Открытый урок The funniest man in Kazakhstan.
ОҚО,Созақ ауданы, «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жүнісбекова Динара Қалымбекқызы
Пәні: Ағылшын тілі
Сыныбы: 9 «А»
Сабақтың тақырыбы: Extra reading. The funniest man in Kazakhstan.
Жалпы мақсаты: Сабақта оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, өздігінен жұмыс жасауға үйрету, тұлғаны тануда зерттеу әрекеттеріне баулу және сөздікпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
Сілтеме: Интернет материалдары мен оқулықтағы тапсырмалар
Оқу нәтижесі: Ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын, оқушыларды сыныпта ынтымақтастық орната отырып, жұптық жұмыс арқылы диалог орнату мен өзара әрекетінде еркін диалог жасайды. Мәтінде сөздікпен аударуды меңгереді. Мәтін бойынша ауызша түсінік айтып, грамматикалық талдаулар жасайды.
Негізгі идея: Қазақ өнерінің цирк жанры бойынша танымал тұлғасы Мұрат Мұтырғановты таныту
Сабақта қолданылатын материалдар: Слайд, постер, маркерлер мен стикерлер
Оқыту әдістері: Оқытудың жаңа тәсілдері: сұрақ-жауап, АКТ
Сыни тұрғысынан ойлау: ой толғау, ой шақыру
Оқытудың түрлері: Жұптық, топтық, өзіндік жұмыс. Дарынды және үлгермеуші оқушыларды сабаққа тарту.
Дерек көздері: Берілген мәтін, мәтінді түсініп оқу мен аудару.
Тапсырмалар: Кейіпкер туралы материалдар жинау, аударма жұмыстары үшін сөздік пайдалану.
Сабақ кезеңдері уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Ресурстар
І.Кіріспе
Психологиялық ахуал
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру арқылы балаларды бүгінгі сабаққа даярлау
4 м Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу
2.Бір-бірлеріңе қандай тілек айтар едіңдер деп тілек айтуға бағыттау арқылы оқушылардың көңіл күйлерін көтеріп оқушыларды сабаққа бағыттау
«Сәттілік» тренингін жүргізу Оқушылар бір-бірлеріне сәттілік тілеп, өздерінің жылы лебіздерін білдіреді.
Стикерлер
Топқа бөлу, топ ережесін құру
3 м Қалпақшалар дайындап, сол арқылы топқа бөлуді ұйымдастырамын. Оқушылар қызыл және көк қалпақшалар арқылы топқа бөлінеді. Түрлі-түсті қалпақшалар
Көпірше менің білетінім 3 м Кеспе қағаздар таратып, өткен сабақтарға шолу жасатамын.
Грамматикалық тапсырмалар:
1.Complete the
sentence with the comparative or superlative form of the adjectives:
I heard about your
exam results.
You must be the_____
person intheworldright now(happy)
2.Complete thesentence. Use the Past Continiuos form of theverbs:
What ______(you/do)
when I sawyouyesterday.
3.Match adjectives
with their opposites:
bad –
cheap –
difficult –
noisy –
slow –
ugly –
boring –
old –
4.Complete thesentence with yet or already:
I haven’t finished mу
homework.
Complete thesentence with yet or already:
We’ve _____ read that magazine. Оқушылар өткен грамматикалық тақырыптар бойынша білетіндерін таратпа қағазға түсіріп шығады. Жеке-жеке қорғайды. Кеспе қағаздар
Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту 3 м АКТ-дан цирк өнері туралы бейнеролик көрсетемін.
Оқушылар цирк өнері туралы мағлұмат алады. Бейне ролик
Тұлғаны тану 3 м Экраннан Мұрат Мұтырғанов туралы мәтін көрсетемін.
Оқушылар сол мәтінмен жұмыс жасайды.
Слайд
«Маған керек» түртіп алу 2 м Мәтін бойынша жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртамын.
Clown –
Laugh –
Performing –
Audience –
Circus –
Home-schooled –
Allow –
Impossible –
Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады. Слайд, сөздік дәптер
Топтық жұмыс 5 м Оқулықпен жұмыс ұйымдастырамын. Оқушылар өз тобында мәтінді оқып, талқылайды. Оқулық
Жұптық жұмыс 2 м Мәтін бойынша диалог ұйымдастыруды тапсырамын. Жұптық жұмыс арқылы оқушылар мәтін барысында диалог ұйымдастырады. Оқулық пен а4 қағаз
Жеке жұмыс
«Тізбекті моншақ» әдісі 2 м Оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылаймын. Оқушылардың мәтіннен түсінгенін тізбектеле отырып, кезекпен айтады. Бекіту.
Постер «Мұтырғанов өнерде, өмірде»
7 м
Арнайы плакат, маркер дайындаймын.
Оқушылар өткен мәтін бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында постер жасайды. Плакат, маркер және т.б.
Цирк өнері
Эссе жазу
5 м Эссе туралы түсіндіремін. Оқушылар «Цирк өнері» тақырыбында эссе жазады.
Рефлексия 2 м Смайликтер дайындаймын. Оқушылардан сабақтан алған әсері туралы сұраймын. Оқушылар сабақтан алған әсерлері н смайлик арқылы білдіреді.
Смайликтер
Бағалау 3 м «Блоб ағашы» әдісімен бағалаймын. Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу дәрежесін ағашқа белгілеу арқылы өзін-өзі бағалайды.
Таратпа қағаздар
Үй тапсырмасы 1 м Мәтін бойынша шығарма жазу