуші күші неге тең?
6 слайд 
НЬЮТОННЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫ 
Массасы 5 кг денеге әрекет ететін қорытқы күш 10 Н. Дененің үдеуі неге тең?
5.Үйге тапсырма 
1. § 11,12;   10 жаттығу 
2. Күш туралы мақал-мәтелдер
6. Қорытындылау, бағалау 
          А)  «Алты қалпақ» әдісі 
          Ә)  Бағалау