Урок по фитнесу для второй младшей группы в детском саду


Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы.
Екінші кіші тобы
Бөлімі: денсаулық – фитнес.
Тақырыбы: Фитбол.
Мақсаты: жүрек-қан тамырлары жүйесі жетілдіру, функционалдық мүмкіндіктері қалыптастыру, арқа омыртқасын дамыту, жылдамдық-күш сапасын тәрбиелеу; балалардың қозғалу қызметін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, фитболдармен жұмыс істеуді әрі қарай жетілдіру.
Ойын: «Жылқылар мен қасқыр», «Гүл».

Іс-әркет мақсаты Сабақтың мазмұны Спортнұсқаушының іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті уақыты
Дәлелдеп-талаптану Әуенмен келесі іс –қимылдр жасалады.
Жай жүріс, жан-жаққа бұрылып жүру,белгі бойынша секіру, аяқтың ұшымен, өкшемен.
Фитболдармен секіру, кедергіні айнала отырып секіру. Спорт залына балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау. Бір тізбек жасап кіреді, бір қатарға тұрады, амандасады, мұғалім айтқан тақырыпты тыңдайды,мұғалімнің есебін айтқызбай орындау, жаттығуларды жасау. 3 мин
Ұйымдастырушылық ізденісБалалар доптың үстіне жатып:
1 — қолдарын бүгеді.
2 - қолдарын түзетеді.
3 - допта жатып аяқ пен қолды бір сәтте көтеру. Тепе-теңдікті сақтау.
«Бақа» жаттығуы:
қ.ж. — доптың үстіне ішпен жату,қол жерге тиіп тұрады, аяқ иық көлемінде, қолды аяқты жерден алмай секіру, ішпен допты басып (бақа сияқты).
«Қолтырауын» жаттығуы:
қ.ж.— доптың үстіне ішпен жату,қол жерге тиіп тұрады, 2-3 қадам алдыға жасау, сосын артқа. Қозғалмалы ойын:
«Жылқылар мен қасқыр».
Жылқылар доптардың үстіне секіреді. Қасқыр үйшіктің ішінде отырады. «Қасқыр» деген белгі бойынша жылқылар доптардың артына тығылады да, қозғалмай тұрады. Қозғалған жылқыны қасқыр өз үйіне алып кетеді. Жаттығуларды балаларға көрсету. Балалармен бірге жасау. Балаларға бақа және қолтырауын болуды ұсыну.
Балаларға ойын шартын түсіндіреді. Жаттығулар жасайды.
Қолдарын бүгеді, түзетеді.Доппен жұмыс жасайды. 15 мин
Рефлекстік түзету «Гүл» ойыны:
Балалар допты аяқпен және қолмен құшақтап отырады. Жеіңл ән орындалған кезде гүл ашылады:
1 — балалар арқаларына жатып, қолдарын ашады.
2 — отырады, доты құшақтайды.
А. ЛагутенкоБалаларға ойын шартын түсіндіреді. Балалар ойынды шарт бойынша ойнайды. 2 мин
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Спортнұсқаушының тапсырмаларын ұғынып жасауға тырысады.
Түсінеді: Тапсырмаларды түсінеді.
Қолданады: Доппен жұмыс жасауды бекіту.